6. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қабылданбаған кезде істі қарауды және шешуді сол сот отырысында соттың сол құрамы жалғастырады.
7. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда істі қарау кейінге қалдырылады. Істің жаңа сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдеріне хабарланады.
8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың апелляциялық өтінішхатына, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа немесе кассациялық наразылыққа енгізілуі мүмкін.
2. Бірінші саты сотының үкімі Астана қалалық соты аппеляциялық сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған. И.М Ермеков О.Г Әлжановты Астана қаласы жанындағы салынып жатқан коттедж үйдің жертөлесінде оны жеккөру пиғылымен қасақана өлтіргені үшін, ал А.К Даненов аталған бұл қылмысты алдын ала келісіп жасырғаны үшін кінәлі деп танылған.
Астана қаласының сотының кассациялық сот алқасы қаулысымен сот үкімен аппеляциялық қаулы мынадай негіз бойынша құрылған.
ҚПК-нің 320 бабына сәйкес ең басты сот талқылауы сотқа берілген сотталушыға қатысты, тек қана сол айыптаудың шеңберінде ғана жүргізіледі. Айыптауды өзгерту, егерде сотталушының жағдайын ауырлатпаған болса ғана рұқсат етіледі.
Алдын ала тергеу органы И.М Ермеков пен А.К Даненовке 2013 жылдың 19 қыркүйекке қараған түні, күні бұрын келісу бойынша ерекше қаталдықпен О.Әлжановты қасақана өлтірген деп айып тағылған. И.М Ермеков жәбірленушінің басын жұдырықпен, аяқпен ұрып-теуіп көптеген ауыр соққылар салған, ал А.Дәненов жәбірленушінің басындағы мандай бөлігін балтаның сыртқы жағымен үш рет ұрғаны дәлелденген.
Сот үкімінде О.Әлжановты өлтіру И.Ермеков оның басында және бетіне бірнеше рет соққы бергеннен болды деп көрсетуі, оған тағылған айыптау шегінен асып кетіп, оның жағдайын ауырлатып, заңдағы белгіленген қорғану құқығын бұзған.
Қанша дегенмен де И.Ермеков пен А.Даненовтың іс әрекеті бір бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оны бөле жаруға келмейді. Сондықтан А.Даненовқа қатысты үкімде бұзылған деп саналады.
1. Қабылданған шешімге баға берініздер.
2. Істі аппеляциялық және кассациялық сотта қарау шегі қандай?
3. Кассациялық сатының сот үкімін өзгерту негіздері қандай?
4. Берілген тапсырма қай тақырыпқа қатысты құрылған?
Достарыңызбен бөлісу: |