3.Арнайы мектеп жүйесі, мақсат-міндеттері, мазмұны. Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық – тарихи тәжірбиесімен танысады, зерттейтді, қоршаған әлемді таниды. Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар. Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әркеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады. Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасқан және дамудың қарқынын үдетеді. Оқыту процесінің құрылымы таным процесінің негізгі кезендеріне сәйкес келеді: — сезіммен қабылдау, — абстрактілі ойлау, — тәжірибе. Оқытуда келесі құрылымдылық бөлімдерді ажыратуға болады: оқу материалын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау, әр қайсысы бір бірімен тығыз байланысты. Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдынғы меңгерілген білімге негізделеді. Соңымен, қабылдау бір мезетте нақтылы танымдық процестің бастамасы және таным арқылы меңгергенің қорытындысы. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері: баялулығы, аз көлемі, шартыкештігі, шынайлықтан шеттеу немесе бұрмалап қабылдауы. Мұндай ерекшеліктері шынайы қабылдаудың толықтығын, нақтылығын және барабарлығын қамтамасыздандыруға бағытталған, арнайы құралдар мен тәсілдерді пайдаланудың қажеттілігін аңықтайды, нақты: — күрделі оқу материалы бөлемдерге жіктеледі; — оқыту үрдісі баяу өтеді; — оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасалады; — оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді; — сақталған, сау анализаторларға сүйену қажеттелігі. Оқу материалын саналы меңгеру – бұл күрделі процес, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын еңгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқылданған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Саналы түсінуге ((талдау, жинақтау, қорытындылау) қажетті ойлау операциялары толық жетілмеген. Сонымен қатар, заттар туралы ұғым түсініктері,сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондықан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы меңгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететің арнайы құралдар пайдалану болып табылады. Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдын бірі. Бекіту – меңгерілген білім мен икемділіктерді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемділікті біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады.