Кіріспе Өзектілігі: Соңғы жылдары қазақтың халық медицинасы туралы жиі айтыла бастады. Халық медицинасының қайта жандандыруда қажеттілігіне жұртшылықтың назары аударылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша халық медицинасы дегеніміз атадан балаға ауызша не жазбаша түрінде беріліп келе жатқан денсаулықты рухани және қоғамдық тұрғыдан аурулардың аты жөнін табуға оның алдын – алуға және жоюға бағытталған нақтылы іс әрекетің жиынтығы. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы халық емшісі дегенге былайша анықтама береді. Қолынан әртүрлі өсімдіктерден минералдық заттардан жануарлардың әртүрлі ағза мүшелерінен дәрі дәрмек жасап, сол бойынша әртүрлі ем қодана білетін сол ем домының өз ортасының қоғамдық мәдени және діни ұғымдарына сәйкес халыққа медициналық көмек бере алатын адам. Ғасырлар бойы халық өзінше дамып өзінше әдет құрған, осылайша ауру сырқаулардан құтылу жағдайында әдістер іздестірген. Біздің қазақтың халық медицинасының ерекше бір сипаты атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тек ауызша ғана жетіп келе жатқандығы мәлім.
Мақсаты: Халық емшілігінің осы заманда алатын орны мен жөн жағдайын анықтау, халық емшілігінде осы заманғы тірі ағзалардың пайдаланудың алатын орнын жөн жағдайын тиімділігін және кері әсерлерін анықтап талдау жасау;
Міндеті:
халық емшілігінде қолданылатын тірі ағзалардың түрлерін анықтау;
халық емшілерімен қазақ емшілерінде ұдайы қолданылатын дәрі-дәрмектер жинау жинау, сақтау.
Дәрілік заттарды өңдеу және дәрілер түрлерінің жасалуы туралы сұқбаттасып, деректер жинау;