Жауабы: 1.Батырлар жыры – көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ ауыз әдебиетінен ауқымды орын алатын жанрдың бірі. Батырлар жырында тарихи оқиғалардың ізі сақталған. Батырлар жырының басты тақырыбы – ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Батырлар жырының басты қаһарманы – батыр. Халық ауыз әдебиетінен ерекше орын алатын батырлар жыры: «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды». «Алпамыс батыр» жыры – басқа батырлар жырына қарағанда көне жыр болып есептеледі. Жырдың кейбір оқиғалары: Алпамыстың дүниеге келуі, түртіп қалған баланың өліп қалуы, зынданда жеті жыл жатуы сияқты оқиғалар жырдың көне жыр екенін айғақтай түседі. Жыр жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған. Соған орай жыр кейіпкерлерін екі топқа бөліп қарастыруға болады.
Жыр соңында жақсылық пен әділдік жеңіп, Алпамыстың еліне, халқына, ата-анасына, туған-туыстарына жасаған жақсылығымен аяқталады.
Алпамыс – негізгі кейіпкер
Байбөрі – Алпамыстың әкесі, Қоңырат елінің байы
Аналық – Алпамыстың анасы
Қарлығаш – Алпамыстың қарындасы
Жәдігер – Алпамыстың баласы
Шұбар ат –Алпамыстың тұлпары
Гүлбаршын – Алпамыстың сүйген жары
Алтыншаш – Гүлбаршынның анасы
Қаракөз – Алпамысқа ғашық болған Тайшық ханның қызы
Кейқуат – Алпамыстың зынданнан шығуына себепкер болған қойшы
Құлтай, Тортай – Алпамыстың туыстары
Ұлтан – зорлық-зомбылықты өз жақындарына жасаған залым адам
Сарыбай – Шекті елінің байы, Гүлбаршынның әкесі
Қараман – Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған қалмақ ханы
Тайшық хан – Байбөрінің жылқысын алып кеткен хан
Таймас – Алпамыспен шайқасқан жігіт
Бадамша – Ұлтанның сақау әйелі
Мыстан кемпір – Алпамысты алдап қолға түсірген жауыздық иесі