9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан
көрсеткіштер жүйесі
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды - заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды - заттай түрінде өндіріс құрал - жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал - жабдықтар өндірісі (1-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (2-ші бөлімше).
ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал - жабдығы құнына бөлінеді: (С) шикізат, материалдар және машина,ірі жабдықтар, зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн немесе ұлттық табыс (V+M). Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V) – (жұмыс күшіне шығындар) және қосымша өнімге (М), - (қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді.
Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚО) құн формуласы:
W=c+ v+ m
Мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.
с - өндіріс құрал - жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн.
v – қажетті өнім.
m – қосымша өнім.
Осы экономикалық көрсеткіш қоғамдық өндірістің нәтижесін көтеріңкіреп көрсетеді, себебі кейбір технологиялық процестерде шикізат пен материалға шығындар қайталанады немесе қосарлы есеп - шот жүргізуге болады.
Мысалы:
Мұндағы тек Мұндағы құн: Мұндағы құн: Станок құнына
темір темірдің темірдің, темір мен
рудасының және темір темір рудасы
құны темір рудасының құндарымен
рудасының және есептелген
құнынан болаттың болаттың құны
тұрады құнынан алынады.
тұрады
Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш - түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп - шотын жүзеге асырмайды. Түпкі өнім мөлшері төмендегідей формуламен анықталады:
Кпр= c1+ v+ m
Мұндағы: с1 - машина, жабдық ірі үйлер, алып құрылыстар
(амортизация),
v + m- жаңа құрылған құн, таза өнім немесе табыс.
Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылды, яғни олардың қайталану есеп - шотын болдырмайды. Қоғамның экономикалық дамуының ең маңызы - жиынтық көрсеткішке ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары игерген табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетелдік тәжірибеде ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ=ТҰӨ - жанама салықтар
Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстары қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |