№1 тапсырма



Дата23.11.2022
өлшемі28,03 Kb.
#159518
Байланысты:
бх, Анеля, срсп
tests052011, Жоба биостат 3 топ 3-021ЖМ[1], кожантаева аллахвердиева баранкова 3027 ом, СОӨЖ Биоинформатика (1), тема 1, ФОРМУЛА ТАБЛИЦА

№ 1 тапсырма
Жасөспірім М., 15 жаста, қысым түскенде үзілісті күшейетін жүректегі ауыру сезіміне шағымданды. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған рецепторлардың саны төмендегені анықталды.
1. М-де атеросклероз және инфаркт даму қаупі жоғары ма? Не себепті?
2. Анықталған дерттің дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?
3. ТТЛП-ге арналған рецепторлар санының немесе белсенділігінің төмендеуінің науқаста дерт дамуында патогенездік маңызы қандай?

№ 2 тапсырма Ситуациялық есепті шешу


Емханаға тексерілуден өтуге 40 жастағы науқас себебі белгісіз артериялық гипертензиямен түсті. АҚ 175/115 мм с.б.б. Бұлшықеттің әлсіздігіне және басының ауру сезіміне шағымданады. Анықталды: полиурия, едәуір гипокалиемия, зәрде 17 оксикортикостероидтің мөлшерінің жоғарылауы.
1. Осы науқаста АҚ-ның жоғарлауының себебі қандай?
2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
3. Соңғы диагнозды анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет