1 СӨж тапсырмалары: Батырлық жырлар. «Қобыланды»



бет4/5
Дата11.05.2022
өлшемі24,57 Kb.
#142592
түріПоэма
1   2   3   4   5
Байланысты:
СОЖ 1

«Ер Тарғын» жыры – батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда көтерілген негізгі өзекті мәселелер –елдік пен ерлік, жақсылық пен жамандық, адал махаббат пен намысшылдық. «Ер Тарғын» жырында тарихи оқиғалар элементі де кездеседі. Жыр оқиғасы Тарғын деген батырдың қырғыз ханының бір адамын өлтіріп, Қырық сан Қырым жұртына қашып келуімен басталады. «Ер Тарғын» жырының кейіпкерлері:
Ер Тарғын – жырдың негізгі кейіпкері
Ақжүніс – Ер Тарғынның сүйген жары
Ақшахан – Ақжүністің әкесі, Қырық сан Қырым жұртының қырық ханының үлкені
Ханзада хан – Еділдегі Орманбеттің он сан ноғайының ханы
Қарасай ұлы Көбен, Алшағырұлы Тебен, Өмірұлы Себен – Ер Тарғынның батыр жолдастары
Сыпыра жырау – Ер Тарғынға басу айтқан ақылды қария
Ардаби – Ер Тарғын мен Ақжүністің ұлы
Әжігерей, Айтқожа – Ардабидің ұлдары
Тарлан – Ер Тарғынның тұлпары
Қанатты қара – Ақшаханның тұлпары
Қартқожақ – Ер Тарғын мен Ақжүністі қуып жеткен Ақшаханның қарт батыры
Домбауыл – қалмақтың батыры
Жыр соңында барлық қиындықтарды жеңген Тарғын елдің әрі ханы, әрі батыры болады. Ақжүніс екеуінен туған баласы Ардаби де бек әрі асыл би болады. Оның баласы Айтқожа да бес қалаға хан болып, мұратына жетеді.

2. Ә.Тәжібаев-туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.Әбділдә әкесінен жастай жетім қалып,бірыңғай ана тәрбиесінде болған.Ауылда оқып хат таныған.Ә.Тәжібаевтың «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер»атты дастандар жазумен бірге,лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға үлес қосты.Әдебиетті зерттеумен де айналысты.Балалар тақырыбына да қалам тартты.Соның бірі «Толағай»атты әдеби ертегі.


Қазақ әдебиетіміздегі ертегілердің бір саласы-әдеби ертегілер.Әдеби ертегінің авторы болғындықтан оны әдеби ертегі деп атайды.Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме,аңыздардың негізінде туады.Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әдеби ертегілер де туған елін сүюді,еңбек адамын қадірлеуді,адамгершілікті,шыншыл,әділетті болуға уағыздайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет