12-сурет
11-сабақ үлгісі. Сабақ барысында оқушыларды сергіту мақсатында сөзжұмбақ шешу – ертеден келе жатқан әдіс. Сол себептен бір сөзжұмбақты мысал ретінде ұсынып отырмыз (13-сурет). Ал, дайындау әдісі қарапайым: Ресурстар Кітапханасынан фон таңдап, Қалам модификаторы арқылы төркөздерді жасап, Мәтін құралымен сұрақтар жазылады.
13-сурет
№15 Зертханалық сабақ
Тақырыбы: «Тармақталу алгоритмі» тақырыбы бойынша
сабақ өткізуге арналған флипчарт дайындау үлгісі
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мен пәнге қызығушылығын ояту мақсатында, өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, 4-сыныпқа арналған «Тармақталу алгоритмі» тақырыбына дайындалған флипчарт үлгісін ұсынып отырмыз.
Флипчарт құрылымы:
1-бет. Тақырып және жоспар жазылған бет.
2-бет. Өткенді қайталауға арналған бет.
3-бет. Жаңа сабақты түсіндіруге арналған бет.
4-бет. Жаңа сабақты пысықатуға арналған мысал.
5-бет. Тапсырма беті.
Флипчарттың 1-беті (14-сурет) сабақ тақырыбынан және «Өткенді қайталау», «Жаңа сабақ» және «Тапсырмалар» деп аталатын сілтемелерден тұрады. Бұл парақты дайындау үшін Қалам құралы мен Ресурстар Кітапханасы пайдаланылды. «Өткенді қайталау» сөзін шерткенде 2-бет ашылу керек. Ол үшін осы мәтінге 2 рет шертіп, Қасиеттер панеліндегі «Әрекеттер» бөлімінен басқа бетке сілтеме жасауды баптау барысында 2-ші бетті көрсетеміз.
14-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |