Катеті мен сүйір бұрышы берілген тікбұрышты үшбұрыштың ауданын және периметрін есептеңдер.
Берілген диаметрі бойынша дөңгелектің ауданын және шеңбердің ұзындығын есептеңдер.
Теңбүйірлі трапеция формасындағы егістіктің берілген қабырғалары бойынша ауданын және периметрін есептеңдер.
Мейрамхана әр күні m1кг май, m2 кг қаймақ, m3 л сүт сатып алады. Жеке азық-түліктерді сатып алуға және жалпы қажет болатын қаржыны анықтаңдар, егер 1кг май=153,50 тг,
1кг қаймақ=147,10 тг, 1л сүт=35,30 тг.
Бір тәулікте, аптада, жылда қанша секунд бар?
Массасы m дене һ биіктікте v жылдамдықпен қозғалып барады. Осы дененің потенциалдық (P=mgh) және кинетикалық (E=mv2/2) энергияларын есептеңдер.
Радиусы белгілі беттің ауданын (S=4r2) және сфераның көлемін (V=4r3/3) есептеңдер.
Жарықтың жылдамдығы 299792 км/с. Жарық тәуліктің бір сағатында қандай арақашықтықта болады?
Айдың радиусы 1740 км. Бетінің ауданын (S=4r2) және жердің көлемін (V=4r3/3) есептеңдер.
Берілген екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының ұзындығын есептеңдер.
Қабырғасы белгілі кубтың көлемін және бүйір бетінің ауданын есептеңдер.
Квадратқа сырттай сызылған шеңбердің ауданы S. Осы квадраттың ауданын және периметрін табыңдар.
Дене g үдеумен құлап келеді. Дененің бір секунд, екі секунд өткенде жүрген жолын (h=gt2/2) анықтаңдар.
Үш қаламен сөйлесу ақысы с1, с2, с3 тг/мин тұрады. Сөйлесу ұзақтығы t1, t2, t3 минут. Компьютер әрбір сөйлесушіге жеке-жеке және барлығын бірге есептегенде қанша теңге төлеуді талап етеді.
Табанының r радиусы және h биіктігі белгілі бөшкенің бүйір бетінің ауданын (S=2rh) және оның көлемін (V=r2h) есептеңдер.
Гипотенузасы мен бір катеті берілген тікбұрышты үшбұрыштың екінші катетін және ауданын табыңдар.
Диогоналы d берліген квадраттың қабырғаларын, периметрін және ауданын (S=d2/2) есептеңдер.
Биіктігі h табанының радиусы r және жасаушысы l берілген конустың бүйір бетінің ауданын (S=rl) және көлемін (V=r2h/3) есептеңдер.
Жүк поезды v1 жылдамдықпен t1 сағат, v2 жылдамдықпен t2 сағат, v3 жылдамдықпен t3 сағат жүрді. Әртүрлі жылдамдықтағы жүрген жолды және жалпы жүріп өткен жолды анықтаңдар.
Гүл егілген жер шеңбер формасына ие. Берілген радиусы бойынша оның периметрін және ауданын есептеңдер.
Квадратқа іштей сызылған шеңбердің ауданы S. Осы квадраттың ауданын және периметрін табыңдар.