1 тарау Түрік қағанаты



бет52/57
Дата07.02.2022
өлшемі140,41 Kb.
#92947
түріҚұрамы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Конспект сұрақтар

  1. Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы:

  2. Қазыбек бидің жастық шағы өткен жер:

  3. Төле би өз өмірін арнады:

  4. “Жарғы” сөзінің қазақша ұғымы:

  5. 1710 жылғы Қарақұм жиынында талқыланған мәселе:

  6. Жоңғар феодалдарының Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған уақыты:

  7. Тәуке ханның басты мақсаты:

  8. Битөбе мен Күлтөбеде өткізілді:

  9. Тәуке хан тұсында соттық мансапты атқарды:

  10. Тәуке хан тұсында хандық кеңесте негізгі рөлді атқарды:

  11. Тәуке ханның ел басқарған кезі:

  12. 1680 жылы жоңғарлар басып алған қалалар:

  13. Жәңгір ханға Самарқаннан көмекке келген батыр:

  14. Орбұлақ шайқасы болған жер:

  15. Ерлік істері көрші елдерге аңыз болып тараған қазақтың ханы:

8 тарау Қазақ мемлекетінің 16-17 ғ әлеуметтік экономикалық жағдайы Қазақ хандығының мемлекеттік әкімшілік құрлымы
Конспект
Қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттың қалыптасу барысында ұлттық басқару жүйесінің қажеттілігі туындады. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды. Ауылдық басқару, ата-аймақ, рулық басқару, ұлыстық билік, жүздік билік, хандық билік, құрылтай немесе мәслихат. Ауылдық басқару туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралды. Ауылды ауылнай немесе ауылбасы басқарған. Ата-аймақ бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды. Бұл ұйымды ақсақал басқарған. Ру он немесе он бес аймақтан құралған. Ру басшысын ру биі немесе рубасы деп атаған. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі ұлыс сұлтанының немесе ханның қолында болды. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі болып есептеледі. Жүздің биі ордаби деп аталған. Хандық үш жүзден құралды. Ұлы жүз аумағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Орта жүз аумағы – Орталық жəне Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Кіші жүз аумағы – Батыс Қазақстан. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды.
Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі – Құрылтай (Мəслихат). Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселені талқылауға үш жүздің азаматтары құрылтайға түгел қатысады. Хан тағына малы көп шонжар-сұлтандар сайланды. Сонымен бірге хан болып сайлану үшін Шыңғыстың ұрпағы болу басты талап болды.
16-17 ғасырларда қазақ халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Қазақ қоғамында бас бостандығы жоқ құлдар мен күңдер де болған. Оларда ешбір құқық болмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет