1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет39/52
Дата07.12.2022
өлшемі281,75 Kb.
#161697
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
Тезисы Социология каз.2020 г.

Екінші бағыт – бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге, ең алдымен, отбасының, оның мүшелері мен туған-туысқандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті, халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдетғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнегеөсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштердің – әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады.
Үшінші бағыт – реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Дін топтастыру қызметін де атқарады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады. Діндерді мәмлеге келтіретін ондағы адамгершілік қағидалар. Осылар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.
7 тақырып. БАҚ, технологиялар және қоғам

1. Коммуникативті үдерістер


2. Бұқаралық коммуникация
3. Технология және әлеуметтік өзерістер
4. Бұқаралық ақпарат құралдары
5. Бұқаралық ақпарат жинау

1. Әлеуметтік үдірістердің ішінде алдынғы қатардағы орында қоммуникация (лат. Commuicatio – хабарлау, беру әдістері) алады, яғни адам, топ, халық, мемлекеттердің өзара байланысқа түсетін қажетті элементі болып, ақпарат, сезім, бағалау, құндылықтар мен т.б. өзара тасмалдауды жүзеге асырады. Коммуникациясыз әлеуметтік қауым, әлеуметтік жүйе, институт, ұйымдар мен т.б. қалыптасуы, әлеуметтену мен социумның бүгінгі таңдағыдай болуы мүмкін емес. Коммуникация қоғам өмірі, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың барлық жағынан жіпсіз байлауды. Әлеуметтік өмірдің барлық зерттеулері олардың барлық формаларын қамтуда.


Коммуникацияның көптеген анықтамалары бар. Әлеуметтану түсінігіне жақын келетін солардың біршамасын айтып көрейік. Коммуникация ақпарат, идея, эмоция, дағдылар мен т.б. нышандар арқылы – сөз, сурет, кесте және т.б. беру. Коммуникация – бұл үдіріс, яғни әлемнің бір бөлігімен екінші бөлігін жалғастырушы. Коммуникация – бұл үдіріс, яғни көпшілікке жариялаушы. Ақырында коммуникация – бұл механизм, яғни биліктін бір тұттқасын ұстаған.
1948 ж. Американ политологы Г.Лассуэл бес элементті өзіне қамтыған, қарапайым коммуникативтік үдірістің моделін ұсынды:
1. Кім? (хабар беруші) - коммуникатор
2. Не? (беріледі) - хабар
3. Қалай? (хабардың жүзеге асуы) - канал
4. Кімге? (хабардың бағыты) - аудитория
5. Қандай эффектімен? - эффективті
Схемада көрсетілген әрбір элемент көптеген зерттеулердің объектісіне айналды.
Коммуникацияның келесі түрлерін бөліп көрсетті: тұлға аралық, топтық және бұқаралық.
Тұлға аралық коммуникация адамдардың «бетпе-бет» тікелей байланыста болуы. Бұндай коммуникация серіктестердің психологиялық өте жақын екендігін, яғни бір-бірін түсініп және қолғабыс беретіндігін анықтады. Тұлға аралық коммуникацияда үш өзара байланыстын жақтарын бөліп көрсетеді: коммуникативтік (тар мағынада «коммуникация»), перцевтивті және инерактивті. Тұлға аралық коммуникацияның коммуникативті жақтары серіктестер арасындағы пікірлесудегі ақпараттын алмасуы. Тұлға аралық коммуникацияның интерактивтік жақтары («интеракция» - өзара байланыс сөзінен шыққан) өзара әрекет етушілердің арасындағы әрекет алмасуы (мысалы, сұрақ – жауап, өтініш- бас тарту 50 немесе келісу.) Тұлға аралық коммуникацияның перцептивті жақтары адамдардың бір бірін түсінуі мен қабылдау үдірісі, белгілі бір тұлға аралық қатынастын қалыптасуы.
Бұқаралық коммуникация – бұл ақпараттардың таралу үдірісі мен арнайы құралдар арқылы қоғамға ықпал етуі: баспасөз, теледидар, радио, кино және т.б., нәтижесінде хабарлама үлкен топ адамдарының қолына түседі.
Бұқаралық коммуникация әлеуметтік субъектілердің өзара байланысын ұсынып, бұқаралық ақпарат алмасу арқылы жүзеге асады. Бұқаралық ақпараттың айтарлықтай кең таралуы ХХ ғасырда орын алуда, яғни оған себеп радио, теледидар, телефон, интернет және т.б техникалық құралдар қазіргі қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналуынан, Бұқаралық коммуникация ролінің бүгінгі біздің қоғамымызда әрдайым арта түсуі тек техника мен технологияның дамуынан ғана емес, күрделенген және өзара байланысқан әлемнің сұраныс талабы жаңа ақпараттар көзінің қажеттілігіне келіп тіреуден.
Бұқаралық коммуникацияның қазіргі уақытта бірнеше теорияларын атауға болады, яғни қоғамдағы бұқаралық ақпараттар құралдарының ролін әртүрлі мағынада түсіндіруге байланысты. Мысалы, қоғамдағы бұқараның көзқарасы бойынша бұқаралық ақпараттар құралдарының теориясы, билік институтымен астарланып халық тағдырын шешуге атсалысады. Бұл өз кезегінде билік құрылымын бұқараның орталықтанған бақылауымен қамтамасыз етіп, тұтастай қоғамда тұрақтылық сақтайды. Маркстік теория бұқаралық ақпараттар құралдарын рухани өндірістің, яғни иелік етуші класстардың сойылын соғатын құралы деп қарастырды. Батыс саясиэкономикалық теория бұқаралық коммуникация шеңберінен жеке меңшікті бөлу механизмі мен нарықтық күштін әрекетін анықтайды. Франкфурт мектебінің сыни көзқарасы бұқаралық ақпараттар құралдарын билік механизмі ретінде өзгерістерді тежеуге, эконмикалық дамудың тарихи үдірісін тас-талқан етуге қабілеті бар суперқұрылым деп түсіндіреді. Гегемония теориясы масс-медияны идеалогияға теңейді, яғни үстемдік етуші класс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы басқалардан өздерін биік қояды. Культуралогиялық әдіс бұқаралық мәдениеттің бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, жалпы әлеуметтік контексте девиантты мінез-құлықтарға қарсы шығудың жолын іздестіруді түсіндіреді. Құрылымдық-функуионалдық теория масс-медияны әртүрлі әлеуметтік жүйенің өзара байланыс құралы, яғни олардың қажеттілігін қанағаттандырушы ретінде қарастырады.
Қарастырылған әдістерді жинақтап қорытындылай келе бұқаралық коммуникацияны жеке және топтық санаға былайша ықпалын тигізетіндігін көруге болады. Әлеуметтік институттар мен бұқаралық ақпарат құралдары аудиторияларымен өзара байланыса отырып адамдарда әртүрлі қажеттіліктер, қызығушылықтар және әуестіктерін қалыптастырады. Осылайша мотивациялық жүйенің қалыптасуы, адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өз мақсатына икемдеуге ықпал етеді. Өзіне қажетті ақпарат көзін табушы адам кейін келе оған тәуелді болады. Мысалы, жасы келген адамдарға қозғалу қиын болғандықтан олар сыртқа шығудан қалып, теледидардан берілетін бұқаралық ақпарат құралдарына тәуелді болады. Жас өспірімдер болса осылайша видеоиндустрияға тәуелді болып, өз алдына әлеуметтік топты құрайды.
Коммуникациялық технологияның дамуы негізінде бұқаралық коммуникацияның жаһандануына, яғни интеграция теориясының тууына алып келеді. Бірақ та, қазіргі әлемдегі технология мен әлеуметтік даму екпінінің сәйкес келмеуінен әртүрлі әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпараттардың ерекшелігіне ойшылдар назар аударуда. ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы теория өтпелі қоғамдағы бұқаралық ақпараттын негізгі концепсиясына айналуда.
Бұқаралық коммуникация өзінің күрделілігімен біршама пәндер мен халықтардың өзекті мәселесіне айналуда. Бұл үдірісте маңызды ролге ие болған 1957 жылы ЮНЕСКО мен әлемнің 80 елінің 2500-ден асатын зерттеушілерінің бірігуінен құралған Халықаралық ассоциация бұқаралық ақпаратты зерттеуде. Бұқаралық коммуникацияны зерттеуде бұл ассоциация бірнеше әдісті ұсынды: коммуникация секциялары, халықаралық коммуникация, саяси коммуникация, құқық, саяси экономика, әлеуметтану және әлеуметтік психология, зерттеу методологиялары, касіптік білім беру, құжаттар мен ақпараттар жүйесі, коммуникациялық технологиялық саясат және т.б.
Кеңес Одағында бұқаралық коммуникацияны зерттеу 60 жылдардың ортасынан бастап қолға алынды.
Ал Қазақстанда 90 жылдардың басынан бастап белсенді орын алды.
2.Бұқаралық коммуникация – феномен, қазіргі қоғамның барлық қырынан бойлай отырып, бұқаралық және топтық санаға әртүрлі әдістермен әсер етуде.
Бұқаралық коммуникация қоғамда кең тараған әлеуметтік объектілер туралы кестелеп және қарапайым түрде түсіндіруге тырысады, осыдан келіп әлеуметтік сереотиптердің қалыптасуы байқалады. Стереотиптің орын алуы ұлттарға, класстарға, топтарға және т.б. ықпалын тигізеді. Басқа топтарды сереотип арқылы қабылдаудың екі жағы болады: позитивтік (стереотип салыстырмалы тез білім береді, яғни топтарға деген көзқарастын біршама кең болуын) және негативті(негативті сипаттармен толықтырылған стереотип топ аралық өшпенділікті тудыруы мүмкін).
Бұқаралық коммуникация саяси әлеуметтенудің маңызды көзіне айналады (саясат саласында сайлауға қатысу құндылықтары мен формаларын игеруге). Бұл арада біршама маңызға ие жаналықтар бағдарламасын айту керек. Дәл осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрермендер мен тындаушылар, әсіресе жастар саясатқа қатысты біршама ақпараттарды алады. Саяси бұқаралық комуникацияға деген қызығушылық саяси ақпараттармен ауыздандырылғанда және оны ата-аналарымен, құрдастарымен ортаға салып талдағанда арта түседі. Сонымен қатар, бұқаралық коммуникацияның әсері адамдардың шынайы саяси мінезқұлықтарынан гөрі (дауыс беру, қатысу формалары) саяси фактілерді бағалаудан айқын көрінеді.
Бұқаралық коммуникацияның негативті әрекеттері де орын алады, яғни оған ақпарат алушылардың тез арада өз тілектері мен қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқып алуы дағдылары мен шығармашылық әлеуеттерінің құлдырауы.
Тән кейіпкерлері - бейне көріністер кейбір адамдарды, отбасыларды өзіне баурап алады. «Күндізгі түстей» өзіне ұйытқан телефильмдер шынайы өмірдің қиындықтары мен мәселелерін тасада қалдырып, әлеуметтік дезадаптацияның орын алуын терендете түседі.
Бұқаралық ақпараттар құралдарының адамдар дамуына тигізер ықпалы соншалық қылмыс істеушілер алдында олардың үздіксіз үрейленуіне әкеледі. Осындай үрейлер қылмыскер жазасының ашық болуына тікелей байланысты: себебі қылмыскедің қолға түспеуі, жәбірленушінің қасіреті оларға тек үрей мен қобалжу ғана алып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында күш көрсетушілік әрекеті өте жие кездеседі. 1957 мен 1985 жылдар аралығында АҚШ мемлекетінде теледидардан көрсетілген күш көрсетулер 4 есеге өскен. 90 жылдардың бастарында Қазақстанда да осындай тенденция байқалады.Бұқаралық ақпарат құралдарындағы осындай күш көрсетулердің орын алуы, адамдардың агрессивті мінез-құлықтарының пайда болуына алып келеді.
Шынайы агрессия мына жағдайда азая түседі, егерде агрессорды көпшілік алдында жазалайтын болса. Ал егер бұл көрініс керісінше орын алса, яғни агрессорға әлеуметтік тұрғыдан кешірім берілсе онда жағдай шиеленісе түседі.
Бұқаралық коммуникацияның позитивті әрекеттері. Оның позитивті жақтарына білгірлікті, білуге деген құмарлықты арттыруын, сөйлеу дағдысын әсірелеуін жатқызуға болады. Бұқаралық коммуникация кең пейілділікке, достыққа, кооперация мен ұстамдылыққа. әлеуметтік ережелерді қатаң сақтауға, сонымен қатар үрей мен қобалжуды азайтуға мүмкіндік береді. Балалардың гуманистік бағыттағы киноларды көргеннен кейін құрдастарымен тілдесуі, басқа адамдарға деген адал ниетті көзқарастары арта түседі.

3. Технология және әлеуметтік өзгерістер. Әлеуметтік қозғалыс арқылы адамдар қоғамды өзгертуге тырысады. Басқа жағдайларда адамдардың сүранысы қарапайым болғанымен, үлкен әлеуметтік өзгеріс болуы мүмкін. Технологиямен байланысты жағдай дәл осындай.


Қазіргі технология бұрынғыдан қуатты әрі қауіпті: автокөлік пен ядролық бомбаның жойқын күші жылқы жегілген арба мен қылыштан асып түседі. Сондықтан технологиялар енгізетін әлеуметтік өзгерістерге де мән беру қажет.
Технология дегеніміз - адамның білімі арқылы қүралдар жасау және табиғи ресурстарды пайдалану. «Технология» термині тек құралдарға байланысты емес (материалдық мәдениет), сонымен бірге біздің тұжырымдарымызға, құндылықтарымызға және біздің соған көзқарасымызға байланысты да қолданылады. Бүгінгі жоғары технологиялар саласындағы заманауи жетістіктерді ғана технология деп санауымыз дүрыс емес, оған қарапайым керамика мен тоқылған себет те жатады. Демек, технология адамзат тарихының басталуынан мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған.
Технология қоғамның даму шегін айқындайтындықтан технологиялық инновациялар - әлеуметтік өзгерістің басты қозғаушы күші. Технология аң және балық аулау мен бағбаншылықты сол кезде ауыл шаруашылығына, кейіннен өнеркәсіптік, одан соң постиндустриалдық қоғамға айналдырды. Қазіргі таңда мәдениет пен қоғамның өзгеруіне қарай пайда болатын жаңа сұраныстарды қанағаттандыру үшін жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл үздіксіз жалғасатын цикл іспетті. Әлеуметтік өзгерістер жаңа технологиялардың пайда болуына да, олардың қолданылуына да себепкер болып отырады.
Технология және әлеуметтік өзгерістерге теориялық көзқарастар
XIX ғасырдан бастап әлеуметтанушылар технология мен әлеуметтік өзгерістердің арасындағы байланысты зерттеді. Көптеген әлеуметтанушылар өндірістік революцияның салдарын және одан туындаған әлеуметтік өзгерістерді бақылау үшін ғылыммен айналыса бастаған. Бұл бөлімде технология мен әлеуметтік өзгеріс арасындағы байланыстардың құрылымдық-функциялық және конфликт теориялары тұрғысынан түсіндірілуі қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет