1 тоқсан бойынша жинақТЫҚ бағалауға арналған тапсырмалар



Дата07.02.2022
өлшемі21,13 Kb.
#90165
Байланысты:
СОР 5 сынып Word


1 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИНАҚТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Натурал сандар және сатурал сандардың бөлінгіштігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып:

  • Арифметикалық амалдардың қасиеттері.

  • Теңдеу және оны шешу;

  • Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері;

  • 2,3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері;

  • Құрама сандарды жай сандарға жіктеу;

Оқу мақсаты:

  • Санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану;

  • Белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;

  • Санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;

  • Натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдану;

  • Құрама сандарды жай сандарға жіктеу тәсілдерін қолдана алады;

Тапсырмалар:

  1. Өрнектің мәнін тиімді әдіспен табыңыз: 2 балл

  1. 625:(1053:9-29*4)+3750:30=


Дескриптор: Білім алушы




  1. Теңдеуді шешіңіз және тексеруді орындаңыз: 24+(78-m)=36 4 балл


Дескриптор: Білім алушы

  • Қосу амалының белгісіз компонентін табу ережесін қолданады; (1 балл)

  • Азайту амалының белгісіз компонентін табу ережесін қолданады; (1 балл)

  • Айнымалының мәнін табады; (1 балл)

  • Тексеруді орындайды; (1 балл)




  1. 5, 21,25, 42,80 сандарынан: 3 балл

  1. 5 – ке еселік:

  2. 100- дің бөлгіштерін:

  3. 42 санының бөлгіштері болмайтын:

Дескриптор: Білім алушы

  • 5 – ке еселік болатын сандарды теріп жазады: (1 балл)

  • 100- дің бөлгіштерін болатын сандарды теріп жазады: (1 балл)

  • 42 санының бөлгіштері болмайтын сандарды теріп жазады: (1 балл)



  1. 123, 404, 355, 800, 873, 495, 690 сандарынан: 5 балл

  1. 2 -ге бөлінетіндерін:

  2. 3 - ке бөлінетіндерін:

  3. 5- ке бөлінетіндерін:

  4. 9- ға бөлінетіндерін:

  5. 10 –ға бөлінетіндерін:

Дескриптор: Білім алушы

  • 2 -ге бөлінетін сандарды теріп жазады: (1 балл)

  • 3 - ке бөлінетін сандарды теріп жазады: (1 балл)

  • 5- ке бөлінетін сандарды теріп жазады: (1 балл)

  • 9- ға бөлінетін сандарды теріп жазады: (1 балл)

  • 10 –ға бөлінетін сандарды теріп жазады: (1 балл)



  1. Сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз: 2 балл

  1. 510=

  2. 783=

Дескриптор: Білім алушы

  • Берілген сандарды баған түрінде жіктеу; (1 балл)

  • Жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазады; (1 балл)




Балл жүйе

Бағалық жүйе

16-14 балл

«5»

13-11 балл

«4»

10-8 балл

«3»

7 балл төмен

«2»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет