Ұлттық идеяны қалыптастыру - Қазақстан қоғамының басты қажеттілігі.
Қоғамның барлық әлеуметтік топтарының консолидациялануы белгілі бір бірікктіруші идеяны қажет етеді. Бүгінгі мәдениеттанымдық және қоғамдық-саяси ой Қазақстандық қоғамның ментальдығы мен ұлттық идеяны байланыстырушы универсалды және жалпы сипаттағы еуразияшылдық принципін ұсынады. Тарихи-гергарафиялық кеңістік ұғымымен қатар автохондық мәдениетке негізделген белгілі менталитетті білдіретін еуразияшылдық қоғамдық пікірде кеңінен талданып, ұлттық бірегейлікті қаллыптастыруға қажетті ұлттық идея ретінде насихатталғанымен жаппай қолдауға ие болған жоқ. Ұлттық идеяға телініп кеткен еуразияшылдық бастапқыда ел басның тәуелсіз мемлкеттер достығын біріктіруге байланысты айтқан идесы еді. Еуразиялық Одақ идеясының тууы мен оның мазмұны, толғаныстары мен өзектілігі Н. Назарбаевтың әр түрлі мінбелерде айтылған сөздері мен оқыған баяндамаларында сөз болды.
Саяси қажеттіліктен туындаған бұл идея бүгінгі күні де әлі күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Жалпы еуразиялық мәдениеттің біздің тарихи мәдени өткенімізбен байланысы бар екендігі даусыз, жан-жағын Карпат, Кавказ, Орал, Алтай, Тянь-Шань таулары қоршап тұрған Ұлы Дала деп аталатын еуразиялық кеңістік сан ғасырлар бойы көшпелі түркі халықтарының табиғи аясы, тіршілік негізінің түп қазығы болып келеді.
90-жылдардың екінші жартысынан ұлтаралық келісімді сақтау мен дамытуға негізделген мемлекеттік мәдени саясат логикалық жалғастықпен дәйекті түрде жүргізілді. Бұл, мемлкеттік тәуелсіздіктің негізгі өзегі болып табылатын жаңа ұлттық сананың, жаңа азаматтық сәйкестіліктің және жаңа отаншылдықтың орнығуына үлкен ықпал ететін маңызды шаралар болды.
1937 жылғы қуғын-сүргіннің алпыс жылдығына байланыстыра отырып, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланы ел үшін де, халық үшін де ауадай қажет шешім болғандықтан барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болды.
1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы саясаттың жалғасы болды. Төл тарихты тану арқылы Қазақстан халықтарының береке-бірлігін, ынтымағы мен жарастығын, достығы мен туыстастығын одан әрі нығайту мақсат етілді.
Әлеуметтік ахуалды ішкі саяси тұрақтылық пен азаматтық татулықты сақтау барысында «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануының аса саяси мағыналық астарымен қатар үлкен символикалық мәні де болды. Қазақстандықтардың тұтастығын мақсат ете отырып, өткен тарихтың тағылымдарын терең ұғынып, оның өміршең дәстүрлерін өрнекті түрде жалғастыра білу шынайы ұрпақтар сабақтастығы бар жерде ғана мұратына жете алады.
Ал үстіміздегі ғасырлар тоғысындағы өткен жылдың ел басы жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы жалпы көпшіліктің тарапынан кең қолдау тапты. Халық пен ұлттың болашағы, оның мәдениеті мен білімділігінің деңгейі ғасыр басында қаланған іргетастың бәріктілігіне байланысты.