1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау БЖБ №1 Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты:3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Ойлау дағдыларының деңгейі:Қолдану
Орындау уақыты 20 минут Балл саны: 8 Тапсырма Мерзімі: ------------------------------------------------------------------- 1-тапсырма Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Осыдан кейін не болуы мүмкін? Араша
2-тапсырма Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып, жоспар бойынша «Араша» тақырыбына әңгіме құрап айт.