28
17- тақырып.
Ислам дініндегі бағыттар. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі
мектептері мен жолдары
1-тапсырма.Тақырыптың мазмұнын түсіндір
Ислам
Орта Азия және Қазақстан территориясына Ислам VII ғ. ІІ жартысында Омеядтық халифа
Муави Ибн Суфиянның тұсында енді. Дін таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүслім
ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара, Самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласағұн сияқты үлкен
қалалар орналасқан Маверанахрдың төңірегінен бастаған еді. Ал қазіргі Қазақстан
төңірегінде Исламның орнығуы Әбу Мүсілім бастаған мұсылман әскерінің 751 жылы шілде
айында Талас маңындағы Ахлет (Атлах) деген жерде болған соғыстың жеңіске жетуі үлкен
әсерін тигізді.Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын. Алтын
Орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая түсті. Бұл процесс Берке (1255-1266ж.ж.)
ханның тұсында басталған еді. Ислам XIV ғ. әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.
Достарыңызбен бөлісу: