Обьективті қарау: Науқастың қалпы мәжбүрлі,орташа ауырсыну, беті бозарған, АҚ 110/70, тамыр соғысы минутына 90рет. Іш кепкен, тырысқан,пальпация жасағанда ауырсынуы.
Тапсырмалар
1.Науқастың жағдайын бағалаңыз
2.Мейіргердің іс-әрекет алгоритімін әр этап бойынша құрастырыңыз
Стандарттың жауабы
1.Киста аяқтарының оралуының нәтижесінен, науқаста іш теспесі болды.
Шұғыл жағдайда мейіргерге көмектесетін ақпарат:
-Науқаста кенеттен ауру сезімінің күшеюі,бел аймағына таралуы;
-Жүректің айнуы және құсу;
-Науқас қалпы мәжбүрлі;
-Пальпация жасағанда іштің қатты ауыруы;
2.Мейіргердің іс- әрекет алгоритімі:
-Тексеру және емдеу мақсатында алдағы іс-әрекет анықтау үшін дәрігерді телефонмен шақыру;
-Пациентке ыңғайлы қалып беру үшін кушеткаға жатқызу;
-АҚ өлшеу, тамыр соғысын санау,дене температурасын өлшеу;
-Науқастың жағдайының жақсы болатынына сендіру мақсатында науқаспен әңгімелесу және психологиялық жағдай жасау.
-Дәрігер келгенше науқастың жағдайын бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |