№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


туралы экзистенциалдық рефлексия. Адам, индивид, индивидуалдық



Pdf көрінісі
бет27/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

туралы экзистенциалдық рефлексия. Адам, индивид, индивидуалдық
тұлға.


Дәріс тезистері.
1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі 
Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік 
және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары 
(Инь/ян).
Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –
адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.Адам мәселесі 
философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы 
философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер 
мен ағымдардан тұрады.Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас 
жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің құрамдас бөлігі болып 
саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге 
әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен 
биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ 
антропогенез мәселесінің мәні деуге болады. 
ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетке тиісті антропологиялық 
концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы 
қарастырылады. Дүниенің дамуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды 
жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория
ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.ХІХ ғасырда антропогенез 
мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады.
Эволюциялық теория дүниеге келді. Адамның шығуы мен қалыптасуын 
биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — 
әлеуметтік факторлары қарастырмауы.Ф. Энгельс антропогенездің еңбек 
теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа 
шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, 
мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады. 
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып 
табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін 
алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы
мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық 
өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей 
немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. 
Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық 
қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид 
қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы
жүреді. Сондықтан , К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін 
сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән 
абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың 
жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар жүйесі 
жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы 
ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік 
тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне 
аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси 
да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық 
қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік 


мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің 
жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи 
процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып 
саналады.Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп 
біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың 
жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғамдық 
қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті 
мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында 
диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның 
микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық 
қатынастарындағы. 
Жеке адам - қоғам мүшесі. Жеке адам туралы ғыл. түсінік адамды
қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде қаралатын биоәлеуметтік
организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам — әлеум-тің индивидте
көріну түрі. Әрбір адам – жеке адам. Адамның қоғамдық организм ретінде 
өмір сүруінің өзі адамдардың өзара әрекетін қажет етеді, әлеуметтік 
жағдайлар мен басқа адамдардың осы адамға тигізетін әсерін ғана ескеріп
қоймай, сол адамның әлеуметтік жағдайларға және басқа адамдарға әсерін 
ескеру қажет. Адамдардың жеке адам түрінде дамуының қажетті 
алғышарттарының бірі индивидтердің табиғи қабілеттері екендігі, соған 
тәуелді болатындығын айту керек, бірақ ол негізінен қызметтің объектісі 
болып табылатын адам өмір сүретін қоғамда ғана іске асады. Бірақ жеке
адамның дамуы әрқилы болғаны абзал. Индивидтердің қай-қайсысы болсын 
өзінің адам ретінде дамуының объективті жағдайы болатын қоғамның 
белгілі тарихи формасын табады. Жеке адам ретінде индивид дамуының 
кеңдігі мен тереңдігі – оның әлеуметтілігі және сол әлеуметтіктің 
индивидтің қызмет формасына айналуын игеретін кеңдік пен тереңдік, 
демек сол әлеуметтіктің өзгеруі, жасалуы. Қоғамның тарихи формалары мен
типтері – жеке адамның да тарихи формалары мен типтері. Алғашқы 
қауымдық қоғамда адамдар көбінесе өмірге қажет заттарды табу арқылы 
өмір сүреді, олар бір-біріне және өздері өмір сүріп отырған табиғи 
жағдайлармен тікелей табиғи бірлікте болды, сондықтан көп жағдайда 
өздерін табиғаттан ажырата алмады, бір-бірінен қоғамдық организм ретінде 
бөлінген жоқ. Таптық антагонистік қоғамдарда адамдардың өмір сүруінің 
табиғи ерекшеліктерімен, өндіріс жағдайларымен және олардың тіршілік 
жағдайларының арасында үйлеспеушілік пайда болып, дамиды, адам мен 
табиғат арасындағы, адамдардың тапқа бөлінуімен индивид арасында 
үйлеспеушілік үдей түседі, жеке адамның табиғаттан да, басқа адамдардан да 
оқшаулануы күшейеді, ол өзін ерекше жеке адам ретінде ұғына бастайды. 
Бірте-бірте қоғамның барлық мүшелері тарихтың саналы жасампазы, яғни, 
жан-жақты кемелденген жеке адамға айналады. Жеке адамды ғылымдар 
зерттейді.Жеке адамды тәрбиелеу мәселелерін шешеді т.с.с. Әр адамның 
өзіне тән мінез-құлқы, интеллектісі, сезім-түйсігі болады. Сол қасиеттердің 
толықтығы жеке адамның психикасын құрайды. Жеке адамның психикалық 
даралығы белгілі бір дәрежеде психикалық күйлерінің өзгеруіне қарамастан 


әрдайым өз қалпын сақтай алады, ол өмір жағдайлары мен нерв жүйесінің 
тұрақты ерекшеліктеріне байланысты. Психикалық күй қызмет процесіне, 
адам болмысындағы өзгерістерге байланысты ауытқып тұрады. Жеке 
адамның психикалық құрылымы белгілі табиғи ерекшелікті қажет етеді, 
алайда жеке адам психикасының дамуында қоғамдағы ахуалдар мен олардың 
өзгеруі шешуші роль атқарады. 
Адамның адам болуға деген ұмтылушылығы – бұл ең үздік адамдық 
қасиеттерді: қайырымдылықты, достық пейілді, адамға деген сый құрметті, 
жанашырлықты, т.б. іске асыруға деген ұмтылыс. Мэн-цзы оның ізбасарлары 
адам өз табиғаты бойынша қайырымды деп есептеді. Дәлелдеме ретінде олар 
мынадай мысал келтірген: «Егер адамдар кенет құдыққа құлайын деп тұрған 
баланы көрсе, олардың бәрі бірдей мазасыздану мен жанашушылық сезімін 
бастарынан өткізеді». Жанашырлығы жоқ адам – адам емес. Сондықтан су 
әрқашан да төмен қарай ағады, ал адам табиғаты мейірімге қарай ұмтылады. 
Адамдардың өзімшілдігі мен ашу-ызасын Мэн-цзы қолайсыз сыртқы мән-
жайлармен түсіндіреді. «Егін мол болған жылдары жас адамдардың көпшілігі 
қайырымды, ал аштық жылдары ызалы болады. Мұндай айырмашылық 
оларға Аспан берген табиғи қасиеттерден болмайды, аштық олардың 
жүректерін ызаға батуға мәжбүр еткендіктен болады». 
Конфуцийшілер болса, адам табиғаты жақсы да, жаман да емес, ол әдептік 
жағынан бейтарап және әлеуметтік мән-жайларға, билік саясатына 
байланысты деп ұйғарды. Оларда сумен салыстыруды пайдаланған. Су арна 
қай жаққа қарай қазылғанына қарай солтүстікке де, оңтүстікке де, шығысқа 
да, батысқа да ағуы мүмкін. «Су өз ағысында батыс пен шығысты ажырата 
алмайтыны сияқты, адам табиғаты да қайырымды және қайырымсыз болып 
бөлінбейді». 
Лао-цзы бір адамдар табиғаты бойынша тұтастай қайырымды және 
басқаларға үлгі көрсете алады, басқалары – ашулы және жақсы басшылық 
пен өсиеттерсіз құриды, яғни екі тарап та бір-бірін қажетсінеді деген. 
Бағалардың мұндай әртүрлілігі өткен заман философтары әуес болған адам 
табиғаты деп аталатынның биологиялық тұқымқуалаушылыққа қатысы жоқ 
екендігін дәлелдейді. Табиғи ортамен адам генінде жамандық та, жақсылық 
та жоқ. Бұл – арада осы «табиғи» белгілер мәңгілік және өзгермейтін 
өнегелерді, саяси тәртіптерді және жалпы заманның барлық теріс 
құбылыстарын сынаудың құралы болуы мүмкін. 
Адам мәселесі. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы 
орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық 
философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда 
болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. 
Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі 
болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен 
сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре 
алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам 
мәселесінсіз философия жоқ.. 


Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын 
айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен 
алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, 
мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла 
бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде 
пайда болды. 
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде 
пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, 
жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. 
Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды 
мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын 
діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін 
тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, 
табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл 
дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан 
құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету 
деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы 
тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып жатқан істер мен 
құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп 
атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің 
айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. Адамды азаптан құтқарудың 
бұл жолы дұрыс па бұрыс па оны мәселе қылып отырған жоқ, тек буддизм 
философиясының адам мәселесін ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей 
соған арнағаны жайында болып отыр. 
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім 
қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып 
табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) 
мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өіндей жақсы көру 
керек, сыйлауы керек , ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.Бұл 
қасиеттердің бәрін біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций: «Өзіңе 
қаламағанды өзгеге жасама»-деп, қорытты. 
Философиядағы адам мәселесінің мәні мен ерекшелігі. Адамның өз 
табиғатын танып білуге ұмтылуы философиялық ойды дамытудың басты 
түрткілерінің бірі болып табылады. Философия ежелгі заманнан бастап 
жалпы адам дегеніміз кім, оның табиғаты, оның мәні қандай екендігін 
айқындауға ұмтылып келеді. 
Адамның өзін-өзі танып білуі – философияның орталық мәселесі. 
Философияның адамды зерделеуге арнаған тарауы философиялық 
антрология деп аталады. Оның ғылыми антропологиядан немесе адамды 
зерделейтін арнаулы ғылыми пәндер кешенінен бірқатар елеулі 
айырмашылықтары бар. Заманауи ғылымда мұндай 800-дей пән мен 
бағыттардың бар екендігін айтуымыз керек. Алайда олардың әрқайсысы 
адамды белгілі бір жақтарынан, қандай да бір жекелеген қырларынан 
қарастырады. Мысалы, психология адамның ішкі дүниесін, оның санасы мен 


түпсанасын; медицина – аурулардың себептері мен оларды емдеу жолдарын; 
нейрофизиология – адамның жүйке жүйесінің қызметін зерделейді. 
Олардан философиялық антропологияның басты айырмашылығы, оның 
дүниеге көзқарастық маңызы бар, неғұрлым кең көлемді ең жалпы 
антропологиялық 
мәлелерді 
зерттейтіндігінде. 
Антропологияға 
философиялық тұрғыдан келу арнаулы ғылыми тәсілмен айқындалған 
біртұтастығымен және жүйелілігімен ерекшеленеді. 
Философиялық антропология көптеген сұрақатардың қойылуымен 
анықталады. «Адамдық» «адамдық еместен» несімен ерекшеленеді? «Адам 
болу» деген нені білдіреді? «Адам болмысының мағынасы неде?» Адамдар 
не үшін және неліктен өмір сүреді және олар қалай өмір сүрулері тиіс? 
Жалпы адамның талғам-талайы қандай және де онда сол бар ма? 
Бұларға ұқсас сұрақтарды тұжырымдау оңай, бірақ оларға жауап беру өте 
қиын. Оның үстіне, философия тарихында оларға жауап беру әрекеттері 
жасалған. Енді соларды қарастырайық. 
Философиядағы адамның негізгі бейнелері 
Сонымен философияда ежелгі заманнан бастап адам туралы түсініктер 
қалыптаса бастады. 
Ежелгі заманның шығыстық, сондай-ақ батыстық философиясы да 
қайырымдылық пен жауыздық; әдемілік пен сұрықсыздық; әділеттілік пен 
әділетсіздік; достық, сүйіспеншілік пен жеккөрініш; бақыт, ләззаттану мен 
қайғы-қасірет 
және 
басқа 
проблемаларға 
қызығушылық 
білдірді. 
Философияның бүкіл дамуы ұлылардың ойларын бейнелейтін нақыл 
сөздерге толы: 
Лао-цзы: «Адамдарға қарым-қатынаста жоғары ізгілікті меңгерген адам 
достық пейілді болуы тиіс; сөздері шын жүректен шығуы тиіс; басқаруда 
(елді) дәйекті болуы тиіс; істерінде мүмкіншіліктерді есепке алуы керек; іс-
әрекеттерінде уақытпен санасуы тиіс». 
Конфуций: «Адамдардың сені білмейтініне алаңдама, өзіңнің адамдарды 
білмейтініңе алаңда». 
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет