1-сұрақ Саяси тәртіп



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,12 Kb.
#90011
1   2   3   4
Байланысты:
1️⃣-2️⃣сұрақ.

Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстаравторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.
Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.
Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.[2]
Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет