Әдетте оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі түрдегі ұсынылған есептерден гөрі, ойын түрінде немесе мультфильм, ертегі кейіпкерлерін пайдаланып құрастырылған есептерді қолдану анағұрлым тиімдірек болады. Сол себептен, келесі тапсырманы осындай есептің мысалы ретінде ұсынып отырмыз.
2-сабақ үлгісі.
Бұл тапсырманы (2-сурет) да дайындау үшін Ресурстар Кітапханасы қолданылады. Жалпы дайындау әдісі қарапайым: алдымен фон таңдалынады, содан соң Жалпы суреттер бөлімінен Транспорт және теміржол бөлімі, одан қажет суретті тышқанмен шертіп, флипчарт бетіне сүйреу керек. Ал сандар мен арифметикалық өрнектерді Мәтін (Текст) құралы көмегімен жазуға болады. Сонымен қатар, бұл тапсырманы әлде де күрделендіру үшін суреттегі балаларға ат қоюға, тарсырмалар санын көбейтуге, есеп мазмұнын ертегі түрінде құрастыруға, т.с.с. қосуға болады.
2-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |