1. Синхронды оқыту дегеніміз не?



бет54/58
Дата04.10.2022
өлшемі1,35 Mb.
#151692
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Ббцт емтихан жауаптары

Оқыту құралдарыкейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.

  1. Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.

  2. Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.

  3. Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.

  4. Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тренажерлар.

Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады.
Оқыту құралдарын жасау қолданудағы негізгі мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру дедік. Сондықтан да оларды осы мақсатта пайдалану барысында басқаша да топтастыруға болады. Олар үш топқа бөлінеді.

  • Сабақ түсіндіру барысында ақпарат беру;

  • Оқушылардың өзідік жұмысын ұйымдастыру;

  • Сабақ барысын тексеру және басқару;

Оқыту құралдары - адамның табиғи тұрғыдан ойлап тауып, білім берудің алға қойылған мақсаттарына жету ұшін және оқушыларды оқытып-тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушылардың қызмет құралы мен оқу информациясы ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданылатын материалдық объектілері мен табиғаттың табиғи заттары.
Мысалы, жаңа информациялық технология құралдарының кеңінен қолданылуы - дәстұрлі сабақтың аясында тұрып қалмай, оқушылардың өзіндік қызметінің тұрлі формаларын (жеке, топтық) жан-жақты қарастыратын зерттеу, жобалау және проблемалық әдістерді тәжірибе жұзінде кеңінен қолдануға міндетті тұрде алып келеді.
Заттарды және объективтік шындықтың құбылыстарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдары тестік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жұмысқа арналған нұскауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды.
Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу процесі барысындағы хабарларды тарату кұралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т.б.
Техникалық құралдар тобына сонымен қатар тұрлі проекциялық және дыбыстық аппаратуралар (кинопроекторлар, диапроекторлар, графапроекторлар, магнитофондар, бейнемагнитофондар); тренажерлар, әмбебап техникалық құралдар, лингафондық кұралдар, электрондық есептеу техникасы жатады.
Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтерінің әр-тұрлі болып келетіндігіне қарамастан, олар ортақ қызметтер атқарады. Атап айтқанда:
- оқушылар қабылдаған хабарларды ұғынып тұсінуді, тұсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;
- хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де аткара береді;
- орнын толтырушылық қызмет оқу процесін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық, уақыт жұмсамай жетуге бағытталған;
- бейімделушілік қызмет оқу процесіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;
- интеративтік қызмет белгілі бір объектіні немесе кұбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мұмкіндік береді. Бұл қызмет (функция) оқу құралдарын комплексті тұрде қолдану мен жаңа информациялық технологияның құралдарын қолдану арқылы жұзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет