1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Жалпы тотем (солт. – америк. аджибве тайпасының тілінен аударғанда – тек, ата)



бет36/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Жалпы тотем (солт. – америк. аджибве тайпасының тілінен аударғанда – тек, ата) – белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген. Адамзат дамуының алғашқы архаикалық сатыларында адамдар өздерінің табиғатпен етене байланысын толық сезінген, сондықтан да олар өздерінің шығу тегін табиғаттың нақты көріністері арқылы түсіндірген. Адамдардың осылайша өздерін теңестіру формаларын тотемизм деп атайды. Тотемнің әлеуметтегі атқаратын қызметіне оның белгілі бір адамдар қауымдастығының басын біріктіруі, туысқандық сезімін қалыптастыруы жатады. Ең бастысы, тотем «біз» және «басқалар» арасындағы шекараны анықтайды. Арғы ата – тотемнің сол халықтың мифтерінде, аңыз әңгімелерінде айтылған тарихы, олардың мәдени ұйымдастырылуының негізі болып саналады. Қазірде тотемнің қалдықтарын геральдикадан, тұрмыстық символикадан, т.б. көруге болады. Қазақ мәдениетінің архетипі – көне түркі мәдениетінде де тотемдік көзқарастар молынан кездесіп отырған. Көне түркілердің өздерінің шығу тегін көк бөрімен байланыстыруы қазақ ақын-жырауларының аузына «бөрілі менің байрағым...» деген жолдарды салса, қарапайым халық арасында сол Көкбөрі рухына арналып жасалатын бәйге түрі – көкпар тарту жүргізілген [2].
Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап – өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді [1].
Э. Дюркгеймнің дін теориясында, біріншіден қоғам адамдық тәжірибені нығай- тады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғам- ның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі – қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинайтын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол – ритуалдарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі басты нәрсе – догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет