1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет58/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Калькуляция түрлері. Бағытына байланысты жоспарлы, сметалық, нормативтік, жобалық, есептік калькуляцияны ажыратады. Жоспарлы калькуляция алдағы кезеңде өнімді дайындауға жоспарланатын шығындарды бейнелейді. Сметалық калькуляция басқа жақтан тапсырыстар бойынша бір реттік жұмыстар мен бұйым өндірісіне жасалады. Ол тапсырыс берушімен есеп айырысуда бағаның негізі болып табылады. Нормативтік калькуляция – бұл материалдық және еңбек шығындары нормалары мен өндіріске қызмет көрсету жөніндегі сметалардың бекітілген базасында есептелген шығындар. Жоспарлы калькуляциядан ерекшелігі нормативті калькуляция оны құрастыру сәтіндегі бұйымның өзіндік құнының деңгейін бейнелейді. Жобалық калькуляция өнім өндірісін дайындау кезінде анықталады және жобаланатын жаңа өндірістер мен технологиялық процестердің тиімділігін негіздеу үшін арналған, оны іріленген шығыс нормативтері бойынша жасайды. Есептік калькуляция өнім бірлігінің нақтылы өзіндік құнын көрсетеді, оны жоспарлы сияқты шығындар баптары бойынша құрастырады, алайда жоспарлы калькуляциямен қарастырылмаған кейбір негізделген жоғалтулар мен шығыстарды енгізеді.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың әдістері – бұл өнім өндірісінің шығындары туралы және тұтастай барлық өнім бойынша, өнім түрлері мен бірліктері бойынша өзіндік құнды есептеу мәліметтерін есептік құжаттарда тіркеу, жинақтау және жалпылау тәсілдерінің жиынтығы. Өнімнің нақтылы өзіндік құнын есепке алу мен калькуляциялаудың келесі негізгі әдістері қолданылады:



  • Нормативтік;

  • Тапсырыстық;

  • Бөлістік;

  • Процестік.

Нормативтік әдіс календарлық кезеңнің басында әрекет етуші нормалар бойынша нормативтік калькуляцияны құрастыруға және одан әрі бұйымды дайындаудың өндірістік циклы барысында осы нормалар мен нормативтерден ауытқуды табуға негізделген. Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі өндірісі жалып және сериялық сипаттағы кәсіпорындарда, бірінші кезекте өнеркәсіптің өңдеуші салаларында қолданылады.

Үнемдеу де, шикізаттарды, материалдарды, жалақы мен басқа да өндірістік шығындарды қосымша жұмсау нормадан ауытқу деп есептелінеді.

Өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі күрделі бұйымдардың жеке және ұсақ сериялы өндірісінде, сондай-ақ тәжірибелік, сынақ жөндеу өндірісінде қолданылады. Бұл әдісті қолдану нормативті есептің негізгі элементтерін пайдаланумен үйлесуі тиіс.

Тапсырыстық әдісте есеп пен калькуляциялау нысаны алдын-ала белгіленген өнім санына берілетін жекелеген өндірстік тапсырыс болып табылады. Тапсырыспен дайындалған бұйымның нақтылы өзіндік құны оны орындағаннан кейін анықталады. Тапсырыстық әдісте цехтардың шығындары жекелеген шығын баптары бойынша ескеріледі, ал шикізаттардың, материалдардың, отын мен энергияның шығындары – жекелеген топтар бойынша.

Өзіндік құнды есепке алу мен калькуляциялаудың бөлістік әдісі бастапқы материалы мен өңдеу сипаты бойынша біртекті жалпы өнім өндіретін, шикізатты дайын өнімге айналдыруда үздіксіз физика-химиялық және термикалық өндірістік процестер және кезектескен өндірістік процестер қатары түрінде қысқа технологиялық процестер басым кәсіпорындарда қолданылады. Қысқа технологиялық процестің әрқайсысы жекелеген дербес өндірістік бөлісті (сатыны) құрайды. Бұл әдіс химия өнеркәсібінде, металлургияда, орман және тамақ өнеркәсібінің кейбір салаларында, сондай-ақ шикізатты кешенді пайдаланатын өндірістерде қолданылады.

Бөліс дегеніміз аралық өнім өндіріміндегі технологиялық операциялардың жиынтығы, ол өндірістік процестің келесі сатыларында (бөлістерінде) өнім өндіру үшін жартылай фабрикат болып табылады. Тоқыма өнеркәсібінде – бұл жіпті өндіру, дайындау және оны бояу. Бөлістік әдісте шығындар цехтар және шығын баптары бойынша есепке алынады.

Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіру жалпы сипаттағы, технологиялық процесс кезеңі қысқа, аяқталмаған өндіріс болмайтын немесе көлемі аз кәсіпорындарда қолданылады. Бұл әдіс өнеркәсіптің өндіруші салаларында (көмір өндіруші, мұнай өндіруші және т.б.), сондай-ақ құрылыс материалдары өнеркәсібінде, электр және жылу станцияларында қолданылады. Прцестік әдісте шығындар барлық өндірістік процесс бойынша немесе өндірістік процестің жекелеген сатылары бойынша бекітілген калькуляция баптарымен есепке алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет