Қ АЗІРГ І К Е ЗЕ Ң ДЕ Г І ИСЛ АМ Қазіргі кезеңдегі ислам 2000 жылы Қазақстан мұсылманд арының кезекті ІІІ құрылтайында ҚМДБ төрағасы, Бас
мүфти болып Әбсаттар қажы дербісәлі сайланды. Әбсаттар қажы Дербісәлі – шығыстанушы
және диломат, белгілі ғалым. Оның әдебиет саласындағы ғылыми-зерттеу еңбектері
елімізбен қатар, жақын және алыс шетелдерге де кеңінен танымал. Әбсаттарқажы ҚМДБ – ға
қомақты үлес қосты. 2000 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының құрылымдық жүйесін бүгінгі өркениет талабына орай қайта жасақтады:
шариғат және пәтуа істер, халықаралық байланыс және хаттама, діни оқу-ағарту, діни уағыз-
насихат, мешіт істері, қажылық, діни сараптама, баспасөз қызметі секілді бірнеше бөлімдер
мен іс басқармасын ашты. Әр бөлім өз жұмысын ҚМДБ-ның жарғысын басшылыққа ала
отырып, діни басқарманың жалпы жұмыс жоспарына сай ұйымдастырып отырды.
2001 жылы ҚМДБ-нің бастамасымен және Елбасы Н:Назарбаевтың қолдауымен Алматы
қаласында Нұр-Мүбарак Египет ислам университеті ашылды. Бұл имандарды,
исламтанушыларды және араб тілі мұғалімдерін дайындайтын алғашқы исламдық
университет болатын. Ал қазір елімізде 10-нан астам медресе жұмыс істейді. Тәуелсіздікке
дейін бүкіл Қазақстанда небәрі 68 мешіт болса, қазір 2500-ге жуықтады.
---------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------