1-тақырып. Жалпы ережелер


Мүліктің энциклопедиялық анықтамасы



бет40/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Мүліктің энциклопедиялық анықтамасы мынадай:
1) ең алдымен тұлғаның (жеке немесе заңды тұлғаның), мемлекеттің немесе муниципалдық құрылымның меншігіндегі, не болмаса шаруа-шылық қарау немесе оперативтік басқару құқығы негізінде ұйымға тиесілі заттар мен материалдық құндылықтардың жиынтығы. Мүлік құрамына сондай-ақ ақша және құнды қағаздар кіреді;
2) заттардың және заттарды немесе басқа тұлғалардан мүліктік қанағаттануға деген (актив) мүліктік құқықтардың жиынтығы;
3) заттардың, мүліктік құқықтар мен міндеттердің жиынтығы, бұлар олардың иеленушісінің мүліктік жағдайын сипаттайды (актив и пассив)*.
Басымдық бөтен мүлікке беріледі, себебі өз мүлкіңді жымқыру мүмкін емес.
Ұрлау ретінде айыпталушы немесе басқа тұлғалар пайдасына бөтен мүлікті құқыққа қайшы (заңға қайшы) өтеусіз алу және (немесе) айналымға шығару ұғынылады. Ұрлау арқылы ең алдымен ұрланған мүліктің меншіктенушісі немесе осы мүліктің өзге иесі зиян шегеді. Бұл ретте иемденіп алу немесе талан-таражға салу ұрлық жасалуының формалары болып танылады.
Иемденіп алу – бұл бір нәрсеге иелік ету, бір нәрсені өз меншігіне жатқызу, айыпталушы тұлғаға белгілі бір мақсатпен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті заңсыз ұстап отыру (қайтармау), бөтен мүлікті өз меншігіне қосу.
_____________________
* Қараңыз: :Үлкен заң сөздігі. – М.: ИНФРА-М, 2002 – 224 б.


Талан-таржға салу – бұл ақша немесе меншікке заң негізінде иелік ететін тұлғаның осы ақша немесе мүлікті заңсыз пайдалануы, иемденіп
алған мүліктен айыру немесе оны тұтыну. Сеніп тапсырылған мүлік заңсыз түрде шығындалады, сатылады, үшінші тұлғаларға табысталады немесе оны ұрлаушының өзі тұтынады .
Иемденіп алу немесе талан-таражға салу түріндегі ұрлықты жасау сыбайлас жемқорлық қылмысын өзге заңға қайшы қол сұғушылықтардан ажыратушы фактор болып табылады.
Жемқорлыққа байланысты иемденіп алулар мен талан-таражға салулардың ерекшеліктері:
1) ұрлаушыға оның лауазымдық жағдайына немесе оның атқаратын жұмысына байланысты сеніп тапсырылған (яғни сенім білдіргендігіне байланысты берілген) мүлікті жымқыру;
2) мүлік басқа тұлғаның (жеке немесе заңды тұлғаның) меншігінде;
3) бұл ұрлықтар, әдетте, ұйымдасқан қыл-мыстық топтармен жасалады;
4) ұрлаушының мүлікке еркін қол жетімділігі, ұрлаушының сеніп тапсырылған мүлікпен талап етіліп отырған операцияларды жүзеге асыруы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет