1. Тәжірбе базасымен, шаруашылық қызметімен, бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен танысу



бет3/6
Дата25.01.2022
өлшемі50,25 Kb.
#114381
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
PRAKTIKA OTChET (1) (копия)

3.Дебиторлық берешекті есепке алу.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы  кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын)  уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі  «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:



  • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

  • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;

  • вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;

  • негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;

  • ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;

  • басқадай дебиторлық берешектер.

Шаруашылық операциялардың нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттік мекеменің дебиторлық берешегі басқа мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қосқанда басқа тұлғалардан тиесілі сома ретінде анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет