№1 ситуациялық есеп



Дата20.07.2022
өлшемі15,31 Kb.
#147617
Байланысты:
6 занятие задача


№ 1 ситуациялық есеп


18 жастағы пациент мойын лимфа түйіндерінің «грек жаңғағы» тәрізді үлкейгені анықталды. Олар ауру сезімінсіз, азғана жылжымалы, ортасы жұмсарып айқын қызарған, сол жерден «ірімшік тәрізді» бөлінділер көрінеді. Науқас инфекция ошағынан – әкесі туберкулезге қарсы ауруханасында емделіп жатыр. Фтизиатрда тексерілмеген және есепке алынбаған.
№ 1 есепке тапсырма.

  1. Осы жағдайдағы болжама диагноз қандай?

  2. Перифериялық лимфаденитті тексеру және диагностикасын жүргізу.

№ 2 ситуациялық есеп


24 жастағы науқас, Сол жақты ауруханадан тыс пневмония диагнозымен ауруханада болды. Кең спектрлі антибиотиктерді 15 күн бойы қабылдаған, бірақ оңтайлы әсері болмады. Айқын интоксикация белгілері, дене қызуы түспеді. Кеудесінде ауырлық сезімі пайда болды, қалыпты жағдайдағы ентігу, сол жақ бүйірінде жатқанын жайлы көрді. Рентгенде: өкпенің сол жағында 2 қабырғадан диафрагмаға дейін гомогенді, қанық көлеңке ішкі қиғаш контурымен анықталды. Кеуде аралығы оң жаққа ығысқан. АТР сынамасы – папула 4мм. Отбасында әкесі туберкулезбен ауырған.


№ 2 есепке тапсырма.

  1. Ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

  2. Осы жағдайда терапевттің тактикасы қандай?

№ 3 ситуациялық есеп


Д.Р. атты әйел адам, 18 жаста. Салмағы 40 кг, бойы 162 см, терапевтен кеңес алып, қосымша тексеруден кейін клиникалық диагноз қойылды: сол өкпенің туберкуломасы, ыдырау фазасы ТМБ (+). Анамнезінде 13 жасында туберкулезбен ауырған.


№ 3 есепке тапсырма.
1) Осы клиникалық түрінің клиникалық және рентгенологиялық көрінісі қандай?
2) фтизиатр туберкулездің қандай жағдайына тіркейді (2017 жылғы №994 бұйрық)? Қандай санатты ем тағайындалады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет