ферменттерін, антиденелерді ,
сарысу ақуыздарын , өсу факторларын және
секреторлық молекулаларды өндіреді . Фибробластар базалдық мембрананың
негізгі компоненттері каллоген , ламинин және фибронектин сияқты заттарды
секрециялайды . Сондықтан да кез келген жасушаларда констутивтік секреция
кездеседі . Мысалы , ақуыз молекулалары мембраналық көпіршіктер арқылы
Гольджидің трансторларынан плазмолеммаға
жеткізіледі және онымен
қосылып құрамындағы заттарды экзоцитоз арқылы сыртқа шығарады .
Констутивтік секреция жасушада үнемі жүзеге асатын және ешқандай сыртқы
сигналды , Са2+, ионының болуын қажет етпейтін үдеріс . Ал , эндокриндік
және экзокриндік жасушаларда және нейрондарда реттелуші секреция
кездеседі . Бұл жасушаларда секреторлық ақуыздар біршама уақыт ( бірнеше
сағат немесе тәулік бойына ) ірі секреторлық гранулалар ( дм. 0,05мкм )
құрамында , экзоцитозға арналған сыртқы сигналдар арқылы ( гормондар ,
нерв импульстері ) жасушаның активтенуіне дейін жинақталады .
Сыртқы
сигналдар әсерінен цитоплазмаға мембрана аркылы Са2+, иондары көптеп
өтеді және оның концентрациясы 1 мкм - ге дейін көбейеді . Ал , бұл бірнеше
жасушаішілік эффекторлық молекулалардың
активтенуіне ұласады да ,
нәтижесінде секреторлық гранулалардың плазмолеммамен қосылуына жөне
гранула ішіндегі заттардың сыртқа шығарылуына алып келеді .
Экскреция
- дегеніміз қатты түйіршіктердің жасушадан шығарылуы , мысалы
эритропоэз аяғында торлы субстанциялардың ретикулоциттерден сыртқа
шығарылуы .
ЭКСКРЕЦИЯ (шығару)-метаболизм процесінде
пайда болған заттардың
денеден шығарылуы. Экскреция деп метаболизм процестері кезінде пайда
болған қалдықтардың организмнен шығару процесі. Сондықтан асқазан -ішек
жолынан қорытылмаған заттарды шығару экскреция болып табылмайды.
Организмнен шығарылатын негізгі қалдықтар - көмірқышқыл газы мен
глюкозаның ыдырауындағы су, амин қышқылдарының өңделуінен несепнәр,
тұздың шығарылуы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: