5 тақырып. Нарықты экономиканың мәні және қызмет атқару механизмі Нарықты экономика товар-ақша қатынастарының ең жоғарғы даму сатысы ретінде. Нарықтың мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары және кемшіліктері. Нарықты экономиканың ұстанымдары: маржиналдық талдау, баламалы таңдау шығындары, экономикалық ұтымдылық. Нарық механизмінің элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.
6 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші жағдайлар. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі.
Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.
Тұтынушылық мінез-құлқы. Тұтынушының жалпы (түпкілікті) және кезекті (қосымша) пайдалықты максималдау талдамы.