3.Негізгі құралдардың тозуы, негізгі түрлері
Негізгі өндірістік құралдар өндіріс процесіне қатысуы мен пайдалану мерзімі ұлғайған сайын біртіндеп тозады, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Негізгі қорлардың тозуы эксплуатациялық жасқа жеткен ғимараттар мен қондырғылар, беріліс қондырғылары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, жұмыс малы, көп жылдық екпелер, материалдық емес активтер бойынша анықталады және ескеріледі. Негізгі құралдардың тозуы орнатылған нормаларға сәйкес толық календарлық жылға анықталады.
Тозудың екі түрін ажыратады: физикалық және моральдық.
Сурет 2. Негізгі қорлардың тозуы
Физикалық тозу – бұл тек негізгі қорлардың өндіріс процесіне қатысуы нәтижесінде ғана емес, әрекетсіз тұрған кезінде де түрлі сыртқы факторлардың әсерінен де (ылғал, атмосфераның әсері, коррозия) негізгі құралдардың өздерінің бастапқы тұтыну құнын біртіндеп жоғалтуы. Негізгі қорлардың физикалық тозуы негізгі қорлардың сапасынан, олардың техникалық сипаттамаларынан (материалдар конструкциясы, түрі мен сапасы, үйдің құрылысының және жабдықтар монтажының сапасы), технологиялық процесс ерекшеліктерінен (кесу, беру жылдамдығы мен күші), олардың әрекет ету уақытынан (жылдағы жұмыс күндерінің, тәуліктегі ауысымдардың, ауысымдағы жұмыс сағаттарының саны), негізгі құралдардың сыртқы жағдайлардан қорғалу дәрежесі (ыстық, суық, ылғалдылық, жауын-шашындар), негізгі құралдарды күту және оларға қызмет көрсету сапасынан, жұмысшылардың біліктілігі мен олардың негізгі құралдар нысандарына қатынасынан тәуелді.
Физикалық тозу негізгі құралдардың бірдей элементтері бойынша тепе-тең жүрмейді. Негізгі қорлардың толық және ішінара тозуын ажыратады. Толық тозуда қызмет етіп тұрған негізгі құралдар нысандары жойылып, жаңасына ауыстырылады (күрделі құрылыс немесе ағымдағы алмастыру). Ішінара тозу жөндеу жолымен қайтарылады.
Моральдық тозу – бұл машиналар мен жабдықтар, негізгі құралдардың басқа да нысандар құнының оларды ұдайы өндіруге қоғамдық қажетті шығындардың қысқару ықпалымен азаюы, сондай-ақ олардың құнының жаңа, неғұрлым прогрессивті және экономикалық тиімді машиналар мен жабдықтарды енгізу нәтижесінде азаюы (екінші формадағы моральдық тозу). Моральдық тозудың осы формаларының ықпалымен негізгі қорлар өзінің техникалық сипаттамасы мен экономикалық тиімділігі бойынша артта қалады.
Қазіргі кезде моральдық тозуды есепке алу маңызды мәнге ие. Өнімділігі жоғары, қызмет көрсету және эксплуатация жағдайлары жақсы жаңа, неғұрлым жетілген жабдық түрлерінің пайда болуы ескі негізгі құралдарды олардың физикалық тозуына дейін алмастыруды экономикалық тиімді етеді. Моральды ескірген негізгі құралдарды дер кезінде алмастырмау жетілген машиналар мен жабдықтарда дайындалатын өніммен салыстырғанда оларда неғұрлым қымбат және сапасы төмен өнім өндіруге әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |