1) Сынып сағаты 1 сынып
Сынып жетекшісі: Байбосинова Фарида Бакытовна
Тақырыбы: Наурыз- жыл басы
Мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Көрнекілік: нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар,магнитофон,шарлар,гүлдер;
Жүргізушілер:
Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған.
Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.
Оқушы: «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз
Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.
Ән: “Наурыз” Орындайтын: Бисенғалиева Ж.
Оқушы: Наурыз неге жыл басы?
Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр көктем, маусым, шілде, тамыз жаз, қыркүйек, қазан, қараша күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Көктем наурыздың 22-інен, жаз маусымның 22-інен, күз қыркүйектің 23-інен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді.
Оқушы: Наурызды кім қалай тойлаған?
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:
Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.
Ескі киімдерін тастаған.
Ескірген шыны аяқты сындырған.
Бір-біріне гүл сыйлаған.
Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.
Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.
Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.
Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
«Нау» биі
Оқушы: Наурыз атаулары, Наурыз көже
Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы
Сондай- ақ, Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне тілек білдірген. Ал бата ырыс – бақтың символы. (бата оқылады, тілек білдіріледі).
Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын соңынан!
Бақ берсін, Қыдырдарысын!
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
2) Наурыз мейрамы
Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
1 – жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
2 – жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 – жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 – жүргізуші: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ән: «Наурыз»
1 – жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
2 – жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.
1 – жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың орындауында би: «_______ »
Мұғалімнің құттықтау сөзі.
2 – жүргізуші : «Самалық» әні, дәстүрін көрсету.
Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Самалық, самалық,
Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.
Самалық, самалық,
Сүт көп, көмір аз,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке,-
деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.
1 – жүргізуші: Құрметті халайық!
Біздің өткен жылан жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма?
Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.
2 – жүргізуші: Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа – аманат» дегендей жылан жылын шығарып салайық.
/Жылан жылы келеді/
1 – жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет жылан жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?
Жылан жылы:
- Мен де халқыма дән ризамын!
Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Жылқы жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығысайық! Көріскенше күн жақсы, халайық!
2 – жүргізуші: Жылқы жылының құрметіне «Наурыз биін» қабыл алыңыздар.
Ән: «Сенің анаң алтын»
1 – жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл – жылқы жылын ортаға шақырайық
/Сахнаға жүгіріп Жылқы шығады/
2 – жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Жылқы.жылы
Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!
1 – жүргізуші:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
2 – жүргізуші :
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
● Ән: «Наурыз»
1 – жүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді карта?
Сыған қызы: /картасын жайып жіберіп/
Жол ашық. Жайлы жыл болатын түрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.
2 – жүргізуші: Ал енді «Аязды күндер» тамашасын қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!
2 – жүргізуші: Қымбатты іні-қарындастар!
1 – жүргізуші: Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!
2 – жүргізуші Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен әрүстелден бір кісіден ортаға шығып, мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.
1 – жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі тілегімен бірге
Алас, алас
Алас, алас
Әр бәледен қалас
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті.
Айдан аман
Жылдан есен болайық!
2 – жүргізуші: Аластау рәсімін бастаймыз. /аластау/
- Жаңа күн, Наурызымыз келдің бе?
- Көктем боп Наурызымыз келдің бе?
- Бүрлеген қайынды көрдің бе?
- Күлкісін сәбидің көрдің бе?
- Құс қанатын сабылтып келдің бе?
- Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?
● Ән: «Шілдехана»
1 – жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Наурыз той, ұлыстың ұлы күні, мейрамы
3) Тәрбие сағатының тақырыбы: Қош келдің-әз Наурыз!!!
Қыз: Құрметті ата-аналар,мұғалімдер,оқушылар!Бүгінгі 5«б» сыныбының «Қош келдің-әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
1.Би орындалады:
Ұл:
Ассалаумағалейкум барша халық,
Қартқа құрмет,сыйлайық жасқа шабыт
Салты солай Наурыздың.....
Ей,адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық.
Қыз:
Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,
Дүбірлесін думаннан дала күллі.
Салты солай Наурыздың...
Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды.
Ұл:
Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,
Сол ізгі елдің Ұрпағы мына біздер.
Салты солай Наурыздың...
Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер.
Қыз:
Тілейді олар:
- Болсын-деп, ырыс жылы!
Жер бетінің болсын деп тыныштығы
Салты солай Наурыздың...
Ей,адамдар, тым болмаса
Ұлы бол, Ұлыс күні!
Ұл:
Құрметті қонақтар,балалар,
Көктемнің тамаша мерекесі,
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын
Әр шаңыраққа береке, бірлік,
мәртебе келсін.
Қыз:
Наурыздың аппақ қарындай, ақ киімшегі ананың аппақ арындай әжеміз өзінің немерелерімен келеді. Қош келіпсіз, әже!
Қасына 7 немересін ерткен әже кіреді. Табақшаларында Наурыз көже, шашу, дән, су, ақ (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән және жеміс-жидек) және қызылдан (ет тағамы) 7 түрлі тағамы бар табақша. Балалар ыдыстарын әдейі дайындалған дөңгелек үстелге қояды. Қыздар иіліп ұлдар қолдарын кеуделеріне қойып сәлем етеді.
Әже:
Уа халайық, бүгінгі мейрамға жыйналып қалыпсыңдар ғой. Ал, мейрамдарың құтты болсын. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бақыт, табыс, құт береке, қуаныш әкелсін. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» - Мен 7 күлше әкелдім. Алыңдар ауыс тиіңдер! - деп әжесі отырады
Ұл:
Келді Наурыз теңіздей шаттығымен,
Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.
Құтты дәмі,береке байлығымен,
Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.
Қыз:
Көктем ана жазылып алақаны,
Бусанғандай бүгін бір дала таңы,
Нәркес көзін төңкеріп ару қыздай,
Наурызым тұр аймалап Сарыарқаны.
Ұл:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй,
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,демекші ән:Наурызым орындайтын:М.Айдана
Тазша:
Туа сала атандым Тазша бала,
Мендей аңқау болмас ау басқа бала.
Наурыз тойы басталды дегенді естіп,
Көк есекпен желдірттім жас та бола.
Алдар:
Мен Алдармын,алдаймын,
Сайтанды да арбаймын
Сараңдарға қаттымын,
Мырзаларға балдаймын.
Ұл:
Алдар ата,Ұлыстың ұлы күні сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз.Төрге озып қонақ болыңыздар.
Алдар: Иә, балам, біз ойын-ойнап, той-тойлаумен бірге балаларға ескіден қалған есті сөздерді нәсихаттап жүрміз. Білгенге маржан деген емеспе?
Қыз:
Олай болса, ата тіпті жақсы, білгенімізді бекітейік, білмесек үйренейік, ашыңыз сыр сандығыңыздың аузын!
Алдар:
1. Дүниеде жеті тойымсыз бар дейді, соны балалар білеме екен?
Жауап: Көз көруге, құлақ естуге, жер жауынға, жол тұйыққа, дария суға, аспан буға, пеш отынға тоймайды.
2. Жеті жұртқа не жатады?
Жауап: Иә, жұрт жеті ағайынды дейді. Олар: Жұрт, қуаншылық, індет, өрт, соғыс, сел, жер сілкіну.
3.Бәрекелді балаларым. Соңғы сұрақ. Жеті қазынаға не жатады?
Жауап: Ақыл-ой, денсаулық, ақ-жаулық, бала, көңіл, жер және ит.
Тазша бала:
Атасы, біз балаларды сынаймыз десек олар Алдар атанған, Сіз бен суайт атанған менің аузымды аштырар түрі көрінбейді, одан да осылардың өнерін тамашалайық, ойын-ойнайық.
Тазша:
Мен қазақтың ұлттық ойыны «Бүркітті» ойнауға шақырамын. Бұл ойында икемді, оралымды бала жеңіске жетеді. Себебі жүресінен отырып, екі қолын қанатша жайып, еңкейіп жердегі тақияны ауызымен іліп алу екінің бірі орындар оңай әрекет емес.
Қыз:
Ал енді айтыс өнерінің үлгісін көпшілік назарына ұсынайық.
Айтыскерлерді ортаға шақырайық. Айтыскерлер: О.Айдана, Т.Ертай
Қыз:
Жер көгеріп шөп қаулап,мейірін бір қандырар,
Күлге тосып арқасын жан-жануар албырар.
Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар,
Келе сала наурызым өмір заңын жар қылар.
Ұл:
Келген кезде Наурызым жапан біткен жаңғырар
Тұман орап тау басын, аспан үрпі салбырар.
Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,
Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар.
Ертай:
Ал енді бойды сергітер Жаяу тартыс ұлттық ойыны .Бұл ойынға бойы жағынан шамалас екі ойыншы қатысады.Екеуі бір біріне арқасын беріп түзу сызықтың екі жағына тұрады.Екі ұшын байлаған арқанды түйінінен ортасына келтіріп екі ойыншы да иық арқылы қолтықтың астынан өткізіп алады.
Бір,екі,үш...
«Үш» дегенде екі ойыншы да арқанды өз жағына тартады.Қарсыласын сызықтан асырғанша тартқан ойыншы жеңеді.
Ұл:
Наурыз тойға жиналған,халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.
Қыз:
Келді Наурыз бұла күш тасқынымен,
Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.
Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
Ұл:
Келді Наурыз даладай кеңдігімен,
Көк байрағы желбіреп желді күнмен.
Тәуелсіздік ұранын аспандатқан
Айналамын,Теңдігім,Елдігімнен.
Қыз:
Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,
Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.
Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз
Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.
Ұл:
Ау,жараңдар,жараңдар!
Қызыққа мына қараңдар!
Ұлыс күні жаңаша,
Болыпты бір тамаша.
Қыз:
Түк татырмас Шығайбай,
Тек Алдардан ығар бай.
Мырза болып көл-көсір,
Өнерді бір шығарды-ай.
Ұл:
Оңға да,солға да шашылды,төгілді.
Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілді.
Бұрынғы өмірмен шорт кесіп құйрықты,
Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді.
Қыз:
Бұрынғы әдетпен,
Алдауға,сынауға.
Бермесе байғұстың,
Өңешін бұрауға,
Алдар да кеп жетті.
Ұл:
Ал,енді қараса,
Бұл неткен тамаша!
Шық бермес Шығайбай,
Бәйбіше,қызымен,
Қарсы алды таласа.
Алдар: Уай, кім бар екен! Құдайы қонақпыз!
Шығайбай: Қош келдің, Қош келдің қонағым!
Алдар: Ассалаумалейкум, байеке!
Шығайбай: Уалейкумассалам! (Екеуі амандасады)
Алдар: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, байеке!
Шығайбай: Болсын, болсын, бірге болсын! Әй, бәйбіше ,Алдекең келді, Құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңдар!
Бәйбіше: Е, өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары шық, қарағым, төрлет. Бізбикежан, қонақ келді. Көрпе төсе, сусын әкел! (көрпе төсейді, екеуі отырады)
Шығайбаймен Алдар екеуі жөн сұрасып отырады.
(Бізбике айран әкеліп,қонақтарға ұсынады.)
Шығайбай: Өзіңнің әзіліңді сағындым, бір нәрсе айтып, көңілімізді бір селпіртіп тасташаңшы.
Алдар: Не жайлы айтсам екен?(Айранға қарап) Өкпелеп қалмайсың ба?
Шығайбай: О, не дегенің?! Ұлыс күні өкпе наз бола ма?
Алдар: Ендеше мына айран туралы болсын.
Мынау тұрған айран,
Кез болдың маған қайдан?
Бәйбішеге жолығып,
Айрылыпсың-ау майдан.
Қанша сенің,айран,
Коммерческий бағаң?
Шөліркеп отыр ағаң,
Е,қайран айран?
Шығайбай: Өй, Алдеке тілің әлі өткір ғой, шіркін! Түк өзгермепсің, ә!
Бәйбіше асты тездет, қонақтардың қарны ашқан шығар. (Дастарқан жайылып, тағамдар қойылады)
Шығайбай: Дәм алып отырыңыздар.
Бұл уақытта Шығайбайдың үйіне елші келеді.
Елші амандасады.
Әкесі: (Жөн сұрасады) Кім боласың? Нелсің, Наурыз мереке күні менің құтты қонағым болдың. Астан ауыз тиіп, бұйымтайыңды айта отыр.
Елші:
Мен Шығыйбай ұлы жүздің арғын руынан Төретек байдың үлкен ұлы боламын. Менің әкемнің кіші інісі Төребек би туралы естуіңіз бар шығар. Сол Төребек бидің сәлемін сізге ала келдім. Сізде тай құлындай құлпырған, қырдың қызғалтағындай ерке қызыңыз бар. Бізде арыстандай айбарлы ,жолбарыстай қайсарлы батыр ұлымыз бар. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе қыз өссе елдің көркі демекші сол қыздарыңызға құда түсіп сырға салуға келе жатыр. Мен соның хабаршысымын.
Әкесі:
Жә-жә біз деген қонақжай халықпыз, келсе келсін. Алдымен өтуге рұқсат.
( Ұлдың әкесі,шешесі,жеңгесі қыздың үйіне келеді)
Әкесі(ұлдың):
Ассалаумағалейкум!!!
Әкесі(қыздың): Ал енді қадірменді қонақтарым жөн сұрасып, астан дәм алып отырыңыздар
Әкесі(ұлдың):
Уа Шығайбай сізде қыз бар дегендей,бізде ұл бар дегендей. Ата баба салтымен бір-бірімізбен жақын болып туыстық белгісін орнату үшін келіп қалдық.
Осынау ұлыстың ұлы күні, жақсылық негізі ретінде сіздің қызыңызға құда түсе келдік. Сіздерде өсіп өнген жер іздер, біздерде аллаға шүкір жаман атымыз шыққан жоқ. Екі елді қосып,осы екі жастың некесімен бірлігін,достығын нығайтайық. Сіздің қызыңызға, біздің болашақ келісімізге құда сырғасын салып, сәукелесіне үкімізді тағайық, сіздің рұқсатыңызбен.
Әкесі(қыздың):
Жөн-жөн. Жол мақсаты жету, қыз мақсаты кетудемекші, өзі ерке, өзі сұлу кенже қызым еді. Міне олда өсіп өз ұясынан ұшатын жасқа жетті. Рұқсатымды бердім. Сіздермен құдалассам жаман болмаспын.
Жеңге (қыздың):
Ал қадірменді қонақтар көрімдіктеріңді көбірек қылып дайындаңдар. Қызымызды көрсетейік.
(жеңгесі қызды алып келеді)
Анасы (қыздың):
Мынау біздің шашуымыз қабыл алыңдар.
Жеңгесі (ұлдың):
Ал қанекей құда түсудің бір белгісі сырғамызды тағайық (Сырғасын тағады)
Мынау қыздың көрімдігі.
Әкесі (ұлдың):
Ата-баба салтымен құдалығымыздың белгісі төріңізге ілейік.(Үкі мен қамшыны үйінің төріне іледі)
Қыз: Қазақтың ежелден келген салт бойынша үкі мен қамшы-бұл үйдің қызына құда түскен дегенді білдіреді.
Ұл:Тойшашу,тойшашу
Ән:Іңкәр мен Айдана (Шашу)
Қыз: Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар бүгінгі 9 «В» сынып оқушыларының «Қош келдің-әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет!!!
Ұл: Сау болыңыздар!!!
Өлеңдер
1) Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,
Даңқыңды асыр
Ғасырдан ғасыр.
Жер үсті жасарады, жаңғырады.
Бар аймақ аңсай күткен сән құрады.
Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп,
Туған жер төскейінен ән құлады.
Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.
Наурыздың жанға жайлы самалы есіп,
Еліме сыйлап жатыр жаңа несіп.
Дәстүрін жалғастырып бабаладың,
Кеңейді жан сарайы, сана өсіп.
Көксеген қасиетті іңкәларын,
Ардақтап асқақ ұстап жұрт арманын,
Ұлтымның қанға сіңген мұңын емдеп,
Наурыз деп байтақ елде шырқалды әнім.
Кең жайып қазақы үйдің керегесін,
Көрсетіп қадір-қасиет негесін,
Мерейі қазағмның өсе берсін,
Көгертіп мәңгі бақи көсегесін.
Наурызда жарқылдаған жасын от бар,
Адамдар құлай сүйген қасиет бар.
Ұлтымның дәстүрсалтын жарқыратқан
Жырында жүрек тербер өсиет бар.
Тасты еміп, қайнап жатқан бұлағы бал,
наурыздың құшағында шуағы бар.
Сән беріп шаттығым ақ шұғыла,
Мерейін елдің асқақ куә қылар.
Гүлге орап, жасандырып жусан белін,
Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамның құтты болсын, туған елім
НАУРЫЗ
2) Ұлтым қазақ дәстүрім бұл Наурыз
Қазағым мен жасасып келе жатыр
Қарсы алыңдар қазағым халқым менің
Улыстың ұлы күні бұл Науырыз.
Жылдық кезең бөлінген, төрт маусымға жіктелген
Әр бір үш ай бірігіп бір маусымғы тіркелген
Әр маусымға арналған түсі де бар өңіде
Көктем -жасыл, жазы- көк, күзі- сары, қысы- ақ.
Қылышын қыста салды қынабына
Теректер сырғы тақты құлағына
Көктем келіп қар еріп бұл маусымда
Дала біткен айналар күн шуағынa.
Күз келгенде көрсетер, жапырақ біткен бір түсер
Көктем келіп бүр жарар жер бетіне гүл шашар
Қазағымның салтына беpекесін бұл ашар
Алланың да көрсеткен мұғжизасы бұл болар.
Берекемен ішіліп, бір біріне бақ тілеп
Молшылық пен ақ тілек, ақтарылар күні бұл
Халқымызға жарасып бақ пен дәүлет зор болсын
Ұлы қазақ ұлтына құт келетін күні бұл.
Қазағымның ырыс күні келген де
Халқым менің қуанышты жүрген де
Мендегі өлең тау суындай тасыйды
Қазағымның шаттық жүзін көрген де
Ғасырдан жеткен ғасырға
Ұлтымның ұлы дастаны
Жасай берсін мәнгілік
Ғасырдан өткен ғасырғa.
Ұлыс күні
3) Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!
Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торабы...
Жылғалардан су аққанда сырғанап,
Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.
Толтырады шаңырақтың шаттығын –
Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!
Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»
Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –
Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап,
Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!
Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,
Жүрген жандар таныс тапса – досындай.
Ол – осынау Наурыздың арқасы! –
«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!
******
Шәкәрім Құдайберді ұлы
Ұлыстың ұлы күнінде,
Бай шығады балбырап.
Қасында жас жеткіншек,
Тұлымшағы салбырап.
Келіншек шығар керіліп,
Сәукелесі саудырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі көзі жаудырап.
Бозбала шығар бұрқырап,
Ақбөкендей сырқырап.
Құл құтылар құрықтан,
Күң құтылар сырықтан.
Кетік ыдыс, шөміштің,
Түтіні шығар бұрқырап.
Наурыз
4) Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.
Шат күлкіге шомылып замандары,
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.
Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,
Жаңа жылда қалайық бір есейіп.
*****
Наурызым
Ибрагим Исаев
Ақбоз үйді үлпілдеткен,
Боз даланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің – көктем,
Әсем едің, шіркін, неткен,
Наурызым!
Құлпырады сәнді бақтар,
Жұлқынады арғымақтар.
Сылқылдайды бал бұлақтар,
Мерекемсің мәңгі мақтар,
Наурызым!
Жарқыраттың шығыс Күнін,
Бар адамдар туыс бүгін.
Тілеп елдің тыныштығын,
Жүректерде жүр ұшқының,
Наурызым!
Аңсап жүрсең осы күнді,
Ашып таста есігіңді.
Болайықшы кешірімді,
Ән тербетсін бесігіңді,
Наурызым!
Бұл әлем қалғығандай,
Ұшты көкке ән қырандай.
Наурыз көже дәмді балдай,
Сенің көшің сәнді қандай,
Наурызым!
Аталардың – Қара Нардың,
Ақ жаулықты Аналардың.
Бас иетін саған әр күн,
Ақ батасын ала барғын,
Наурызым!
Ғашықтардың түр-түсінде,
Сәбилердің күлкісінде.
Ел үшін де, жұрт үшін де,
Қара Жерге кір түсірме,
Наурызым!
Науан Наурыз, армысың!
5) Сағынғали Сейітов
Наурыз келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.
******
Наурыз
Мақтымұлы
Аударған Дүйсенбек Қанатбаев
Жеткен кезде наурызымыз жапан біткен жаңғырар,
Тұман орнап, тау басын аспан үрпі салбырар.
Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,
Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.
Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар,
Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар.
Келе сала наурызым жоқ нәрсені бар қылар!
Жапан шөлін қандырып, нұр тарайды қуысқа,
Тақырларда қақ тұрып, су толады ыдысқа.
Қозғалғанның бәрі де бірі шебер, бірі ұста,
Бұлбұл салса әніне, илеу салды құмырсқа.
Өз дауысын біреуі естіртуге тырысса,
Тумай жатып біреуі шығар сынды ұрысқа,
Келе сала наурызым өмір заңын жар қылар.
Бар тіршілік осылай жатқан кезде жаңғырып,
Мен отырмын оңаша, көңіл жүдеп, әл құрып.
Ақиқатқа табынған өмір сүрер мәңгілік,
Махаббаттан ада жан – қалар түбі қаңғырып.
Көктем баста тұрғанда бәрі де бір әңгүдік,
Ертең көктем кеткен соң қаламыз ба санды ұрып,
Келе сала наурызым тәттіні де зәр қылар.
Мақтұмқұлы, мұқалма, бұл фәнидің мақамы,
Бәрі-бәрі баянсыз, сол жаныма батады.
Көншімейді көңілім, көкірегім қапалы,
Таусылғанмен төзімім, сөзім болғай опалы.
Қолды жайып, телміріп кімге берем батаны,
Аман болсын кейінгі, аман болсын Отаны,
Келген наурызым адам басын даң қылар.
Наурыз сыйы тыныштық
6) Әли Ысқақбай
Жадырап күннің жанары,
Бетті өпсе жылы самалы.
Сай-сайға ақса жылғалар,
Бұл Наурыз хабары.
Ашылып аспан шүмегі,
Жауынмен құм да түледі.
Көкмайса жұмсақ құлпырған,
Бұл Наурыз кілемі.
Бусанып тарғыл атырап,
Нәрленіп торғын топырақ.
Жауқазын өссе күнеске,
Бұл Наурыз – жапырақ.
Көз тігіп Күнге барлығы,
Бүршігін жарса әр гүлі.
Халыққа бақыт тілеген,
Бұл Наурыздың жарлығы.
Бөктіріп көктем жаңбыры,
Тіріліп шөптің тамыры.
Бүрленсе жусан бұрқырап,
Бұл Наурыздың таң нұры.
Қауымға қалың дүр болған,
Шаттыққа бөлер жыр болған.
Шапағат төккен мейірлі,
Бұл Наурыз ғой нұр болған.
Себелеп жаңбыр жауып тұр,
Емшегін бұлттың сауып тұр.
Жақсылық нәрін мол сепкен,
Бұл Наурыз сауық-жыр.
Тілегін айтып ұнаған,
Арылса туыс күнәдан.
Көңілде күдік қалдырмас,
Бұл Наурыз – шын адам.
Тұқымын сеуіп ырыс-құт,
Дем алса диқан тыныс қып.
Тірлік пен байлық бастауы,
Наурыз сыйы тыныштық.
Тәуелсіз елдің адамы,
Бейбіт күн берік қамалы.
Құт болсын дейік ағайын,
Жаңа күн Наурыз қадамы.
Жасыл нұрға бөленіп төңірегім
7) Қырға көшіп келеді елім менің,
Малын жайып, салатын төріне егін.
Наурыз туып, жан бітті дүниеге,
Жасыл нұрға малынып төңірегім.
Түйе өткен жұп-жұмсақ жерді басам,
Бақыт құсым кеудеме қондың қашан?
Сүйіп тұрып Наурыздың атқан таңын,
Қуаныштан көңілім болды масаң.
Ән айтамын ақырын тұнық таңда,
Қазақ қызы ән-жырын ұмытқан ба?
Көңіл шіркін қарлығаш ұшып шыққан,
Жатқандай бір қапаста, құлыптауда.
Елең қылмай, сап-салқын түн ызғарын,
Тыңдап тұрмын құстардың сыбызғы әнін.
Ерте көктем жұтқызар жұпар ауа,
Таңдайыма әкелді қымыз дәмін.
Кеш оралған көктемнің ерке құсы,
Осы екен ғой көктемнің еркелісі.
Осы екен ғой атамның аманаты,
Осы екен ғой әжемнің ертегісі.
Щолпы тақты алтын күн қайыңға әсем,
Ән айтады бұлақтар, уайым бәсең.
Тек асығып барасың, алтын айым,
Не айтасың ақын қыз жайында сен?
Молшылық, мейір маңайым
8) Келдің бе наурыз – жыл басы,
Бар құтын жиып өлкенің.
Халқың сенің сырласың,
Өзіңнен өрбір көркем үн.
Туған жер жұпар тұр аңқып,
Гүл шашып жатыр бар аймақ.
Атады елді қуантып,
Көктемнің таңы арайлап.
«Селт еткізер», «Ұйқыашар» -
Ұнатқан түгел қыз, жігіт.
Өргізіп малды, сырды ашар,
Ауылдан шетте үздігіп.
Келісіп қызық ойынға,
Келеді ән-жыр айтысқа.
Өрмелеп баған бойына,
Жарысқа, арқан тартысқа.
Жастарды көріп жасарып,
Береді қарттар ақ бата.
Тілекпен игі жасанып,
Былай да берік салтқа ата:
«Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Әумин!»
Қуанып сол сәт батаға,
Бастайды ел наурыз шаттығын.
Риза боп үлкен атаға,
Сөйлер ел баспай аптығын.
«Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар».
Сәлем қып келін күнге Ұлы,
Бұлаққа ақ пен май құяр.
- Ашыл, - деп, - байлық түндігі,
Өзің, - дер, - Наурыз жайды ұғар!
Басталар елдің дәстүрі,
Өзге іс түгіл тежелер.
Басталар тамақ тасқыны,
Бұрқырап наурыз көжелер.
Басталар сыр боп мына елге,
Бабалар салған мереке.
Жайғасып қалы кілемге,
Елменен енер береке.
Байқадым бұл күн – дүбірлі,
Молшылық, мейір маңайым.
Басты ұран тойда бүгінгі –
Береке, бірлік, ағайын!
Наурыз
9) Қош келдің, Наурызым төрлет бері,
Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.
Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,
Жадырады адамдардың келбеттері.
Наурыз, жыл он екі ай елдің жүгін,
Арқалап арамызға келдің бүгін.
Дамытып бейбіт елдің еркіндігін,
Жайлауын жарастырдың елдігімнің.
Наурыз түріп тастап жер түндігін,
Айығып ақ күмістей серпілді күн.
Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,
Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.
Халқымыз қастерлеген ежелден-ақ,
Келе бер аттың басын тежемей-ақ.
Наурыз көжемізден қанып ішкін,
Ұлыстың ұлы күні тұрма қарап.
Шуағы жер әлімді жандандырып,
Өріске барады өріп алуан түлік.
Дән сеуіп молшылықты жасаймын деп,
Барады диқан жігіт таңнан тұрып.
Бақыттың тігілген соң көк байрағы,
Шарықтап көңіл құсым көкте ойнады.
Нақышын Наурыздың арқау етіп,
Жырларын ақындар да төкті ойдағы.
Сен ортақ дастарқансың бәрімізге
10) Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,
Татырған сары уыздың нәрін бізге.
Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз,
Жарылқар берекеміз сары күзде.
Наурыз – ол емес әсте дырду-думан,
Киік емес қиқулап бір күн туған.
Ол – қыздың кісілікпен көшеленіп,
Рухани есеюі ұлдың туған.
Наурыз – ол ұсақтықтан арылуың,
Халықтың бірлігінің мығымдығы.
Күдіктің безбеніне тартылмайтын,
Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы.
Кел, Наурызым!
11) Кел, наурызым, шық төріме думандат,
Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.
Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,
Халқым да бір жадырасын сайрандап.
Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,
Қырға шығар, жамағатты жетелет.
Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,
Наурыз келген, көктем келген екен деп.
Кел, наурызым, берекелі жыл басым,
Мәңгілікке замананың құрдасы.
Жылда мені қуанышқа бөлейсің,
Ғасырлардың және менің сырласым.
Кел, наурызым, бұла күшім, балғыным,
Сен келгенде қашар менен қайғы-мұң.
Құдіретің бар жаңғыратын ғаламда,
Сондықтан да асқақ сенің айбының.
Кел, наурызым, көргенің көп көнесің,
Жия алмаған кездер болды ел есін.
Бұқпантайлап қарсы алатын өзіңді,
Кездер болды, ұмытпайсың, білесің.
Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,
Тәуелсіздік және өзің тынысым.
Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,
Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.
Төкші нұрды
12) Келдің бе, Әз Наурызым – Жаңа күнім!
Оятып бәйшешекті – дала күн.
Көп болса қандай жақсы болар еді,
Жүректі жадыратар жаңалығың.
Әз Наурыз келген болсаң төкші нұрды,
Естіртпе сен әзірше әнді мұңды.
Бағзыдан әдетіміз бойға сіңген,
Күтетін зор үміттен Жаңа жылды.
Сен бізге құт болып кел, бақ болып кел,
Адалға ақиқатқа жақ болып кел.
Жамандық, қасіреттен ауылы алыс,
Жыл болшы бетегіне шаттық ерер.
Сәулеңді, шуағыңды аямашы,
Сәбидей жас-кәрімді аялашы.
Құтты қонақ секілді емін-еркін,
Даламды, тау-тасымды аралашы.
Кел, Наурыз! Құшағымды ашып тұрмын,
Қуанып сен келген соң тасып тұрмын.
Жылуды, жылылықты сағындым ба,
Әйтеуір, ғашық қылдың, ғашық қылдың...
Наурыз
13) Біреуім екеу болды - мал қосылды,
Қораға бұзау, лақ, қозы толды.
Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп,
Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды.
Ұзамай қарда кетер, жаз да болар,
Сай-сала гүрілдесіп суға толар.
Бөленіп жер жібекке, мың құлпырып,
Шалғынға көкорайлы ауыл қонар.
Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды,
Кешегі көрген бейнет артта қалды.
Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,
Жаңа жыл - бүгінгі күн, жаздың алды.
Достарыңызбен бөлісу: |