1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі



бет36/90
Дата07.02.2022
өлшемі2,84 Mb.
#90961
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90
Байланысты:
ЭТН о у- дістемелік жиынты

5.2. Фирма және кәсіпкерлік

1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері. Кәсіпкерліктегі тәуекел


2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктері
3. Фирма - нарықтық қатынастар жүйесінде. Фирма теориясы
4. Фирманың жетілген және жетілмеген бәсеке нарығындағы экономикалық тепе-теңдігі
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда, нарық атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Кәсіпкерлік тәуекелі әлеуетті қауіп-қатерлі болады. Ресурстарды жоғалту немесе ресурстарды тиімді пайдалану жолымен белгілегенге қарағанда табысты кем алу қаупімен сипатталады. Былайша айтқанда, тәуекелділік кәсіпкерлерге белгіленген жоспарға, жобаға қарағанда қосымша шығын жұмсау қаупінің төнуі.
Егер тәуекелділік ресурстарды жоғалту немесе кірісті азайту қаупімен анықталатын болса, онда абсолютті түрде анықтаумен, оны материалдық-заттай формасында немесе ақша формасында да өлшеуге болады.
Сөзсіз, тәуекелділік ықтималды категория, бұл мағынада алғанда ғылыми тұрғыдан неғұрлым негізделген және белгілі деңгейде шығын болуы ықтимал, сонымен қатар оны өлшеуге де болады.
Тәуелділікті жан-жақты талдап, бағалағанда абсолютті және салыстырмалы түрде мүмкін болатын шығындар көлемінің әрқайсысының пайда болуының ықтималдығын жеке қарастырған жөн.
Ықтималды қисық сызықты сызу - тәуекелділікке баға берудің алғашқы сатысы. Бірақ та шамамен мұны кәсіпкерлікке келтіру аса күрделі міндет болып табылады.
Тәуекел – айтып өткендей кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, пайыздық.
Енді тәуекелділіктің кейбір негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтелік. Осы мақсатпен шығын көлеміне байланысты тәуекел жасау аймағын бөлу қажет.
Егер шағын қуат болмайтын болса, онда оны тәуекел жасалмайтын аймаққа жатқызуға болады. Ал, тәуекел жасау аймағына – кәсіпкерлік қызмет түрінің экономикалық жағынан пайдалылығының болуын жатқызуға болады. Мұнда, әрине, шығын болады, бірақ, оның мөлшері алынатын пайдадан аз.
Келесі неғұрлым ең қауіпті болатын – қиын-қыстау аймағы.
Мұнда шығын көлемі алынуға тиісті пайдадан асып кетуі де мүмкін, тіптен бұл аймақта кәсіпкерлік іске жұмсалған барлық шығындардың орыны толмай қалу жағдайына жетуі де мүмкін Мұндай жағдайда кәсіпкер өз ісінен зиян шегіп, барлық шығынды өз мойнына алады.
Жоғарыда аталған мүдделерге байланысты шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекет саясаты екі бағыттан тұрады: бірінші – дамуды қолдау, екіншісі – мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді қосу.
Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы» Жарлығы оң ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай кезек күттірмес мәселелер ауқымы айқындалған:
- шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттар құру;
- шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдау;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);
- шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу – ол үшін кәсіпкерлікті дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру.
Қазіргі уақытта Ақмола мен Қостанай облыстарынан басқа барлық аймақта іс жүзінде шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінен құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылған.
«Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдар дайындалып, қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.
Осы заңдар бойынша шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.
Шағын кәсіпорындардың кейбір салаларындағы қызметтерді экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда статистикалық есеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер, яғни жалпы ұғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар табысты болып келеді екен.
Кәсіпорындардың және оларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының тұрақтамауы, шағын бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәсіпкерлердің өндірістен және инвестициядан «қашуы» сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер, қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады. Мәселен, оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржылық қаражаттың шектеулігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процестерді бақылау және оларды теңестірудің жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық, жергілікті ұлттық экономиканың айрықша секторы түрінде бүтін секілді өмір сүріп, дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген.
Шағын кәсіпкерліктің бірсыпыра сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың өзіндік сипаты ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:
- меншіктік құқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан, менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі рөлі мен мәнін күшейтеді;
- кәсіпорын ауқымының шектеулілігі және қожайын мен жұмыскердің арасындағы тікелей байланыс, бір жағынан, басқару тиімділігін арттырады, екінші жағынан - өндіріске тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;
- кәсіпорын мүмкіндігі мен ресурстардың шектеулілігі, бір жағынан, оған тауар түріне (жұмыс, қызмет) берілген бағаға және тауарлы нарық жағдайына айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін тудырады, екінші жағынан – қызметтің түрін тез өзгертуге жағдай жасайды;
- тұтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті нарыққа бағдарлануы, бір жағынан, сатуды кеңейтуді шектейді, екінші жағынан – тұрақты сұранымды қалыптастырады және қызмет көрсету сапасын көтеруге ынталандырады;
- қаржылық ресурстарға жол ашуды шектеу, бір жағынан өндірісті кеңейту мүмкіндігін шектейді, екінші жағынан, қаржылық ресурстардың бытыраңқы нарықтарын (жеке жинақ, таныстар мен туысқандардың қаражаттарын, өсімқорлар капиталын) пайдалануға итермелейді.
Шағын кәсіпкерлік - өміршеңдік деңгейі төмен және тәуекелшілік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:
- өте беймәлімділігімен, белгісіздігімен және стихиялығымен сипатталынатын жергілікті, бір маңайдың аумағынан аспайтын нарықта кәсіп етеді. Бұл – ондай рнарықтарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс жүзінде реттелмейтіндігіне байланысты;
- мемлекетпен қатынас жүйесінде, ірі және орташа бизнестермен, қаржы-несие институттарымен, ұйымдасқан қылмыспен объективті түрде «әлжуаз» позицияда тұрады, мұны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;
- өзінің айтарлықтай ішкі резерві болмағандықтан ол сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді.
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулерімен байланысты болады. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік секторының оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жіберді.
Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлей алатын сұранымды жалпы қысқарту, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы аядағы күшейе түскен бәсекелестік шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай дағдарысқа ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «көлеңкелі» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.
Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелей шектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі діттегеннен гөрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі – салыстырмалы түрдегі нашар өміршеңдігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.
Экономиканың бұл секторына мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:
- ел экономикасының құрамдас бөлігі болып, экономиканың дамуы мен тиімділігі деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді, мұның өзінде орталықсыздандырылған қаржы көздерін пайдаланады;
- бюджетке салық төлеуші болып саналады, мұның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ;
- орташа және ірі бизнестер үшін қай жерде кадрлар мен капитал жинақталса, экономиканың сол секторы болып шығады;
- қай жерде мемлекет әрекеті немесе ірі және орташа бизнес тиімсіз болса, нарықтың сол секторындағы тауарға, жұмысқа және қызметке деген сұранымдарды қанағаттандырады;
- қай жерде бәсекелі орта тұрақты сақталса және негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса, экономиканың сол секторы болып саналады;
- еңбектің қоғамдық бөлінуін тереңдетеді және болымсыз шығынмен нарықтық инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік туғызады.
Шағын кәсіпкерліктің саяси мүддесі мынаған саяды:
- болашақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретінде, орташа топты қалыптастыратын көздердің бірі болып саналады;
- көрсеткен қолдауынан бүгінгі күні бір нәтижеге жетіп, оны болашақта ұлғайтуға үміттенетін әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді.
Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:
- еңбекке жарамды халықтың айтарлықтай бөлігін жұмысқа тартады және олардың экономикалық дағдарыс жағдайында тіршілік етуіне қол ұшын береді;
- халықтың ең белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасайды және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік туғызады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет