1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)



Дата31.01.2018
өлшемі67,43 Kb.
#36990
1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (7)
8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)
20.Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)
ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар
1.Екпін түрі нешеу? (4)
2.Үндестік заңы нешеу? (2)
3.Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
4.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)
5.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
6.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7.Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
8.Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
9.Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)
10.Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11.«Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
12.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
13.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
14.Дауыстылардың саны қанша? (12)
15.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)
16.Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
17.Қосымша нешеу? (екеу)
18.Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
19.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)
20.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)
І турдың қорытындысын тыңдау

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ТЫС ШАРА


«Білгірлер сайысы»

Шараның мақсаттары: 
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту; 
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; 
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау. 

Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру, 

Шараның түрі: сайыс 
Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица, сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар, Ы.Алтынсариннің портреті мен сөздері.

Шараның эпиграфы: 
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, 
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. 
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- 
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
 

Шараның барысы: 
1.Кіріспе. 
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу. 
Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа әр сыныптан 6 оқушыдан қатысады.Тапсырма саны-9,әр кезең сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады. Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады, солардың арасынан жеңімпаз анықталады. Біздің сайысының әділ қазылар алқасылары болады. Олар, осы сайысының кезеңдеріне дұрыс жауаптар берген оқушылардың ұпайларын бақылап қосады да, соңында жеңімпаз оқушыны анықтап, марапаттайды. 
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 
1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-5 ұпай; 
2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-10 ұпай;
3. Полиглот-10 ұпай; 
4. Сөз құру-1 ұпай;
5. Тақырыптық әңгіме құру-10 ұпай;
7. Сөздердің антонимдерін тап және аудар-1 ұпай; 
8. Мақалды аяқта-5*3- 5 ұпай;
 
9. «Жорға»-әр жауапқа 5 ұпайдан.



3.Сайыстың жүруі: 
1-кезең «Бәйге». 
Сайыскерлердің қолында оған берілген өз саны.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер өз сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.Ең аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады.
1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев) 
2.Абайдың шын аты? (Ыбырай) 
3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7) 
4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы) 
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден) 
6. «Главные члены предложения» қазақша қалай болады? (тұрлаулы сөйлем мүшелері) 
7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан) 
8.Қыста не жауады,не сөғады? (қар,боран) 
9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда) 
10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?) 
11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?) 
12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер) 
13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім?
(Әл-Фараби) 
14.Есімдік дегеніміз не? (Местоимение-правило, полный ответ) 
15.Бір жылда неше күн бар? (365) 
16.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін атаңдар?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) 
17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) 
18.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? (нақ осы шақ, ауыспалы келер шақ, өткен жедел шақ) 
19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) 
20.Қазақ тілінің қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар? (дауысты-15, дауыссыз-25)
2-кезең «Шешуін тап». 
Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. 
1.Тұзда бар,суда жоқ. 
Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 
2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ. 
Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ) 
3.Үйде бар,шиде жоқ. 
Күйде бар,биде жоқ. (ү) 
4.Қазда бар,үйректе жоқ. 
Құрда бар,шілде жоқ. (қ) 
5.Дәнде бар,елде жоқ. 
Сәнде бар,селде жоқ. (ә) 
6.Бірде бар,үште жоқ. 
Екіде бар,бесте жоқ. (і) 
7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ. 
Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ) 
8.Шөлде бар,далада жоқ. 
Көлде бар,теңізде жоқ. (ө) 
9.Қайсы әріп қасарып, 
Көнбейтін болуға бас әріп? (ң) 
3-кезең «Полиглот». 
Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 10 ұпайдан,жиыны- 20 ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам. Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды- ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ және орыс тілдеріне аударыңдар. 
Ш.С.орысша
4-кезең. «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрулары қажет,ең аз сөз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі ҮІІ тур “Жекпе жек”
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)

7-кезең 
Сайыскерлер сөздердің антонимдерін жазып айтады. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін және олардың аудармасын айту қажет. участники находят и озвучивают антонимы данных им слов, с переводом/
1.Сөздердің антонимдерін табыңыз 
1.жаңа –ескі
2.бүгін - кеше
3.жақсы –жаман
4.тар – кең

5.күн-түн

6. қысқа-ұзын

7. жақсылық –жамандық


2.Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.аз – көп
2.биік - аласа
3.кішкентай – үлкен
4.ерте –кеш
5.алыс-жақын

6. аш-жап


7.кедей – бай
8 –кезең. «Мақалды аяқта» 
№1. На интерактивн доске
1.Өмір-үлкен ..... (мектеп) 
2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз) 
3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)

2
3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)
2.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта) 
9 –кезең. «Жорға» 
Қалған екі сайыскер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады. 
1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 
1.Тілдер күні (22 қыркүйек) 
2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт) 
3.Республика астанасы (Астана қаласы) 
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ) 
5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ) 
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі) 
7.Кабинет истории (тарих кабинеті) 
8.Біздің аудан атауы (Атбасар) 
9.Бала оқытатын адам (мұғалім) 
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).
2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 
1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) 
2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы) 
3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы) 
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз) 
5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір) 
6. Аптаның соңғы күні (жексенбі) 
7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті) 
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер) 
9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен) 
10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков).

Қазылар алқасыларға сөз беріледі. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады. Қатысушылар қатысқандары үшін «Сертификат» алады .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет