1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Кинематика», «Динамика» және «Статика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



Дата08.02.2022
өлшемі48,16 Kb.
#122972
Байланысты:
бжб10фг


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Кинематика», «Динамика» және «Статика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары: 10.1.1.3 - қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау ;
10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау;
10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру
Бағалау критерийі:
Білім алушы: -Қисықсызықты қозғалысты сипаттайды ;
- Көкжиекке бұрыш жасай лақытырылған дене қозғалысын сипаттайды;
- Денелердің тепе-теңдігін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Білу, түсіну, қолдану
Орындау уақыты: 30 минут

Тапсырмалар

  1. Кір жуғыш машинаның барабаны 1 минутта 1200 айналым жасайды. Барабанның диаметрі 30 см.

(a) Радианға анықтама беріңіз.
(b) Есептеңіз:
(i) Барабанның айналу периодын;
(ii) Жиілігін;
(iii) Бұрыштық жылдамдығын;
(iv) Сызықтық жылдамдығын.

Массасы 2,5 кг болатын снаряд суретте көрсетілгендей қабырғаға қарай атылды.












14 м/с

400

15 м

  1. Қанша уақыттан соң снаряд қабырғаға тиеді?

В) Снаряд қабырғаға қандай жылдамдықпен соғылады?

3 . Жеңіл PQR үшбұрышы қатты пластиктен жасалған. P бұрышы арқылы айналу осі өтеді.


Q 5 Н
P

1 сурет
Айналу осі R

а) 1-суретте көрсетілгендей Q нүктесіне 5 Н горизонталь күш әсер етеді. Күш әсерінің нәтижесінде қандай процесс болатынын тұжырымдаңыз.

b) Басқа екінші жағдайда пластик бөлігіне 2-суретте көрсетілгендей екі горизонталь 5 Н күштер әсер етеді.



Q 5 H




P
2 сурет


Айналу осі R 5 H


  1. Күштер әсерінің нәтижесінде пластик бөлігімен қандай процесс болатынын сипаттаңыз.

  2. Егер дене тепе-теңдікте тұрса, онда айналу осі тарапынан пластик бөлігіне әсер ететін күштің бағытын 2-суретке стрелкамен сызып көрсетіңіз және бұл күштің сан мәнін жазыңыз.



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дискриптор

Балл

Білім алушы

Қисықсызықты қозғалысты сипаттайды

1

радианға анықтама береді

1

барабанның периодын есептейді;

1

айналу жиілігін анықтайды

1

бұрыштық жылдамдықты есептейді

1

сызықтық жылдамдықты анықтайды

1

Көкжиекке бұрыш жасай лақытырылған дене қозғалысын сипаттайды

2

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау теңдеуін жазады

1

қабырғаға соғылу уақытын анықтайды;

1

дененің соғылу жылдамдығын есептейді.

1

Денелердің тепе-теңдігін сипаттайды



Денеге түсірілген күш әсерін сипаттайд

1



екінші жағдайдағы денеге түсірілген күш әсерін сипаттайды

1

күш моменті ұғымын сипаттайды

1

дененің тепе-теңдігін сипаттайды

1

күш векторы мен модулін анықтайды

1

Жалпы балл

13


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет