№1 ТАҚЫРЫП. Кіріспе. Курстың мақсаты және міндеттері. Оқыту технологиясының мәні және интегралды сипатталануы
«Инновациялық оқыту технологиялары» пәні таңдау бойынша компоненттің базалы пәндер циклына кіреді және 5В012000 «Кәсіптік білім» бакалаврын даярлаудағы негізі болып табылады.
Пәннің мақсаты – педагогикалық технологиялар, сонымен қатар педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін , өткен тәжірибе элменттерінің дәстүрлерімен үйлесуін педагогикалық технологиялар проблемасы бойынша ақпаратты жүйелеу және саралау болып табылады.
Пәннің міндеттері мынадай:
мақсат пен міндеттерді анықтап, жақын орта және қашық перспективаларды алға қойып, іс-әрекеті және жұмыстарды жоспарлауды уйрету;
казіргі заманғы жалпы орта білім беретін мектептерде педагогикалық технологияның қолдануымен таныстыру;
педагогикалық жағдайды талдай білу дағдысын қалыптастырып, ұжымда жеке оқушының тұлғасын зерттеп, оның кемшіліктерін көрсетіп, оны түзетуге шаралар белгілеу білігін қалыптастыру:
өзінің білімін арттыру жұмыстарын ұлғайтып, жалпы орта білім беретін мектептердің жұмыс тәжірибесін және педагогика ғылымындағы жетістіктерін талдау мен үйрету арқылы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде шығармашылық ізденуді меңгерту.
Берілген пәнді оқу үшін келесі пәндерді (бөлімдерді (тақырыптарды) көрсетумен) меңгеру қажет: тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі - тәрбие процесіндегі технология; кәсіби білім берудегі педагогикалық менеджмент - тәрбиенің психологиялық-педагогикалық диагностика, тәрбиенің социомәдени ортасы, педагогикалық жүйелер; бейінді оқытуды ұйымдастыру - білім беру қызметінің маркетингі, Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар, сабақтағы оқу-тәрбие мақсаттарын жоспарлау және қол жеткізу, оқушылардың білімін, білігін және іскерлігін ескеру, тексеру және бағалау.
ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
14
Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауында Қазақстан дамуының жаңа кезеңі - бұл экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін шешу болып табылады деп көрсетілді. Ел Президенті 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына ену міндетінен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының басты басымдықтарын айқындап берді. Сол басымдықтардың бірі елімізде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.
Қазақстанның Болон үрдісіне енуіне сәйкес, әлемдік білім кеңістігіне бағыт алуда мемлекетіміздің Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға арналған тұжырымдамасын қабылдады. Білім беруді дамыту тұжырымдамасында білімге тән біліктілікті өзара тану жөніндегі Лиссабон конвенциясының, жаңа қоғамның даму сатысына лайық мамандар даярлау үрдісін айқындаған Болон декларациясының негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық стандарттық жіктелуіне сәйкес бірқатар өзгерістердің көрініс табуы да содан.
Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті – бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді . Сол талаптардың маңыздыларының бірі педагогикалық үдерісінде инновациялық іс-әрекет жүргізу қажеттілігі. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілердің, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамның жедел жаңаруы үшін білім саласының, әсіресе қоғам үшін болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіби білім беру жүйесі жедел жаңаруы керек. Бұл мәселеге келгенде, Қазақстанның жоғары білім жүйесі сәтті реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бүгінгі білім саласына енгізілген үш сатылы білім беру, кредиттік жүйе, білім саласына мемлекет қана емес, жалпы қоғамның араласуы – инновациялық реформалардың бастапқы жемісі. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлау басымдықтар биігіне көтерілді. Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиялар», «инновациялық технологиялар» деп алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті.
Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады . Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Бұл маңызды мәселе
15
әсіресе жоғары мектеп, оның ішінде болашақ педагогтарды даярлау үшін құнды. Аталмыш мәселе көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болған.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырылған.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып (Н.И.Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.
Инновациялық білім берудің мазмұнын жетілдіру, оны инновациялау мәселелерін Ю.К.Бабанский, В.С.Библер, Ю.С.Гершунский, В.П.Кваша, В.С.Лазарев, В.Я.Ляудис, А.В.Лоренсов, В.М.Полонский, С.Д.Поляков, М.М.Поташник, А.И.Пригожин және т.б. қарастырған.
Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог-ғалымдар зерттеген.
Педагогтардың кәсіби сапасын арттыру, олардың педагогикалық білігін қалыптастыру О.А.Абдуллина, С.И.Архангельский, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин , Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель зерттеулерінде; мұғалімнің инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру М.И.Дьяченко, Г.Қ.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова еңбектерінде, мұғалімдердің
ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру А.Е.Әбілқасымова, Б.Б.Баймұханов, Е.Ы.Бидайбеков, К.К.Закирьянов, М.Ә.Құдайқұлов,
Қ.Қ.Қабдықайыров, Е.Ө.Медеуов, Д.Рахымбек, С.Е.Шәкілікова, Б.А.Әлмұханбетов еңбектерінде зерттелген.
Тақырып бойынша зерттелген ғылыми еңбектерде инновациялық технологияны орта кәсіби және орта мектеп жүйесінде қолдану жан-жақты қарастырылып , жоғары мектеп жүйесіндегі маңызды орны, әсіресе инновациялық технологияларды педагогикалық пәндерді оқыту барысында қолдану қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде.
ХХІ ғасыр – әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін анықтауда негізгі көрсеткіш болып табылады.
16
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты әсіресе соңғы кезде педагогика саласына түбегейлі өзгертулер, жаңалықтар енгізілуде. Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе басқаша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.
Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық , әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.
Жаңашылдық - білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Ол оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді . Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.
Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады . Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен , әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
17
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация » - жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте ««новация » – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация» – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады [5.23].
«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді . Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.
Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.
Заманауи педагогтар Г.М. Кусаинов, М.М. Жанпейсова, Т.С. Садықов, А.А. Саипов, М.И.Махмутов, Б.А. Тұрғынбаева, Е.Ө. Медеуов, Т.Сабыров, А.А. Жолдасбеков, Ж.К. Оңалбек және т.б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.
Болашақ жоғары кәсіби мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары А.В. Усова, И.Л. Беленок, Б.К. Момынбаев, М.А. Құдайқұлов,
Ш.Т.Таубаева, А.Е. Әбілқасымова, А.Б. Абибуллаева, О.С. Сыздықов, А.Г. Қазмағамбетов, Б.Т. Кенжебеков, С.М. Кеңесбаев, Қ. Ералин, Б. Тойлыбаев, К.М. Беркімбаев, А.З. Тұрсынбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талданған.
18
Б.К.Момынбаевтың, Л.К.Керімовтің, С.Ж.Пірәлиевтің, М.Н.Сарыбековтың, С.С.Хасеновтың, Н.Асановтың, Қ.Б.Бөлеевтің, Ж.А.Шоқыбаевтың, Е.Омардың, Н.К.Ахметовтың, К.М.Беркімбаевтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жоғары мектепте білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудегі қазіргі заманғы жолдары, әдістері жан-жақты қарастырылған.
Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Ш.Т .Таубаева, С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Инновациялық үдерістерді қолданудағы педагогикалық менеджмент, яғни жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелері К.Ангеловский, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог ғалымдар зерттеген.
Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі . Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды. Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе
19
рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады: Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп , жаңа салаларға кіреді. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады. Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.
Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.
Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, жаңалықты енгізу мәселелерін Ю.К.Бабанский, В.С.Библер, Ю.С.Гершунский, В.П.Кваша, В.С.Лазарев, В.Я.Ляудис, А.В.Лоренсов,
В.М.Полонский, С.Д.Поляков, М.М.Поташник, А.И.Пригожин, Л.С.Подымов, В.А.Сластенин, В.Д.Чернилевский және т.б. қарастырған. Осы ғалымдардың пікірінше, инновациялық процестердің маңызды міндеттерінің бірі жаңашыл педагогикалық идеяларды негіздеу және оларды практикада қолдану процесіне басшылық жасау болып табылады.
Педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік сипаты Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев еңбектерінде, ал инновациялық мектептер мәселесі Т.Я.Линчевская, Л.С. Подымова және т.б. еңбектерінде айқындалған.
20
Инновациялық процесс осы жаңалықтардың ашылу жолдарын қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге паудалануын, оның практика жүзінде таралуын қамтамасыз етеді. Педагогика үшін жаңалықтың сапалық, сипаттамаларының маңызы зор. Бұл жаңалықты енгізу мәселелерімен тығыз байланысты. Кейде жаңалықты енгізу барысында мұғалімнің шығармашылық қабілетіне сәйкес жаңалықтар көпнұсқалығымен, кенеттен пайда болуымен сипатталады.
Инновация сөзін қазақша тәржімаласақ, жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс дегенді білдіреді. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдері, түрлері, мақсаты, мазмұны, сондай-ақ, мұғалім мен білім алушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу болып табылады.
Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі – жаңалықтарды топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа әдісті жан-жақты түсіне білу үшін, бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре білу қажет.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.Педагогикалық технологиядағы басты мақсат – білім алушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту процесін жандандыру білім алушылардың оқуматериалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың практикалық іскерлікті мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, инновациялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың инновациялықтехнологиясын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Педагогикалық технология ұғымына шетелдік және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық технология ұғымының қалыптасу мен дамуының тарихында оның оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар . Олар педагогикалық технология мәселесіне арналған Б.Блум, Ф.Фрадкин , М.Кларин, Л.В.Занков т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
21
«Технология» термині алғаш рет 1904-50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология – өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы.
Педагогикалық сөздікте «педагогикалық технология – социо-мәдени өлшемді тұлғалық көрініс еркіндігін үйлестіруші әлемге қатынасын қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен дара қарым-қатынас мағынасында балаға, педагогтық әсер етуінің ғылыми негізделген кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті», -делінген.
Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал бұның өзіпедагогтар қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден мектептерде білім алушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін , білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың инновациялық технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан «технология» technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.
Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи -педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.
Сонымен, педагогикалық технологиясы оқыту әдістемесімен салыстырғанда, білім алушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы білім алушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. Ал инновациялық технология жаңа ғылыми немесе практикалық шығармашылықтың қорытындысы деуге болады.
«Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады , ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi
22
шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Ал, бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да, әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.
Мұғалімдер мен практикалық қызметкерлердің педагогикалық жаңа білімге деген қажеттіліктің күшеюінен келесі тенденция туындайды. Педагогикалық жаңалықтарға объективті баға бере алатындай, инновацияларды игере алатындай педагогикалық қауымның құрамын және құрылысын жаңарту жүзеге асып жатыр.
Келесі үрдіс - жаңалықтарды практикаға енгізу кезеңімен байланысты. Жаңаны қолданудың жалпылама сипаты өседі. Бұны педагог - новаторлардың іс-тәжірибелерін таратудан көруге болады.
Тенденциялар мен қайшылықтар инновациялық заңдылықтар туралы мәселені қарастыруды талап етеді. Зерттеушілердің айтуы бойынша, білім беру жүйесінде инновациялық процестерді сипаттайтын жалпы заңдылықтардың бірі-педагогикалық инновациялық ортаны қайырымсыз дестабилизациялау заңы. Бұл заңдылықтың мәні мынада: қандай болмасын білім беру жүйесіндегі инновациялық процесс жүзеге асу барысында инновациялық әлеуметтік ортаға, педагогикалық дедуктивтік өзгеріс әкеледі.
Келесі заңдылықты инновациялық процестің түпкілікті жемісті жүзеге асуы деп атауға болады. Басқаша айтқанда, қандай болмасын инновациялық процесс ерте ме, кеш пе әйтеу ең соңында саналы түрде болсын, болмасын жүзеге асуы қажет. Алғашында енгізуге, игеруге үмітсіз жаңалықтар ең соңында өздеріне жол ашып, жүзеге асып жатыр.
Сонымен, инновация мәселесі педагогикада педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен
23
әдістерін құру процесіне ықпал жасайды. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша мұндай нәтижеге жетуі үшін педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі талаптарға сай болуға тиісті:
өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;
жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола отырып, өз жұмысын ұғыну қажеттілігіне;
жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізуі;
педагогикалық инновацияның жаңа әдістерімен тәсілдерін өз бетінше жасау;
педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықты болдырмау. Инновациялық технологияны пайдалану педагогикалық іс-әрекетте
әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру сфераларынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады . Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты процестермен сипатталады.
Кез келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқында дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, енгізіліп жатыр. Олар: Лысенкованың алдына ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген инновациялық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз
24
байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады: жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту; теориялық білімнің жетекші ролі; оқу материалын жеделдете оқыту; оқу үрдісін білім алушының сезінуі; барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар: әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Инновациялық технология түрлеріне: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы.
Оқытудың технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, білім алушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.
Жаңа технологияның принциптері -оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады.
Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты- білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан -жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |