1. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз


Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз



бет5/14
Дата06.01.2022
өлшемі21,6 Kb.
#110196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Документ (4)

5.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз.

Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер – әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз


Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Бірінші міндет-нақтыіс-әрекеттен болатын қауіп – қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.
Бұл шаралар қауіп – қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).
Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет