«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Орындау уақыты: 40 минут Балл саны:16 Тапсырма Мерзімі: --------------------------------------------------------------------------------------
Тыңдалым және айтылым (6)
1. Суреттерге қарап, мәтіннің не туралы болатынын болжа және ойыңды дәлелде.
• Сен тұратын аймақта қандай сәулет ескерткіштері бар? Олар туралы не білесің? Әңгімеле.
Оқылым (5)
А. Темірбайдың уақыт туралы өлеңінен алынған үзіндіні түсініп оқы.
Қайтарылмайды бұл уақыт, Қайталанбайды бұл уақыт, Таппайсың, ертең іздесең, Қайта оралмайды бұл уақыт.
Уақыт-ай, уақыт, зырлайды, Артына мойнын бұрмайды. Кешіксең, бітті, ол сені, Бір секунд күтіп тұрмайды.
Біреудің күні өтпейді,
Біреуге уақыт жетпейді.
Есептеп үйрен уақытты,
Еңбегің зая кетпейді.
Бұл өмір деген – қас қағым
Өтер де кетер жас шағың!
Сыйлатқың келсе өзіңді,
Уақытын сыйла басқаның
.
Ойлама бәрін білем деп,
Шалқып та тасып жүрем деп.
Уақытың –алтын қазынаң,
Жұмсауың керек үнемдеп.
Өзіңді - өзің алдама,
Уақытты салма саудаға.
Өткізе бермей жай ғана, Уақытты жарат пайдаңа.
Достарыңызбен бөлісу: |