1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Еңбек мазмұны мыналарға әсер етеді



бет48/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Еңбек мазмұны мыналарға әсер етеді: а) еңбекке деген қатынас және еңбекпен қанағаттану; б) еңбекке деген қызығушылық дәрежесі; в) кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек өнімділігінің деңгейі.
Еңбектің мазмұны оның техникалық –функциональдық жағын, ал еңбектің мазмұндылығы – оның әлеуметтік – психологиялық құрылымын көрсетеді (еңбек ынталандырғышы, еңбек мотиві, құндылықтар және құндылықтық бағдарлар: еңбек қызметіндегі құлықтық нормалар).
Кәсіп қоғам ішінде еңбек бөлінісінің әсерінен пайда болады. Қызметкер өз кәсібінің күштеріне қарай физикалық немесе ақыл –ой еңбегіне, өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылығы, атқарушы немесе басқарушы еңбегіне жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы еңбектің кәсіптік бөлінісінің дамуын да көрінеді. Кәсіп белгілі бір теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін барынша ауқымды және тұрақты қызмет түрін білдіреді. М. Вебер кәсіпті бір адамның белгілі бір функцияны өзін қамтамасыз етуші немесе жалақы алуына негіз ретінде тұрақты орындауы ретінде анықтайды. Кәсіп негізінде даралық еңбек бөлінісі құрайтын мамандықтарға бөлінеді. Мамандық қызметтің барынша тар және тұрақтылығы шамалы түрін білдіреді.
Өндірістің бөлінісін тереңдету мен қоса жүретін ғылыми-техникалық прогресс өзімен кәсіптік еңбек бөлінісін тереңдете түседі. Кәсіптің саны барған сайын арта түсуде. Мамандар казіргі кезде біздің елімізде шамамен 7000 кәсіпті атайды. Кәсіпті жіктеудің халықаралық стандартына 1998 жылы 9333 кәсіп енгізілді. Мамандардың айтуынша, адам өз өміріне 5 рет кәсібін өзгертеді.
Кәсіп-бұл кез келген еңбек қызметі емес, белгілі бір белгілері бар қызмет қана. Кәсіптің көпшілік анықтамалары оның бес сипаттамасынан тұрады.
Біріншіден, кәсіп белгілі бір жұмысты қысқа емес, салыстырмалы түрде ұзақ уақыт орындайтын қызмет түрін білдіреді.
Екіншіден, бұл арнайы білім мен икемді талап ететін қызмет.
Үшіншіден, кәсіби қызмет белгілі бір кәсіптің шеңберінде де, сол сияқты оның сыртында да белгілі бір кәсіби мінез-құлыққа алып келеді (тануға болатын көзқарас, полиция, мұғалім бет-әлпетінің ерекшелігі және с.с.).
Төртіншіден, кәсіби қызметті орындау кәсіби бірігу және белгілі бір кәсіп өкілдерінің ұйғарымы арқылы жиі жүзеге асатын кәсіби мүддені қалыптастыруға алып келеді (осының негізінде және кәсіби мораль мен салттардың нормалары пайда болады).
Бесіншіден, бір кәсіп өкілдерінің басқа кәсіп өкілдеріне қатысты ұйым мәнінде, сол сияқты қоғамдық мәнде ерекше мәртебеге ұмтылуы индивидтің өзі жататын кәсіпке бірегейленуіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет