1. Тәрбиелік іс-шаралар өткізу әдістемесі


Тәрбиені ұйымдастыру формасы



бет4/10
Дата08.02.2022
өлшемі29,25 Kb.
#119752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тарб 5

2. Тәрбиені ұйымдастыру формасы.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылыпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді. Белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды»- тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым» - дөңгелек үстел, «Батыл да, күшті, ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастырылу тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: "Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлеміндс өмір сүруі міндетті". Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелегсн оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мсн кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке-дара топтық, көпшілікформалары) және төрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой, адамгершілік, эстетика- лық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық жіктеу ұсынылады. Ол мынандай болады:
I. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газстін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек азаматтарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және
жауынгерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру тақырыптық, шолулық, жедел хабар,
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды үйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жүмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас әңгіме түрінде тәрбие жүмыстарын үйымдастыру.
8 .Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетболэ футбол, шаңгы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмаңдар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектепгегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.
12. Үйірме жүмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
13. "Атамекен" бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін атап өту,
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын үйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жүмыстарын үйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы. жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын үйымдастыру.
20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жүмысына қатысу.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады. Олай болса сынып жетекшісі өзінің негізгі кызметін жүзеге асыруда оқушылармен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар, ең алдымен оқушылардың әртүрлі әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруғаболады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындақтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегіәрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, енбек, шығармашылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет