1 сұрақ: Қылмыстық заңның түсінігі, құрылысы. Жауабы


сұрақ: Қылмыстың міндеттері. қағидалары. Басқа пәндермен



бет2/3
Дата18.12.2021
өлшемі23,37 Kb.
#102708
1   2   3
Байланысты:
1 кылмыстық зан

2 сұрақ: Қылмыстың міндеттері. қағидалары. Басқа пәндермен

байланысын саралау

Жауабы: Қылмыстық заң дегеніміз – мемлекеттің заң шығарушы органымен қабылданған, жалпыға міндетті, формальды түрде анықталған, қылмыстық жауаптылықты белгілеуге бағытталған нормативтік-құқықтық акт.

Қылмыстық заңның міндеті ҚК-тің 2 бабына сәйкес: «осы қоғамдағы құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын-алу».

Қылмыстық құқықтың жүйесі: жалпы және ерекше бөлім.

Қылмыстық құқықтың жүйесі онымен жұмыс істеуді қарастырудың тиімді тәсілін білдіреді.

Жалпы бөлімде қылмыс пен жазаға қатысты ортақ ережелер қарастырылады. Мысалы, қылмыс түсінігі, қылмыс ауырлық категориялары және т.б.

Ерекше бөлімде жекелеген қылмыстардың түрлері анықталып және ол қылмыстардың жазасының түрі мен көлемі көрсетіледі.

Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады.

Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi.

Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.

Қылмыстық құқықтың мiндеттерi жөнiнде сөз қозғамас бұрын, бiз əуелi қылмыстық құқықтың мақсаты не соны анықтап алуымыз қажет. Өйткенi, кез келген əрекет, жұмыс белгiлi бiр мақсатсыз жасалмайды, сондықтан қылмыстық заңның да өз мақсаты бар. Бiрақ бұл жөнiнде бiздiң қылмыстық заңымызда айтылмаған, онда тек қылмыстық заңның мiндеттерi ғана көрсетiлген қылмыстық құқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын əрекеттi жасағаны үшiн қаралау емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi əрекеттердi болдырмау жəне қылмыстың алдын алу болып табылады жəне бұл жөнiнде қылмыстық заңда көрсетiлуi тиiс. Ал осы негiзгi мақсатқа қол жеткiзу үшiн қылмыстық заң мынадай негiзгi мiндеттердi алдына қояды:

1). қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын анықтау,

2). қылмыстық жауаптылықтың негiзiн анықтау;

3). қылмыс ұғымының жалпы белгiлерiн анықтау;

4). қоғамға қауiптi əрекеттердiң шеңберiн анықтау;

5). қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерiн анықтау.

Қылмыстық құқықтың бұдан басқа да мiндеттерi бар олар жоғарыда аты аталған негiзгi мiндеттердi толықтырып нақтылап отырады.

Қылмыстық заңдар қоғамның тыныштығын сақтай отырып, қоғамға тəрбиелiк жəне жалпы ескертушiлiк тұрғысынан да əсер етедi. Қылмыстық заңдағы «мына əрекеттi жасасаң жазаланасың!ң деген жариялану фактiсiнiң өзi қоғам мүшелерiне əсер етедi. Сонымен бiрге сот процесiнiң өзi де қылмыскердi ғана емес сот залында отырған қоғамның басқа мүшелердi тəрбиелеп жəне қылмыс жасамауды ескертуге ықпал жасайды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнiң 2-бабына сəйкес қылмыстық заңның мiндеттерi болып:

1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.

2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Осы Кодексте қыл мыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi делiнген.

Қылмыстық заң тек Қылмыстық Кодекстен тұрады. Өзге заңдар қылмыстық кодекске енгізілгеннен кейін ғана заң ретінде қолданылады.

Көрiп отырғанымыздай, қылмыстық заң алдына екi үлкен мiндет қояды.

Бiрiншi мiндет – адамды, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн, сонымен бiрге адамзат пен бейбiтшiлiктi қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық - құқықтық күрес жүргiзу.

Екiншi мiндет - қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы жəне жеке (арнайы) алдын алуды қамтиды.

Жоғарыда аталған мiндеттердi шешу үшiн қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн анықтап, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатындығын айқындайды, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын белгiлейдi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет