1. Стилистиканың пайда болу тарихы және оның ғылым ретінде қалыптасуы



бет2/5
Дата25.12.2023
өлшемі69,12 Kb.
#199271
1   2   3   4   5
Байланысты:
стилистика сессия

Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды [1;22]. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған [2;4]. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалықграмматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады [2;5].
Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль»термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стильтерминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да «стиль» термині тәлдәк қолданымға байланысты айтылады. Стильдітілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
4. Тілдің қоғамдық қызметі мен мәні. Тілдік және тілдік емес факторлар
Өмірде алуан құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді.Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады.Ол –қыр-сыры мол, күрделі құбылыс.Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша . Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. В.И.Ленин “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі , ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар коллективіне – мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын (мәнін) айқындайтын басты қасиеті деуіміз де осыдан.Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс . Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.
5. Стилистиканың филологиялық пәндермен байланысы және өзіндік ерекшелігі 
Стилистиканың жеке ғылым тармағы ретіндегі іргетасы қалануы М.Балақаевтың есімімен байланысты. Алғашқы басылымы 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығы стилистиканың пәні мен нысанын, ғылымдар ішінде алатын орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика ғылымының мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, әсіресе қазақ тілі стилистикалық құралдарының сипаты бір жүйеге түсіріліп қарастырылады. Экспрессивтік стилистиканың мәселелері тілдік бірліктердің эмоционалды-экспрессивтік қызметіне қатысты қарастырылды Стилистика – тіл білімінің негізгі салаларының бірі. Тілдік элементтердің дұрыс, әсерлі қолданылуын өзінің объектісі ретінде стилистика тіл білімінің барлық салаларымен тығызбайланысты. Ол сөз ішіндегі дыбыстардың жүйеліжұмсалуын, орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтардың нормасын, сөз мағыналарыныңжүйелі қолданылуын, морфологиялық сөз тұлғалары мен грамматикалық формалардың жүйелілігін, сөз тіркестері мен сөйлемдердің әртүрліконстркуцияларының айтылмақ ойға сай жүйелі де әсерлі болу жағын үйрететіндіктен, тіл білімініңбарлық салаларымен (фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) тығыз байланысты, олардан көп жоғары тұрады. Стилистика тіл мәдениетімен де тығыз байланысты. Тіл мен әдебиет филология ғылымдары ретінде осы стилистика пәнінде түйіседі. Себебі жазушы таңдаған тақырып шығарманың бүкілқұрылымынан (конструкциясы) туған жағымды, жағымсыз кейіпкер, табиғат көрінісі, белгілі бірортаның суреті, оған деген көзқарас бүкілшығарманың идеясы тілден, оны әсерлі жеткізумақсатындағы көріктеу тәсілдерінің (стилистикадан) тыс болуы мүмкін емес. Олай болса, болашақ біліктімаман дайындауда стилистиканың мәнізор.
6. Тіл мәдениетінің шешендік өнермен байланысы 
Шешендік сөз-сөз мәдениетінің жоғарғы формасы. Шешендік ақыл-ойға негізделгендіктен,халық жадында сақталып,нақыл сөздер сияқты ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырады.Шешен сөйлеу өнерінде де қарым-қатынасқа түсіп отырған адамдардың мінез құлқы,адами қасиеттері,сөйлеу мәдениеті мен тыңдау мәдениеті,әдеби тіл заңдылықтарын жетік білуі негізге алынады. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша тараған.Шешендік сөздің түрлері сан алуан:шешен әңгіме,шешендік толғау,діни сөз,шешен құттықтау сөз,шешен тілді баяндама,т.б «Шешендік өнер»(грекше-риторика)деген ұғым «шешен сөйлеу»дегенді білдіреді,әу баста латын тілінен алынған «шешендік өнер»термині «әдемі, сөйлей білу қабілеті»деген мағынада жұмсалады.«Шешендік өнер» ұғымы қазақ тілінде «шешендік»деген атаумен беріледі. Қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсынов: «Шешендік сөз дегеніміз-белгілі бір мәселені баяндау,сипаттау,белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру,жүйесін босату,қанын қыздыру,намысын келтіру,арқасын қоздыру,»-дейді. Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым-қытынасы болатыны даусыз, алайда жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан көп бұрын шығып қалыптасқанШешендік өнер туралы ғылымды-халықаралық тілде риторика дейді.
7. Шешендік өнердің халық ауыз әдебиетімен арақатынасы.
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан кездестіреміз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып, Жиренше шешен, Асан қайғы есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың", – деп, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
8.  Сөздің_мағыналары_және_коннативті_мағына'>Стилистикалық норма және әдеби тіл. 
9. Сөздің мағыналары және коннативті мағына 
Коннотация дегеніміз белгілі бір сөздің мағынасынан тыс, белгілі бір сөзді қолдану арқылы ұсынылған немесе болжанған мағынаны білдіреді. Коннотация оқырмандардың жазушының немесе сөйлеушінің сөйлесуге тырысқанының жалпы мағынасын қалай қабылдауына әсер етеді. Сөздің уақыт ішінде қалай қолданылғанына немесе ол қолданылатын мәнмәтінге байланысты бұл термин жағымды, жағымсыз немесе бейтарап мағынаға ие болуы мүмкін. Тілде қолданылатын сөздерді таңдағанда мағынаның екі түрін де ескерген жөн. Бұл сөздерді дұрыс таңдаудың маңызды кілті. Егер сіз сөздің мағынасын толық білмесеңіз, сіз өз жазбаңызда орынсыз синонимді таңдай аласыз, бұл шатасуға немесе тіпті оқырманыңыздың ренжуіне әкелуі мүмкін.Сөзді толық түсіну және оны дұрыс қолдану үшін оның денотатасын (стандартты анықтамасы) де, оның коннотациясын да (онымен байланысты сезімдерді) білу қажет. The денотативті сөздің мағынасы - оның ресми сөздік анықтамасы. Бір сөзконнотативті мағынаға терминмен байланысты эмоциялар сияқты мағыналық реңктер жатады. Коннотацияның маңызы. Тілде қолданылатын сөздерді таңдағанда мағынаның екі түрін де ескерген жөн.
10. Синонимия құбылысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет