3. Калькуляциялау, оның түсінігі және әдістері
Калькуляциялау (латынша calculatio – есеп, есептеу) – бұл барлық сатылған өнімнің және оның бөліктерінің өзіндік құны, бұйымның нақтылы түрлерінің өзіндік құны, кәсіпорынның жекелеген бөлімшелерінің өнім өндіру мен өткізу шығындарының сомасы анықталатын есептеулер жүйесі.
Өзіндік құнды калькуляциялау өнім бірлігінің бағасын анықтау, кәсіпорын шығындарын оның өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелерімен салыстыру, кәсіпорын жұмысының тиімділік деңгейін анықтау үшін қажет. Шығарылатын өнімнің ерекшелігіне және технологиялық процестің сипатына байланысты калькуляциялау объектілері мыналар болуы мүмкін:
Технологиялық бөліс;
Деталь операциясы;
Деталь;
Жиналмалы бірлік;
Тұтастай бұйым;
Бірнеше бұйымдарды дайындауға тапсырыс;
1 т құю, штамповкалау, 1 кВт\сағ электорэнергия, жөндеу күрделілігінің бірлігі, 1 т\км көлік құралдарының жұмысы.
Дайын бұйымдардың, жартылай фабрикаттардың, қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялау басты орын алады. Калькуляциялық бірлік стандарттар мен натуралдық көріністегі өндіріс жоспарында қабылданған өлшем бірлікке сәйкес болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |