Тәрбиенің заңдылықтары:
Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.
Тәрбие мен өзін – өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін – өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Тәрбие іс – әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс – әрекетіне байланысты. Іс – әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс – әрекеттері т.б. жатады.
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын
т.б. жасағанда;
ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері;
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.
Қабілет – адамның түрлі іс – әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |