1-тарау қОҒамды ақпараттандыру мəтініндегі білімді ақпараттандыру



Дата13.09.2022
өлшемі19,49 Kb.
#149352
түріПрограмма
Байланысты:
ДТ212топ


1-ТАРАУ ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ МƏТІНІНДЕГІ БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ

    1. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану

    2. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар күн сайын білім берудің барлық саласына тереңірек еніп отыр. Бұған күнделікті ақпараттық қоғаммен жəне сəйкесінше мамандарды дайындаудың қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сонымен қатар оқу мекемелерінде қазіргі компьютерлік техника мен программалық қамтамасыз етудің кең таралуымен, мемлекеттік жəне мемлекетаралық білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларының қабылдануымен, ақпараттандыру тəжірибесін қажет ететін педагогтар санының артуымен байланысты ішкі факторлар əсер етуде. Бірқатар жағдайда ақпараттандыру құралдарын қолдану мектеп мұғалімдерінің еңбек ынтасын арттыруға жағымды əсер етумен қатар, мектеп оқушыларының оқу тиімділігіне арттыруға да ықпалын тигізеді. «Технология» сөзі грек түбірінен шыққан жəне аудармада өнімді, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, бұйымдарды өңдеу мен қайта өңдеу жəне оларды қолданыстағы заттарға түрлендіру əдістері мен тəсілдері жиынтығын зерттейтін ғылым дегенді білдіреді. Қазіргі таңда бұл сөздің түсіндірмесінде практикалық тапсырмаларды шешуге арналған ғылыми жəне инженерлік білімдерді қолдану қамтылады. Олай болса ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды ақпаратты өңдеу мен түрлендіруге бағытталған технологиялар ретінде есептеуге болады. Ақпараттық жəне қатынастық технологиялар (АҚТ) – бұл ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, беру жəне тасымалдау алгоритмін жəне əртүрлі əдістерді, тəсілдерді сипаттайтын жалпылама ұғым. Бұл анықтамаға «қолдану» сөзі əдейі енгізілмеген. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану ақпараттандыру технологиясының бөлшегі болып табылатын тағы бір технология туралы айтуға мүмкіндік береді, яғни ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды білім беруде, медицинада, əскери жəне адамның басқа да іс-əрекеті саласында қолдану технологиясы. Бұл салалардың əрқайсысы ақпараттандыру технологиясына өз шектеулері мен ерекшеліктерін жинақтайды. Мысал ретінде 12 ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар ретінде қарастырылатын Интернет технологиясын келтіруге болады. Алайда мектеп оқушыларын оқытуда Интернетті қолдану технологиясын ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар ретінде емес, жалпы білім беретін орта білім беруді ақпараттандыру технологиясы ретінде есептеуге болады. Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымы білім беру жүйесінде ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану технологиясына қарағанда, мейлінше кең ауқымды екендігін түсіну маңызды. Бұл ұғым білім беруді ақпараттандыру мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тəсілдердің, əдістердің барлық жиынтығын қамтиды. Мəселен, білім беруді ақпараттандыру технологияларына білім беру қызметіне арналған ақпараттық ресурстарды дайындау əдістері мен сапасын бағалау, педагогтарды өзінің кəсіби іс-əрекетінде ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды тиімді қолдануға оқыту тəсілдері жатуы мүмкін. Жалпы білім беретін орта білім беру саласында қолданылатын Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының негізінде перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер жатыр. Компьютердің мүмкіндіктері оған енгізілген программалық қамтамасыз етумен анықталады. Программалық құралдардың негізгі категориялары жүйелік программалар, қолданбалы программалар жəне аспаптық құралдар. Жүйелік программаларға компьютердің жабдықтарымен жəне пайдаланушымен өзара əрекетін қамтамасыз ететін операциялық жүйелер, сонымен қатар түрлі қызметтік немесе сервистік программалар жатады. Қолданбалы программаларға ақпараттық техологиялардың құрал-саймандары болатын программалық қамтамасыз етулер – мəтінмен, графикамен, кестелік мəліметтермен жəне т.б. жұмыс технологиялары жатады. Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз етуді дайындауға арналған программалар жатады. Жалпы білім беретін орта білім беру жүйесінде əмбебап офистік қолданбалы программалар мен ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар құралдары мəтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайындау программалары, мəліметтер қорын басқару жүйелері, органайзерлер, графикалық пакеттер жəне т.б. кеңінен таралған. 13 Компьютерлік желілердің пайда болуымен мектеп оқушылары жəне мұғалімдер жер шарының кез келген нүктесінен ақпаратты тез алу жаңа мүмкіндігіне ие болды. Басты телекомуникациялық желі Интернет арқылы əлемдік ақпараттық ресурстарға (электронды кітапхана, мəліметтер қоры, файлдарды сақтау орны, жəне т.б.) қолжетімділік деңгейі мүмкін болды. Интернет танымал ресурсында – WWW бүкілəлемдік өрнекте бірнеше миллиард мультимедиалық құжаттар жарияланған. Телеқатынастық желі Интернет қолжетімді жəне бұдан басқа адамға қажетті ақпаратпен алмасуға жəне қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін кең таралған сервистер, əсіресе электронды пошта, ICQ, жіберу тізімі, жаңалықтар топтары, чат. Нақты уақыт режимінде қарым-қатынас жасауға арналған арнайы программалар дайындалған, сондай-ақ олар байланыс орнатылғаннан кейін мəтіндерді, дыбыстарды жəне бейнелерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл программалар пайдаланушылардың жеке компьютерде орнатылған программамен жеке жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мəліметтерді сығымдаудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуымен компьютерлік желі бойынша тасымалдауға арналған дыбыс сапасы айтарлықтай артты жəне телефон желісіндегі дыбыс сапасына жақындай түсті. Бұның салдарынан жаңа технология – Интернет телефония белсенді дами бастады. Арнайы құрылғылардың жəне Интернет желісі арқылы программалық қамтамасыз етудің көмегімен аудио жəне бейнеконференция жүргізуге болады. Компьютерлік желілерде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз ету үшін ақпаратты іздеу технологиясы қолданылады, оның мақсаты – басты компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар туралы мəліметтерді жинау жəне пайдаланушыларға ақпаратты жылдам іздеу мүмкіндігін беру. Іздеу жүйелерінің көмегімен əлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиалық файлдарды жəне программалық қамтамасыз етуді, мекемелер мен адамдардың мекенжай ақпаратын іздеуге болады. Нақты уақыт жағдайында Ақпараттық-қатынастық технологиялар желі құралдарының көмегімен оқу-əдістемелік жəне ғылыми ақпаратқа, жедел көмек, ғылыми-зерттеу іс-əрекетін модельдеу, виртуалды оқу сабақтарын (дəріс, семинар) жүргізуге қолжетімділік деңгейі артты. Маңызды ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар санына бейнежазба жəне теледидар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет