Үйге тапсырма:
Сұрақтар:
1.Қасым Аманжолов кім?
2.Қ.Аманжолов қайда білім алған?
3. Ақынның қандай шығармалары бар?
4.Ақын шығармаларының басты тақырыптары қандай?
5. Ақынның «Ақын өлімі туралы аңыз поэмасы» кімге арналған?
6.Ақынның қандай әндері бар?
6. Үйге тапсырма: Қ.Аманжолов өмірі мен шығармаларын оқу. «Өзім туралы» өлеңін жаттау.
2-тақырып.
Аз сөзбен көп мағына беру- сөз мәдениетіне қойылар талаптың бірі. Олай болса сөйлемді болып келеді, болып табылады тіркесіне аяқтағаннан гөрі есім баяндауышқа аяқтау тиімді көрінеді. Мұндай қасиет мақал- мәтелдерден байқалады (мақал-мәтелдерден мысалдар келтіре отырып түсіндіру). Бірақ қысқа баяндаудың бәрі шеберлік емес, шеберлік аз сөзге көп мағына сыйғыза білуде. Бұл орайда Француз ғалымы, философы Блез Паскальдың «Провинция тұрғынына хат» шығармасында «Қысқа жазуға уақытым болмағандықтан, ұзақ етіп жазуға мәжбүр болып отырмын» деген екен. Белгілі бір ойды ойсыратпай жеткізу үшін, аз сөзбен көп мағына білдіруге аз уақыт кетпейтінін айтып отыр. Сонымен сөйлеу тіліндегі, «қызметсіз» сөздерді арылтып ойды ұтымды жеткізу сөздің қысқалығы мен нұсқалығы деген сапаны аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |