1-тақырып. Жалпы ережелер


Саяси құқықтар мен еркіндіктер және оларды жемқорлық құқық бұзушылықтарынан қорғау



бет31/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

4. Саяси құқықтар мен еркіндіктер және оларды жемқорлық құқық бұзушылықтарынан қорғау
Саяси құқықтар мен еркіндіктер – бұл жеке, әлеуметтік, экономикалық және басқа құқықтармен қатар азаматтардың негізгі конституциялық құқықтар тобының бірі. Олар азаматтарға елдің қоғамдық және саяси өміріне араласуға мүмкіндік береді. Азаматтардың қоғамды және мемлекетті басқаруға қатысу құқығын, сайлау құқығын, бірігу (одақтар еркіндігі) құқығын, жиналыстар мен манифестациялар еркіндігін, ақпарат еркіндігін, петициялар құқығын қамтиды*.
Құқықтардың бұл тобы, әдетте, қандай да бір мемлекеттің азаматтарына ғана арналады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес саяси құқықтарға мыналар жатады:
1) бейбіт әрі қарусыз жиналу, жиналыстар, митингтер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізу құқығы (32 бап);
2) мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару
органдарына сайлау және сайлану құқығы (33 б. 1т.);
3) республикалық референдумге қатысу құқығы (33 б. 2 т.);
4) мемлекет және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгіну құқығы (33 б. 1 т.);
5) мемлекеттік қызметке қол жетімділіктің бірдей құқығы (33 б. 4 т.).
Аталған құқықтар мен еркіндіктерді іске асыру Қазақстанның жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын талап етеді. Мысалы, мемлекеттік қызметке бірдей қол жетімділік құқығы мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен
____________________________
* Қараңыз: Үлкен заң сөздігі. – М.: ИНФРА-М. – 2002. – 441 б.

нақтырақ әрі толығырақ реттеледі. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар жүйесінде іскери мансап негіздерін заңнамалық негізде бекіту туралы мәсе-ле қойылып отыр. Қызметтік саты бойынша ілгері жылжу шарттарын белгілеу тамыр-таныстық, протекция мен сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне күрделі тосқауыл болады деп болжанып отыр.


Меритократия принципін қабылдау логикалық тұрғыда кадрларды іріктеу және орналастыру жөніндегі жаңа критерийлерге сәйкес келеді.
Қазақстанда осындай тәсілдеменің белгілі бір алғышарттары қалыптасып үлгерді және белгілі бір құқықтық тәжірибе бар. Осылайша, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының (2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-ІІІ) 26 б. 2 т. сәйкес облыс-тық сот судьясы болып заң мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын немесе судья жұмысындағы өтілі кемінде бес жыл болатын тұлға ғана тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ Жоғарғы сот судьясына қатысты ұқсас ереже бар. Сайлау құқығын іске асыру кезінде ҚР Конституциясының «Парламент» атты IV бөлі-мінің ережелері, сондай-ақ Қазақстан Респуб-ликасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының бұйрықтары қолданылады. Соңғы заңға сәйкес ҚР-дағы сай-лауды халықаралық ұйымдар және халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар, сонымен қатар азаматтығы жоқ тұлғалар тарапынан қаржыландыруға, сондай-ақ олардың Республикадағы сайлауды қаржы-ландыруға тікелей немесе жанама түрде араласуына тыйым салынған (2 бөлім, 33 б.). Сайлауды мемлекеттік

емес қаржыландыру шеңберінде сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана бағытталуы мүмкін (4 б. 34 б.).


Мұндай бұйрықтар сайлау процесінен жемқорлық құқық бұзушылықтарын аластатуға жағымды жағдайдалрды тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет