1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет15/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Басты іріктеу деп- проблемаға қатысы бар бақылау бірлігінің барлық жиынтығын айтады. Бақылау бірлігі ретінде тікелей мәлімет көздері есептеледі. Оның қатарына зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне тәуелді әрі байланысты жеке адам немесе адамдар тобы жатады. Зерттеуге тікелей қатысты басты іріктеудің бөлігі ішінара жинақтау деп аталады. Сондықтан оны операциялардың барысында «ішінара» атауымен белгілеу қажет.
Жалпы практикада зерттеулер объекті адамдардың ірі топтарын біріктіруі мүмкін (мысалы, аймақтық проблема түрінде). Соған орай тексеру объектісіне қатысты барлық адамдарды сұрау-жауаппен қамту ұтымды нәрсе емес. Себебі оған қомақты материалдық шығындар мен уақыт талап етіледі. Ал, «ішінара» бөліп қарастыру бұл процесті аса жеңілдетеді. Сондықтан да бұл ереженің (процедура) мәні мынада: басты жинақтау құрылымының әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да әлеуметтік көрсеткіштерін бейнелейтін бақылаудың белгілі сандық бірлігін таңдап алу болып табылады. Нақтылап айтқанда «ішінаралық» бөліп зерттеу жоғарыда аталған көрсеткіштердің бәріне тән үлгі жағдайында болуға тиісті. Бұл ортақтық зерттеуге қатысты барлық тұрғындарға да қатысты.
Әлеуметтік құбылыстардың заңдылықтары жайлы дұрыс қорытындылар жүргізілген операциялардың сапасына байланысты. Ішінара бөліп зерттеу есептері жеке құжат ретінде бағдарламаға қосылады. Әлеуметтанымдық зерттеулердің теориялық бағдарламасының міндетті бөлігі болып бастапқы мәліметтер жинау әдістерінің сипаттамасы саналады. Егер де бастапқы мәліметтерді талдау мен өңдеу әдістері көрсетілмесе, онда бағдарлама толық болып саналмайды. Сондықтан оған электронды есептеу машинасына (ЭВМ) ұсынылғын өңдеудің логикалық схемасы қосылады.
Сонымен, әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасын жасау жәй нәрсе еместігіне көз жеткіздік. Зерттеудің өзіне қарағанда оған көбірек уақыт жібереміз. Тек барлық талаптарды ескеріп мұқият жасалынған, өзінің барлық құрылымды элементтері ғылыми негізделген әлеуметтанымдық зерттеу бағдарламасы ғана оның жоғары сапалы деңгейде өтуіне кепілдік бере алады. Топтап айтқанда әлеуметтанымдық зерттеу әдістемелік бөлімінің негізгі элементтері: негізгі түсініктерді анықтау, зерттеу гипотезалары , зерттеу объекті, проблемалық жағдай, ғылыми проблема, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, зерттеудің пәні болып саналады.
2. Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері. Өткен тарауда әлеуметтану пәнін ғылым ретінде бағалап оның түрлі және қарама-қайшы пікірлерін атасақ сонымен бірге пәннің әдістерін түсіндіруде де бұл жағдай кездеседі. Әлеуметтануды ғылым деп тоқетер анықтаманы нығыздау үшін тек оның нені зерттейді деген пәнін ғана емес оған қоса әдістерін де анықтауымыз керек. Бұл дәстүрлі талап кез-келген ғылымның пәні мен әдістерін анықтауға қатысты. Ал, әлеуметтанудың әдістерін анықтағанда ешбір ғылым, оның ішінде әлеуметтану да тек өзіне ғана тиісті әдісті иеленбейді. Керісінше, барлық ғылым жалпы ғылыми әдістерді пайдаланады. Оның элементтерін өзінің зерттеу міндеттеріне бейімдейді сөйтіп тек кейбір жекеленген жағдайда ғана ғылымдар өздеріне арналған әдіс элементтерін жасап оны тек өздері пайдаланады.
Әлеуметтану әдістерін түсінудің түрлілігі бірқатар факторлармен шарттас. Мәселен, әлеуметтанудың әдістері жайлы пікірге ғылымға тән қоғам туралы түсінік ықпал етеді. Ал, жекеленген қоғамдық құбылыстарды талдағанда қоғамды бүтін түсінудегі анықтамаларға сүйенеді. Қоғамды осылай түсінуді ғалымдар көп жағдайда өзге пікірлерден алғандықтан қоғамға өзіндік соны көзқарас сирек жасалынады. Соған сәйкес әлеуметтану дамуында қоғамның мәні тұрғысында бір-бірінен алшақ әрі қарама-қайшы көзқарастар пайда болып оның әрқайсысы әлеуметтану әдістерін түсінуге түрліше ықпал жасады.
Әлеуметтану әдістерін түсінуге елеулі ықпалды екінші фактор - ғылымның әлеуметтік рөлі туралы ұғым. Шындыққа жүгінсек, онда осы мәселенің төңірегінде түрлі бағыттағы және қарама - қайшылықтағы көзқарастар көп кездеседі. Ғылым не болды және тап қазіргі кезеңде не болып жатыр деген мәселені ғана зерттейді, дегенмен келешек туралы ештене айта алмайды дейтін пікір де өмір сүруде. Басқа көзқарасқа сүйенсек, онда ғылым тарих ағымы мен қоғам жағдайына негізінен ықпал етуге қабілетті емес оны өзерте де алмайды, қоғамның құрылымы мен ұйымдарындағы жекелеген кемшіліктерді жоюға қабілеттілік көрсете алмайды екен.
Ғылымдардың басым көпшілігі ғылымның қоғамды қайта жасау, өзгерту рөлін бағалайды. Ғылым қоғамды зерттей отырып оны сындық талдауды іске асырып, қоғамдық қатынастарды қайта құрудың құралы ретінде қызмет етеді деген пікірді жақтайды.
Әлеуметтанудың әдістері туралы пікірлердің сипатына ықпал ететін үшінші фактор - әлеуметтану ғылымына тән зерттеу техникасының даму деңгейі, зерттеу сапасы және жекелеген көрнекті әрі белгілі әлеуметтанушы ғалымдардың бейімділігі болып табылады.
Осы көрсетілгендермен қатар әлеуметтану әдістері жайлы пікір алшақтығын жақындатуға ұмтылған факторлар да болды. Дегенмен олар осы әдістерді түсіндіруге бірыңғай тұжырым жасай алмады. Соның салдарынан әлеуметтануды түрліше түсіну позитивизм, функционализм, структурализм, «әлеуметтануды түсіну» және марксизм шеңберлерінде қалыптасты.
Әлеуметтану әдістерін позитивистік тұрғыдан түсіну көптеген ғылымдардың күшімен жасалынды. Соған орай әлеуметтану әдісінің өзін жасауға аса ықпал етті. Дегенмен позитивизм шеңберінде де көптеген ағымдар бар онда оның негізгі идеяларын да бөліп алуға болады. Бұған ойлаудың теологиялық және метафизикалық әдістері білімнің практикалық анықталуы /интерпретация/, барлық ғылымдардың бірлігі мен қоғам құрылымының тиімділігі туралы ойларды санау қатысты. Позитивизмнің осы негізгі идеяларына байланысты әлеуметтану әдісіне көзқарастың мәні-қоғамды зерттеуге осы теорияның негізгі принциптерін, сонымен бірге оның жаратылыстану ғылымдарында қолданылатын әдістері мен систематикаларын енгізуге ұмтылуда болып отыр. Позитивистердің түсінігі бойынша бұл қоғамдық ғылымдардың объективтілігі мен дәлдігін жоғарылатудың ең дұрыс әдісі әрі қоғамдық ғылымдардың осылайша жаратылыстану ғылымдарымен теңесуі қамтамасыз етіледі. Мұндай пікірді жақтау сенімі қоғамды орналастыру ғылыми принциптерге негізделуі міндетті деген қағидамен байланысты. Әлеуметтану әдістеріне байланысты позитивизм идеяларының басты бағыттары Огюст Конт, Джон Стюарт Милл, Эмиль Дюркгейм және т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Әлеуметтану әдістерін функционалдық тұрғыдан түсіну функционализмнің негізгі ережелеріне сүйенеді. Мұнда тұтас алғанда әлеуметтік құрылымға қатысты қоғамдық құрылымның жекелеген элементтерінің рөлін ашуға ұмтылады. Себебі оның бөліктері жақсы интегралданған әрі тұрақты болып келеді. Функционализм позициясынан қоғам тұрақты жүйе болып есептеледі де оның бөліктері жақсы интегралданған болады. Дегенмен олардың әрбір бөлігінің өз міндеттері бар, сондықтан оларды жүйенің басты құндылықтарына қатысты келісім негізінде іске асырады. Осы қоғамдық жүйе нәтижелі өмір сүру үшін тәртіп қажет. Соған орай осы тәртіп, талаптардан қандай да болса бас тарту одан ауытқу болып саналады, ол адам осы жүйеге бейімделуі міндетті.
Жекелеп айтқанда, функционализмнің шектеулілігі мынада: ол құбылыстардың пайда болуын түсіндіре алмайды. Себебі функция құбылысты оның табиғаты тұрғысынан түсіндіре алмайды. Тек жүйе ішіндегі құбылыстардың өзара байланысын ғана көрсете алады. Оған қоса ішкі қарама-қайшылығы бар қоғамның өзі де салыстырып келгенде тұрақсыз жүйе екендігі белгілі.
Әлеуметтану әдістерін структуралистік ұғыну структурализм түсініктері негізіне сүйенеді. Оған сәйкес барлық заттар мен тіршілік, индивидуальды немесе ұжымдық мінез-құлық көріністерінің негізіне оларды түсіндіретін құрылымдар жатады. Ал, құрылым мен олардың табиғат өрісіне және қоғам өміріне ықпалын анықтауға бір ғана әрі негізгі теориялық-методологиялық принциптер қолданылады. Адам творчестволық тіршілік иесі ретінде өзінің қызметімен із қалдырады. Оның өзі қалай айтқанмен де белгілі принциптерге сәйкес құрылымдық әрі ұйымдастырылған болып келеді. Сондықтан адам туралы ғылым да құрылымдық тұтастық ретінде қарастырылады. Адам сыртқы күштердің жемісі болғандықтан структурализм өзінің негізгі принциптерімен қоса белгілі мағынада адамға сенімсіздік танытады.
Позитивизмді сынаудың нәтижесі ретінде қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтануда Макс Вебердің «ұғыну теориясы» пайда болды. Оған көңіл аударсақ – онда қоғамдық құбылыстарды зерттеудің басты мақсаты оларды ұғыну, түсіну болып табылады. М.Вебер, В.Дильтей, Г.Риккерт және В.Виндельбанд көзқарастарын қабылдаған. Онда табиғи және қоғамдық құбылыстар арасындағы айырмашылықтарға байланысты олардың нәтижесі болып саналатын жаратылыс пен қоғамдық ғылымдар әдістерінің айырмасы көрсетілген.
Әлеуметтанудағы әдістерді маркстік тұрғыдан түсіндіруді К.Маркстің негізгі ғылыми әдістерінің сипаттамасын қарастыру арқылы жүргізеді. Маркстік әдісті түсіну үшін алдымен оның адам және қоғамды қалай түсінетінін білу қажет. Мұның өзі адам және қоғам жайлы Маркстің ғылым мен ғылыми әдісті өзінше түсіндіруіне байланысты өрбиді. Одан өзге Маркстің ғылымның әлеуметтік рөлін қалай түсініп, фактілерді жинау мен тұжырымдарды қарастыруда қандай әдістерді пайдаланғанына қарап талдау жасаймыз. Адам мен адам қоғамын Маркс материалистік диалектика позициясынан қарастырады. Адам деп көрсетеді ол – табиғи нәрсе, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі болып табылады. Адам өзінің қызметіне байланысты өмірдегі материалдық және әлеуметтік тіршілігіне жағдай тудырады. Ал оның тарихы болса оның қызметінің жемісі. Маркстің жорамалынша ғылыми ой-пікірлер өмір сүріп жатқан қоғамның сыни талдануы болуы керек. Ол қоғам дамуының терең заңдарын ашып сол дамудың негізгі мақсаты мен бағыттарын көрсетіп отыруы тиіс. Маркс ғылыми ой-пікірлер мен практикаға қатысты өз түсінігін «Фейербах туралы тезистерінде» көрсеткен. Онда философтар дүниені түрліше түсіндіреді, ал басты мәселе оны өзгертуде деп тұжырымдалған. Маркс ғылымды сыни қызмет деп бағалады. Ғылым қолда бар мүмкіншіліктер позициясынан қоғамды сынауды іске асырып адамдардың өмір сүруіне қайырымды жағдайларды жасауы керек деп көрсетеді. Мәселен, табиғат құбылыстарын зерттеуде физик немесе бақылаушы барынша эксперимент жасап дәлелдемелер келтіріп отырады. Дегенмен, жаратылыстану ғылымындағыдай қоғамдық ғылымдарда экспериментті жасай беруге болмайды. Мұнда ғалымдар кейбір мәселелерді анықтау үшін эксперимент рөлін атқаратын абстракцияға жол береді. Бұл мәселеде мақсатты толық түсіндіру үшін, абстракцияны нәтижелі қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы жақсы білім қажеттігін Маркс алға тартты. Абстракция арқылы ол құбылыстың зерттелу объектісі ретіндегі маңызды сипаттамаларын бөліп көрсетуді көздеді.
Қоғамдағы байқалатын қоғамдық құбылыстар өзара байланысты. Сондықтан қоғамдық құбылыстар мен қоғамдық қатынастарды зерттей отырып және осы негізде қоғам дамуының басты бағыттары мен құрылымын тұтастық ретінде көрсете отырып бүтіндей қоғам дамуының ең жалпылама заңдарын ашуға болады. Бұл үшін осы қоғамның нағыз ақиқатының бөлігі болып табылатын әрі осы қоғамның ең ерекшеліктерін сипаттайтын құбылыстар мен қатынастарды ашып және оны зерттеу қажет. Сонымен адамзат қоғамын зерттеудің осындай әдістеріне сүйене отырып әлеуметтану өз әдістерін құрады. Әрине осы шеңберде олар бір-бірінен фактілерді жинау әдістері, жиналған мәліметтерді реттеу мен жекеленген қорыту әдістері және ғылыми қорытындылау әдістері тұрғысынан ажыратылады. Әлеуметтану осы барлық әдістерді зерттеу барысында қолданады. Әрине онда түрлі фазалар /кезеңдер/ сақталып зерттеу нәтижелері қоғамды тұтас ғылыми тануға ықпал жасауы қажетті талап.
Қоғам жайлы, әлеуметтік құбылыстар жайлы жиналған мәліметтер мүмкіндігінше шындыққа сәйкес, әділетті болу үшін қазіргі әлеуметтанымда мәліметтер жинаудың бірқатар жетілген әдіс-тәсілдері қолданылады. Сондай әдіс-тәсілдерге бақылау, сұрау әдістері, салыстыру, математикалық-статистика әдістері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет