Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі. Артық резервтер д/з банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражаттың барлығына байланысты болғандықтын, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қаражатының көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді. Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңею шегін көрсететін және ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін – төрт, Швецария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаттары қолданылады. ҚР-ның ақша жиынының құрамына төмендегі ақша агрегаттары кіреді: М1 – айналыстағы қолма-қол ақша; М2 – құрамына М1 агрегатын және шаруашылық субъктілерінің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді.
Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін: - банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен; - Орт/қ банктен коммер/қ банк/ң несие алуымен; - мемл/к бюджеттің кемшілігін жабу ұшін Орт/қ банктің үкіметке несие берумен; т.б.
Ақша нарығындағы теңдікті орнату проблемасына келеміз. Ол төмендегі суретте көрсетілген. Мұндай конфигурация мынадай рұқсаттарға сүйенген ақша ұсынысы Орталық банкпен бақыланады, соған байланысты пайыздан өзгеріссіз бір деңгейде қалады.
1-сурет. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
Ақша сұраныс қисығы , теріс көлбеулі болады, онда пайыздық мөлшерлеме жоғары i (альтернативті ақша сақтау ұстанымдары), онда өтімділікке сұраныс аз. Ақша ұсынысы мен сұранысы қисығындағы нүктеде қиылысу Е тепе-теңдікті пайыздық мөлшерлемені орнатады, мысалы, , осыдан ақшаға деген сұраныс оның ұсынысына тең сәйкесті мына нүктеде L абсцисса өсінде.
Пайыз мөлшерлемесі ақша нарығын теңдікті ұстау үшін өзгереді. Оның қозғалысын тәуелді экономикалық агенттер қаржы портфеліндегі құрылымын өзгертеді. Егер пайыз мөлшерлемесі теңдікті мәннен жоғары болса, мысалы , онда ақшаға деген ұсыныс оның сұранысынан артып кетеді. Экономикалық агенттер қолма-қол ақша жиналған, одан құтылғысы келеді, пайыздық табыс әкелетін басқа активтерді ала отырып. Ақшаны тұрған есепшоттардан алу басталады және облигациялар жинау. Онда жоғары пайыздық мөлшерлеме облигация арзандағанын көрсетеді. Арзан облигацияны жаппай сатып алу олардың құнын төмендетіп сәйкесті пайыздық жоғарылатады, ол теңдікті жағдайға жеткенше.
Егер пайыздық төлем тепе-теңдікті мәннен төмен болса, кері жағдай пайда болады. Онда экономикалық агенттер өз активтерін қолма-қол ақшаға өзгертеді, облигациясын сатып. Облигацияны сатқанда оның бағасы төмендейді және пайыздық мөлшерлеме тепе-теңдікті күйге жеткенше жоғарылайды.
Егер М ақша ұсынысы, Р бағалар деңгейі болса, онда ақшаның нақты қалдықтары деп аталады. Ақша ұсынысы М және бағалар деңгейі Р тіркелген деп есептесек, онда ақшаның нақты қалдықтарының ұсынысы да пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз дейміз, яғни:
Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс Y шығарылым көлемінен тікелей, ал r мөлшерлемесінен кері тәуелді.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады:
немесе .
Бұл ара қатынас i пайыз мөлшерлемесі мен Y табыстың тепе-теңдік мәндерінің арасындағы байланысты ашады. Бұл тәуелділіктің Y-r диаграммасындағы графигі LM қисығы деп аталады. LM қисығының геометриялық құру тәсілі келесі суретте келтірілген.
2-сурет. LM қисығын құру: а) ақша нарығы; ә) LM қисығы.
Достарыңызбен бөлісу: |