1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 4. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары



бет20/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22
ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ссп Джанабаев Болат

§ 4. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын калаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк пен Ш. Л. Монтескье атап көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
АҚШ Конституциясы авторларынын бірі Дж. Мэдисон (1751— 1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы болуынан қалады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процестің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдық және ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.
Қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени жөне т.б. көптеген мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады. Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың (отбасылық, этникалық, мамандық, діни, аймақтық және т.с.с.) өкілі болып табылады. Ол сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті - қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.
Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бенши (1870— 1957). Ол кең мағынасындағы мемлекеттің мақсаты - саяси процеске әр түрлі топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты "түнгі күзетші" ретінде емес, топтың мүдделер күресіне бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде қарайды.
Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі - биліктің араласуы, сіңуі (диффузиялануы), яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен конгрестің арасында ғана емес, орталықтан штаттарға (федералдық принцип), саяси процеске қатысушы әр түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.
Демократияның төбе топ (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады.
Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім қабылдаушы кәсіби саясатқерлерге жүктеугс көздерін жеткізгілері, сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіби маман ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбе топтар өзара күресе берсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді.
Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдық теориясына ұқсас. Бірақ марксистер демократияның таптық мәніне баса көңіл бөледі.
Францияның саясатшысы М. Рокар "ақпараттық демократия" деген тұжырымдаманы шығарды. Оның ойынша, қазіргі демократия сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Соңғы кезде демократияның экономикшық теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Мысалы, Американың президенті Б. Клинтон жақында қазіргі Батыс демократиясын нарықтық демократия деп атады.
Демократияны–тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бакылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді.
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялык билік тоқтатылды. Казақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды, 1995 жылғы Конституция кабылданды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау аркылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары - еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы - сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.
Біздің Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялық, кұқықтық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетілген, олар заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген.
Сонымен қатар, демократия - тарихи құбылыс. Оны бір қоғамнан екіншісіне қалай болса солай көшіре салуға болмайды. Оны осы ғасырдың 60 жылдары егемендіктерін алған "үшінші елдерді" "демократияландыру" тәжірибесі ашық көрсетті. Дамыған елдердің саяси жүйесін азаттық алған елдерге тікелей көшіруге тырысушылықтан ештеңе шыққан жоқ. Бұл сәтсіздікті ол кезде Азия - Африка елдері артта қалған, олар өркениеттілікке өсіп жетулері керек деп түсіндіріліп келді. Мәселе онда емес еді. Басқа әлеуметтік құрылымы, саяси үрдісі бар жерге өзге тәртіпті еріксізтелігеннің нәтижесі еді. Сондықтан біздің елімізде саяси, әлеуметтік, экономикалық мақсаттарды, демократиялық теориялардың даму жолдарын, оның іс жүзінде іске асқан елдердегі тәжірибелерін, туған жеріміздің бай тарихын, тамаша тағылымын, сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрпымызды, салт-санамызды, еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, демократияның өзімізге лайықты жүйесін калыптастырғанымыз ләзім.
Қоғам демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуі керек. Оған тез жету оңай емес. Дегенмен, ол өркениетті елдердің тарихи төжірибелерінен белгілі болғандықтан демократияның өз өміршеңдігін дәлелдеген рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын тезірек кіргізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. "Демократия" сөзі қазір қандай мағынаны білдіреді?
2. Демократияның белгілеріне не жатады?
3. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?
4. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?
5. Демократияның алуан түрлілігіне не жатады?
6. Демократияның төбе топ теориясы деген не?
7. Тура демократия, плебисцитарлық демократия, өкілдік демократиялардың айырмалары қандай?
8. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?
6 - т а р а у. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет