1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет10/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

В.Паретоның циклдық өзгерістер теориялары. (1848 - 1923) Паретоның социологиялық теориялары оның «Трактат по общей социологии» деген еңбегінде көрсетілген. Ол ХIХ ғ. аяғында- ХХғ. Басындағы позитивистік әлеуметтанудың көрнекті өкілдерінің бірі. В.Парето ең бірінші элиталар теориясын жасаған. Өзінің элиталарның айналымы тұжырымдамасында ол әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау және әлеуметтік жүелердің тиімді қызметі үшін әлеуметтік мобильдіктің қажетілігін негіздеді. Оның элиталар теориясы демократия туралы түсінікті тереңдетіп кеңейтті. Паретоның пікірінше, әлеуметтік жүйе тепе-теңдік қалпына қарай ұмтылады, бұл динамикалық тепе-теңдік және әлеуметтік құрылымның динамикасы элитадан яғни басқарушы азшылықтан басталады. Әлеуметтік пирамиданың басын байлар құрайды, оның астында кедейлер жайғасады. Қоғамда материалдық және рухани құндылықтар елге бірдей үлестірілмейді, әсіресе, билік, байлық, құрмет көрсету. «Байлықты үлестірудегі теңсіздік қоғамның экономикалық ұйымынан гөрі адамның табиғатына байланысты болады дейді Парето».
Әлеуметтік динамиканы түсіндіру үшін Парето өзінің «элиталардың циркуляциясы (айналымы)» туралы теориясын тұжырымдап берді. Оның ойынша, жүйенің теңселу процесі және әдеттегі қалпына келуі әлеуметтік циклді құрайды, ал циклдың өтуі элиталар айналуының сипатына байланысты. Элиталар қоғамның төменгі топтарынан шығып пайда болады және күрес барысында жоғары топтарға көтеріледі. Бұл айналым тарихтың универсалды заңы болып табылады. Элиталар қалыптасады, күреседі, билікке жетеді, билікке рахаттанады іріп-шіріп кетеді, одан кейін оның орнын ізімен келе жатқан басқа азшылық басады. Парето, неліктен элиталар ауыстырылады және олардың үстемдігі тұрақсыз, ұзақ созылмайтын болады деген сауал қойды. Элита үшін үстемдіктің кепілі болып тұрған қасиеттер әлеуметтік дамудың айналым барысында өзгеріп кетеді; осындай элиталардың түрлері де өзгереді. Паретоның ойынша, элиталардың басты екі түрі болады, олар бірі-бірін ауыстырып отырады. Бірінші түрі – «арыстандар», оларға төтенше, барып тұрған консерватизм, басқарудың қатаң, «күш жұмсап істеткізетін» әдістері тән. Екінші түрі – «түлкілер» - алдауға, саяси әрекеттерге, қаскүнемдік қылықтарға шебер. Тұрақты әлеуметтік жүйеде көбінесе «арыстандар» элитасы қалыптасады. Керісінше, жүйенің тұрақсыздығы прагматикалық бағытта ойлайтын, жігерлі қайраткерлерді, жаңашылдарды, әрекетшілерді талап етеді. Әр елитаға басқарудың екі әдістердің бірі тән болады. «Түлкілер» элитасына – манипулятивтік әдіс, яғни айлалы әрекеттермен, компромистермен, әлеуметтік демагогиямен байланысты. «Арыстандар» элитасына – қатаңдықпен, күшпен басу әдісі тән. Уақыт өткен сайын элиталар, алғашқы қасиеттерін жоғалтуға байланысты, қоғамды басқару талаптарына сәйкес келе бермейді.Элитаның қатарында басқаруға қабілеті жоқ адамдар жиналады, сондықтан олар күш жұмсауға, терор жүргізуге барады. Сондықтан әлеуметтік жүйенің тепе-теңдігін сақтау үшін бір элитаны екінші элитамен ауыстырып және олардығ құрамын жаңартып отыру керек. Басқарушы тапқа төменгі топтардан шыққан әулеттерді қосып отыру (рекруттеу) қажет. Элиталар айналымда болып отыруы тиісті. Ал айналымның тоқтап қалуы билік етіп тұрған элитаның құлдырауына, жүйені революция жолымен өзгертуге апарады.
Батысқа кетіп, АҚШ-та жұмыс істеген социолог Питирим Сорокин (1889-1968) эмпириялық социологияны тар тақырыптылығы, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамти алмайтындығы үшін сынға алды. Оның пікірінше, социология басқа ғылым салалары қарастырмайтын өзіндік зерттеу нысаны бар әлеуметтік ғылымның дербес бір саласы болып табылады. Ол қоғамдық құбылыстарды оның өмір сүруімен тығыз байланыстыра қарастырды және әлеуметтік институттардың қоғамның икемділігіне қалай әсер ететіндігіне көңіл қойды. П.Сорокин қоғамдағы өзгерістерді түсіндіруге көмектесетін теориялық тұжырымдамалардың авторы. Солардың бірі әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы болса, екіншісі – қоғамның интегралдық (біріктіруші) типі тұжырымдамасы. Біріншісі бойынша, ол тарихи процесті әрқайсысы белгілі бір тұтастыққа ие мәдениеттер типінің қозғалысы деп түсіндірді. П.Сорокин мәдениеттің үш түрін: сезімдік, рационалдық, идеалистік түрлерін атап көрсетті. Біріншісінде өмірді тікелей сезіммен қабылдау, екіншісінде ақылмен пайымдау, үшіншісінде түйсікпен бағамдау басым. Мәдениеттің осы үш түрлі типі адамзат қоғамы дамуының түрлі кезеңдеріне сай келеді. П.Сорокин өзінің әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы арқылы қоғамның әлеуметтік өзгерістері мен даму диалектикасының қайнар көздері мен қозғаушы күштерін түсіндіруге тырысты. Екіншісінде, қоғамның бірігу тұрпаты тұжырымдамасында П.Сорокин болашаққа көзқарасын тұжырымдады. Оның бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілектеріне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Ол жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әр уақытта бірігу бағытына қарай дамитығын көрсетті.
Ресейдегі әлеуметтану ойдың дамуы. Россияда әлеуметтік сосын әлеуметтану ойларының қалыптасуына француз ағартушылары (Монтескье, Вольтер, Дидро, Сен-Симон және т.б.), ағылшын экономистері (Адам Смит, Рикардо және басқалар), неміс романтиктері (Шеллинг және т.б.) үлкен ықпал көрсетті. Россиядағы әлеуметтанымдық ойлар европа мәдениетінің интегралдық бөлігі ретінде дамыды.
Бұл ықпал XVIII ғасырдың бірінші ширегіне дейін басым жатты. XIX ғасырдың бірінші ширегінен бастап Россиядағы әлеуметтік ойлардың басым және өзара қарама-қарсы бағдарларына славяншыл (славянофильство, мен орысшыл (русофильство) бір жағынан, батыстық бағыт –екінші жағынан араласты. Сол кездегі славяншылдар Н. Данилевский, А. Катков, В. Леонтьев, К. Победоносцев болды.
Батысшылдықта үш бағыт өмір сүрді: XIX ғ. 30-шы жылдары ірі өкілі В. Чаадаев болған теократтық (діни); В. Белинский басшылық еткен гуманистік (40-шы жылдары); 60-шы жылдарының алдымен А. Герцен салған кейін Н. Чернышевский, Н. Добролюбов, Д. Писарев және т.б. көрнекті өкілі болған халықшылдар.
Орыстық әлеуметтану дамуының ұлттық ерекшелігі – ғылыми әлеуметтік ойлар, азаттық қозғалысымен байланысты бағдарда болды. Оның негізгі ықпалын маркстік әлеуметтанымдық идеялардың пайда болуы мен таралуы атқарды. Сол кезде қоғам туралы қалыптасқан материалистік ілім-әлеуметтік құбылыстарды фактілер деп қарап жаратылыстық ғылымдар үлгісі бойынша себептілік-салдармен түсіндіру сипатына сай қоғамтануды құруды талап етті. Марксизмдегі әлеуметтану қоғамды оның дамуындағы негізгі заңдылықтарды сонымен бірге басты әлеуметтік қауымдасу мен институттарын зерттеу болып табылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Россиядағы әлеуметтік ойлардың қалыптасқан жағдайы орыстың әлеуметтік ой-пікірлерінің сипаты мен бағытын анықтайды. Бірінші орыс әлеуметтанушылары алғашқы халықшылдар ұрпағының ізін қуды (Н. Чернышевский және өзгелер). Орыстың әлеуметтану ойшылдарының анықтаушы бағыты субъективизм болса оның көрнекті өкілдері болып П. Л. Лавров, Н.К. Михайловский, Н.И. Кареев саналды. П. Лавров (1823-1890) әлеуметтануға «антропологизм», «субъективті әдіс», «субъективті көзқарас», сияқты да терминдерді тұнғыш рет енгізді. Лавровтың пікірі бойынша әлеуметтану нормативті ғылым болып саналды. Оның ойынша индивид қоғамның жеке нағыз қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан да оның мүдделерімен есептеспеуге болмайды.
Әлеуметтанудағы субъективистік бағыттағы ірі тұлға орыс әлеуметтанушысы Н. М. Михайловский (1822-1904) болды. Ол адамдардың өзара және басқа табиғатқа да қарым-қатынастарының түбірлі және ештеңеге ұмтылмайтын айырмашылығын анықтаған. Оның пікірінше, бірінші жағдайда біз тек жай ғана құбылыспен емес белгілі мақсатты көздеген құбылыстармен іс жүргізсек, екіншісінде-бұл мақсат өмір сүрмейді. Бұл айырмашылық маңызды әрі мәнді өйткені оның өзі адамзат әрекетінің қызметінде түрлі әдістерді қолдану қажеттілігін тұспалдайды. ... Соған орай біз қоғамдық құбылыстарды тек субъективті деп бағалаймыз. Михайловский Чарльз Дарвин мен Г. Спенсердің эволюциялық теориясын теріске шығарды және әлеуметтік бақылаудың талқандаушы әрекетінен индевидті құтқару қажеттілігі теориясына сүйенді. Оның пікірінше, индивид пен қоғам арасында талассыз соғыс жүріп жатады. Әлеуметтік мінез-құлыққа еліктеу, сендіру, мәртебенің қандай ықпал жасайтынына көңіл аудара отырып Михайловский З. Фрейд пен В. Адлердің психоанализін оң бағалады.
Н. Кареев (1850-1931) «Введение в изучение социологии» (Спб., 1897) деген монографиясында әлеуметтану өмір туралы жалпы ілім сияқты қоғам туралы ілім болуы тиіс деген пікірді қолдады. Ұйымдасқан ортаны құрайтын басты бірлік ретінде Кареев индивидтің тарихтағы роліне аса көңіл аударды. Ол қоғам биологиялық, физикалық факторлардың онымен қоса сыртқы орта факторларының өзара әрекет-қимылдарының күрделі жемісі деген қорытынды жасады. Кереевтің әлеуметтанымдық зерттеулері қоғам прогресінің идеяларын дамытуға бағытталған болды.
Россиядағы әлеуметтанымдық ойлардың дамуының маңызды кезеңі М.Ковалевскийдің (1851-1916) «Әлеуметтану» атты екі томдық ірі еңбегінің жарық көруімен байланысты. Онда әлеуметтанудың тарихтан айырмашылығы көрсетіліп оның негізгі міндеттері айқындалып адам қоғамын зерттеудегі орны белгіленген.
Россиядағы заң әлеуметтанымының дамуына Н.М. Коркунов (1853-1904) негіз салды. Оның орыстың әлеуметтану тарихына қосқан үлесі-құқықтық жүйені әлеуметтанымдық идеялардың позициясы негізінде дамытуы болып табылады.
Әсіресе заң әлеуметтанымына Л.И.Петражицкий (1867-1931) психология немесе психологиялық әлеуметтану салаларын кеңінен қосты. Петражицкий «эмоциялық әлеуметтану» негізінде әлеуметтік процестердің түрлерін, құрылымын және әлеуметтік дамуды талдап заңдық және саяси институттардың қызметіне ерекше көңіл бөлді.
ХХ ғасырдың екінші жартсында –ХХ ғасырдың басында Россияда әлеуметтану жеткілікті дамып таралғанымен 1917 жылғы төңкеріске дейін оқу орындарында оқу пәні ретінде қолданылмады. 1916 жылы орыстың жетекші әлеуметтанушылары, биологтары мен экономистері тұңғыш рет елде М.М. Ковалевский атындағы Россия әлеуметтанушылар қоғамын құрды.
Қазан төңкерісінен соң Россияда әлеуметтанудың институтталыну процесі басталды. Мұнда нақтылы әлеуметтанымдық зерттеулер негізінде жаңа қоғамның әлеуметтік теориясын жасау мәселесі қолға алынды. 1918 жылы мамыр айында Халық Комиссарлар Кеңесінің қоғамдық ғылымдар социалистік Академиясы туралы қаулысының жобасындағы басты міндеттер қатарына әлеуметтік зерттеулерді қою керектігі аталған. Әлеуметтанудан ғылыми дәреже еңгізіліп, Петроград пен Ярослав университеттерінде әлеуметтану кафедрасы ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет