1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Азаматтардың әкімшілік органдардың және лауазымды тұлғалардың қаулылыларын даулау жөніндегі істерді қараудың ерекшеліктері



бет74/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   112
Байланысты:
дәріс

Азаматтардың әкімшілік органдардың және лауазымды тұлғалардың қаулылыларын даулау жөніндегі істерді қараудың ерекшеліктері. Бұл категориядағы істер сотқа шағым немесе наразылық беру арқылы қозғалады.
ҚР АІЖК 275 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға сотқа шағымды әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары және әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары.
Прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға, уәкілетті органның(лаузымды адамның) қаулысына сотқа наразылық келтіруге құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органның(лауазымды адамның) қаулысына әкімшілік жауаптылыққа тартылған әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары, қаулының көшірмесі табыс етілген күннен кейін 10 күн ішінде тікелей сотқа шағым бере алады, ал прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Мүдделі адамдардың шағым беруінің екі жолы бар;

  1. олар жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға шағым беру;

  2. тікелей сотқа шағым беру.

Мемлекеттік билік ету органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдврвның, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттерін даулау туралы істерді қараудың ерекшеліктері. .(ҚР АІЖК 27 тарау).
Бұл сотта істі қарау мақсаты - әкімшілік органның немесе лауазымды адамның шешімі мен әрекеттерінің заңдылығын тексеру.
ҚР Конституциясының 13 бабына сәйкес әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғануға құқылы.
ҚР АІЖК 279 бабының 2 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды адамдардың мынандай шешімдері мен әрекеттеріне;

  1. тексерілуі ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілерге;

  2. оларға қатысты заң сотқа шағымданудың өзгеше тәртібін көздейтін жеке-дара және нормативтік құқықтық актілерге сотта дау айтуға болмайды.

Арызды судья жеке-дара бір ай мерзім ішінде қарайды. Сот шешімдердің біреуін қабылдайды. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде жіберіледі.Ал шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір айдан кешіктірмей хабарлануға тиіс.Сот шешімінің орындалмағаны туралы үшін кінәлі лаузымды адамдар заңмен көрсетілген жауаптылыққа тартылады.(ҚР АІЖК 282 бабының (4))


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет